Жетекшілік хадисі 2
Бүгін назарларыңызға «Жетекшілік хадисі» атты бағдарламаның келесі бөлімін ұсынып, «өзін-өзі тану» мәселесіне қатысты хадистерге тоқталамыз.
Адамдардың көбі табиғаттың сұлулығымен танысу үшін альпинизммен айналысып, сапарға шығады. Осыған орай кейбір уақытта өздерін қиындықтармен бетпе-бет келтіреді. Бірақ адам үшін туризмнің арасындағы ең маңыздысы өзінің ішкі дүниесіне сапар шегіп, өзінің жаратылысының сырын түсінуі болып табылады. Аталмыш сырды түсіну әлемнің сырларын түсінуден маңыздырақ. А..Т.. «Зариат» сүресінің 20-21-ші аяттарында: «Жер жүзінде нақ сенушілерге дәлелдер бар. Сондай-ақ өздеріңде де бар. Көрмейсіңдер ме?»-дейді. Сол себепті әлемді танумен қатар адамның өзін танығаны жөн. Осы мәселе «өзін-өзі тану» деп аталады. Адамның өзінтануы Ж...ны танудың бастамасы. Имам Әли (ғ.с.): «Өзін танымаған адам Ж...сын қалай таниды»,-деп айтқан болатын. Адамның ішкі жаратылысы А..ның Құдыретімен байланысты болғандықтан, адамды өзін-өзі тануға шақыру шын мәнінде Ж..шыны танып, Онымен қарым-қатынас орнатуға шақыру болып табылады. Имам Әли (ғ.с.) осы салада: «Иә, А...! Сен жүректерді Өзіңнің махаббатыңмен, ақылдарды Өзіңнің біліміңмен байланыстырдың»,-деген болатын. Расында адамның өзін-өзі тануы А...ны тануға себеп болады. Өйткені адамның болмысы А...мен байланысты. Мұндай жаратылыс өзінің Жаратушысы бола алмайды. Сондықтан адам өзін таныған кезде А...мен байланысты екендігін сезеді. Құран Кәрімнің «Фатыр» сүресінің 15-ші аятынан: «Әй, адам баласы! Аллаға мұқтажсыңдар. Алла, Ол, әр нәрседен мұңсыз, өте мақтаулы»,-деп оқимыз. Егер адам әр нәрседен бұрын өзін таныса, өзінің әлеуеті мен мүмкіндіктерінен жақсырақ пайдаланып, соларды дамыта алады. Өйткені өзін-өзі танудың басты мәселесі адамның ішкі қорларынан хабардар болу. Адам өзін-өзі тану арқылы өзі үшін нұрлы жол ашып, өзін құтқарады. Осыған орай имам Әли (ғ.с.): «Өз нәпсісін таныған әр адам оған қарсы тұрады. Ал өз нәпсісін танымаған адамның өзін еркіне жібергені»,-деп айтқан. Өзін танымаған адам жағдайы мен өзінің дамып, кемелдікке жетуіне немесе құлдырауына себеп болатын мәселелерді ажырата алмайды. Мұндай адам табиғи түрде бірте-бірте шайтан мен шаһуаттың құлы болып, рухани ләззаттың орнына шайтандық ләззаттары басымдылыққа ие болып, нәтижесінде А..дан басқаға құлшылық ететін болады. Осы салада хазірет Әли (ғ.с.)-ның көптеген рауаяттарың кездестіруге болады. Мәселен хазіреттің хадистерінің бірінде: «Мистік өзін танитын адам. Ол шайтанның айлаларынан құтқарып, А..дан алыстататын нәрселерден тазартады»,-деп айтылған. Адам өзін тану арқылы илаһи үлкен жаратылыстың ұлылығын түсініп, осы құнды гауһардан оңай айрылмауға тырысады. Ислам өзін-өзі тануды қуаттап, адамды жаратылған әлемдегі өзінің орнын дұрыс тануға жігерлендіреді. Бұл мәселенің мақсаты адамға оның өзіне лайықты жоғары орынға жетуге көмектесу. Имам Әли (ғ.с.) өзінің дана сөзінде: «Өзінің беделі мен нәпсісінің үлкендігін танитын адам дүниенің барлық сұраныстары мен ләззаттарын маңызды емес деп санайды»,-деген. Мұндай адам өзі мен өзінің болмысындағы құндылықтарын дүниедегі түкке татымайтын мүлік пен лауазымға айырбастауға келіспейді. Тек негізгі құндылықтардың ұлылығын танымайтын адамдар ғана өздерін ластап, бұзақылыққа қадам басып, адамгершіліктің пәк кеңістігінен алыстайды. Ислам адамды тәнімен қатар рухы мен материалдық емес психикаға ие деп санайды. Шын мәнінде адамның рухы мен физикалық тәні оның дамуының құралы. Адамның кемелдікке жетуі оның рухының ықтиярында. Кейбір уақыттарда адам өзінің ақиқатынан хабарсыз болып, өзінің тәні мен қалауларына көп көңіл бөледі. Өйткені адам ұйқыда қалып, өзінің кемелдігі мен бақытына қарай қадам баспайды. Имам Әли (ғ.с.) осы мәселе туралы: «Өз нәпсіңнен хабарсыз болма, өйткені өз нәпсісінен хабарсыз адам, шын мәнінде надан қалады»,-деп айтқан болатын.