Жетекшілік хадисі 3
Бүгін назарларыңызға «Жетекшілік хадисі» атты бағдарламаның келесі бөлімін ұсынып, А..ны еске алу тақырыбына тоқталамыз. А...ны зікір ету, яғни еске алу – адамның рухын жаңартатын самал.
Адамның жүрегі А..ны еске алу арқылы тазарып, қиындықтары шешіліп, өзі тыныштыққа қол жеткізеді. Құран Кәрімнің «Раад» сүресінің 28-ші аятынан: «.....»,-деп оқимыз. Қиындықтар мен ауыртпалықтар Ұлы А..ны еске алу арқылы шешіледі. А..ны ұмыту адамды осы дүниедегі негізгі мақсаттарына жеткізбей, өмірінің соңында өкінішке тірейді. Бірақ өткенге өкініп, қайғырумен қайта оралатын мүмкіндік болмайды. Зікір, яғни еске алу. А..ны зікір ету біріншіден, тіл және сөзбен мүмкін болады. Әрине жүректердің тынышталуына себеп болатындай А...ны зікір ету, яғни зікірдің мағынасын түсіну және А...ны еш уақытта ұмытпау екендігі айқын. Адам А..ны тілімен еске алғанымен оның амалдарының зікірлерімен бір емес, керісінше бір-біріне қайшы екендігін байқауға болады. Имам Садық (ғ.с.): «А...ның пенделеріне уәжіп еткен нәрселерінің бірі – Оны еске алу болып табылады»,-деп, содан соң: « Естеріңде болсын, «Субхан ..., Алхамдул...., Ля Иллаһа Илла Аллаһ және Аллаһу Акбар А..ны еске алу болғанымен Ж...ны зікір етіңдер дегенге жатпайды. Өйткені адам А..ның халалы мен харамының алдында, яғни А..ның тыйым салған және рұқсат еткен нәрселерін іс жүзінде орындауы Ж...ны ұмытпау болып саналады»,-деп қуаттайды. Келесі кезең А...ны жүрекпен еске алу. Яғни А...ға адамның жүрегімен көңіл бөлуі, көбінде мұндай ұстанымның нәтижесінде зікір тілмен айтылады. Алайда зікірдің жоғары деңгейін өмірлерінің барлық сәттерінде Ж..ны ұмытпаған, тіпті А..дан бейқам қалған сәттерін күнә деп санайтын пенделерден байқауға болады. А..ны ұмытпау ізгі істерге жігерлендіреді. Осыған орай имам Әли (ғ.с.): «А..ны еске алу – иманның тірегі және шайтанның алдауларынан қорғайды»,-деп айтқан болатын. Хазірет Әли (ғ.с.): «Әрқашан А..ны ұмытпау ең жақсы зікір»,-деп айтқан. Шын мәнінде материалдық өмірде бейқам болудың себептері көп болғандықтан шайтанның азғырулары да адамды әр тараптан қоршайды. Дұрыс жолға түсудің ең жақсы жолы А..ны пана тұтып, Оны еске алу болып табылады. А... ны зікір етуге ғибадат ету немесе Оның жаратылыстарына қызмет ету салаларындағы әрбір оң амал жатады. А... Елшісі: «А..ға ғибадат жасаған болып намаз, Құран оқып, ораза тұту арқылы А..ны еске алған адам саналады»,-деп айтқан. Имам Садық (ғ.с.): «Әр нәрсенің шегі бар. Оған жеткен кезде, соңын қабылдайды. Тек А..ны зікір етудің шегі болмайды. А..Т.. кейбір нәрселерді уәжіп етті. Солардың бірі – рамазан. Адамдар ауыздарын бұл айдың соңы Ораза айтқа дейін бекітеді. А...Т... қажылықты уәжіп етті. Қажылық жасаған әр адам оның соңына дейін жетеді. Тек А...ны зікір етудің шегі жоқ»,-деген болатын. Содан кейін «Ахзаб» сүресінің 41-42-ші аяттарын оқыды: «Әй, мүміндер! Алланы өте көп зікір етіңдер. Оны ертелі-кеш мадақтаңдар»,-деп оқыды. Содан соң: «А.. Өзін еске алу бойынша соңына жететіндей шектеу қоймады. Әкем имам Бақер (ғ.с.) А..ны көп зікір ететін. Мен қасында болдым, ол зікір айтты. Онымен бірге ас іштім, ол А..ға зікір айтты, тіпті халықпен сұхбаттасқан кезде де А..ны ұмытпайды. Мен ісі мен сөзінің бір екенін көрдім. Ол «Ля Илаһи Иля... деп, бізді жинап, күн көтерілгенше А...еске алуды және Құран оқуды білетіндерімізге соны оқуды бұйырды»,-деген.