Ақп 23, 2022 18:22 Asia/Almaty
  • Иранның мұражайлары (15)

Теһран Қаср мұражай бағы.Тарихы шарықтау мен құлдырауға толы бұл әсем бақ осыдан он жылға жетер-жетпес бұрын «Қаср түрмесі» атанған .

 

Бұл мұражай бақ Теһранда орналасқан және оның есігі бірнеше жылдан бері жұртшылық үшін ашық. Тарихы шарықтау мен құлдырауға толы бұл әсем бақ осыдан он жылға жетер-жетпес бұрын «Қаср түрмесі» атанған. Бірақ бұған дейін Қаджарлар дәуірінде бұл Қаджар ханзадаларының сарайы болған және «Қаджари сарайы» деп аталған. 1797 жылдан 1934 жылға дейін Иранды басқарған Иран патшасы Фатхали Шах Қаджар сарайды Теһрандағы төбеде тұрғызды. Қаср мұражайы құрамында үлкен ғимарат, бақ және павильон болды. Бұл Қаджар сарайы 1929 жылы 2003 жылға дейін жұмыс істеген түрмеге айналды. Бұл түрмені жабу туралы шешім қабылданғаннан кейін Теһран әкімшілігі бұл жерді қайта қалпына келтіріп, мұражай бақшасына айналдырды. «Қаср түрмесі» Теһрандағы орталықтандырылған бірінші түрме болып табылады,  оны Николай Марков жобалаған және 1929 жылы ашылған.

Бастапқыда түрмеде 800 тұтқынды сидыратын  192 камера болды.  Екінші Пехлеви дәуірінде Қаср түрмесі қатты дамыды және оған әртүрлі бөлімдер қосылды. Иран Ислам революциясынан кейін бұл түрме саяси емес тұтқындарды ұстайтын орынға айналды. Негізгі түрме немесе Марков түрмесі ромб тәрізді ғимарат. Қазір оның бөлімдері мұражайға айналып, қызығушылық танытқандар тамашалай алады.

Ең қызық павильондардың бірі – төбеге ескі құлаққаптар ілінген, оның бірін мұқият тыңдасақ, Мұзаффар ад-Дин Шах Қаджардың жарлығы өз дауысымен оқылады.

Ғимараттың сыртқы бөлігінде тарихи көліктердің көрмесі бар, олардың көпшілігі ирандық атақты адамдар мен заманауи саясаткерлердің көліктері. Бұл көрменің жанында тарихи және әдемі атмосферасы бар Laghante кафесінің филиалы бар.

Марков түрмесінің артқы жағында Қаджар кезеңінен қалған Пергола сарайы орналасқан. Бұл ғимарат сегіз қырлы және төбесі мен қабырғалары әдемі сылақпен қапталған. Саяси түрменің ғимараты революция мен Ислам революциясы жауынгерлерінің тарихын баяндайтын шамамен 5 мың шаршы метр аумақта орналасқан. Ғимаратта түрмелер, кітапхана, оқу орталығы және мұражай да бар. Бұл түрменің тұтқындарының арасында аятолла Талеғани, Махдави Кани, Мұхаммад Тағи Шариати, Акбар Хашеми Рафсанджани, аятолла Сейед Әли Хаменеи, Мортеза Мотаххари, Бахонар және тағы басқа тұлғалар бар. Бұл жерде тұтқындардың макеттері бар әртүрлі камераларды көріп, әртүрлі кезеңдегі түрмелердің атмосферасымен таныса аласыз. Қаср мұражайының бағы серуендеуге және осы бақтың барлық жерінен көруге болатын өнер туындыларын тамашалауға өте қолайлы орын.

 

Тегтер