Жетекшілік хадисі 1
Бүгін назарларыңызға «Жетекшілік хадисі» атты исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің әулетінің хадистерімен таныстыратын жаңа бағдарламаны ұсынамыз.
Бұл бағдарламада хадистердің маңыздылығына көңіл бөліп, оларды жеке адам мен қоғамның үлгісі ретінде пайдаланудың қажеттілігіне тоқталамыз. Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің әулеті – Құран Кәрім, яғни А...ның сөзінен нәр алған ахлақ пен руханияттың таза бұлағы және білімнің теңізі. Сондықтан әр мұсылман олардың құнды сөздерімен танысып, оларды жеке және қоғамдық өмірлерінде пайдаланғандары жөн. Осыған орай әртүрлі салалардағы А..елшісі Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазіреттің әулетінің хадистері және олардың амалдарымен таныстырып, соларды күнделікті өмір үшін үлгі ретінде ұсынуды жөн көрдік. Бүгінгі бағдарламада хадистер мен олардың тарихына тоқталамыз. Құран Кәрімнен кейінгі дінмен таныстыратын ең маңызды қайнар А..Елшісі мен хазіреттің әулетінің хадистері болып табылады. Исламның ұлық пайғамбарының ерекше болмысы, жаңа дінді жариялауы, үкімет құруы мен сөздері әрі амалдары мұсылмандардың хазіреттің сөздерін жаттап, амалдарынан үлгі алуға себеп болды. Оянған жүректерді өзіне қызықтырған хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның жақсы қасиеттері мен үлгі болатын амалдарымен қатар Құранның ақыл-кеңестері де хазіреттің сөздеріне көңіл бөлуді илаһи міндет ретінде көрсетті. Құран Кәрім «Ахзаб» сүресінің 21-ші аятында хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ды мұсылмандар үшін үлгі деп таныстырып: «Әй, мүміндер. Аллаға бойсұнып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бойсұныңдар»,-деген. Сондай-ақ «Ниса» сүресінің 59-ші аяты немесе «Ол (Пайғамбар) өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана»,-деп айтылған «Нәжм» сүресінің 3-4-ші аяттары көптеген хадистердің айтылып, олардың халықтың арасында таралуына себеп болды. Халықтың көбі күнделікті өмірлерінде хазіреттің сөзі мен амалдарынан үлгі алады. Сол себепті өзінің қысқа тарихына қарамастан мұсылмандардың қызығушылығына қарай хадис ғылымы кеңінен таралды. Исламның ұлық пайғамбары өзі өмір сүрген заманда мұсылмандарды хадистерді жаттауға жігерлендіріп: «А.. біздің сөздерді естіп, оларды жаттап, естерінде сақтап қалған адамдарды қуантады»,-деген. Сонымен қатар мұсылмандарды сөздерін таратып, үгіттеуге жігерлендіріп: «Ғылымды жазып отырып үйреніңдер»,-деп айтқан еді. Ол Имам Әли (ғ.с.)-ға келешек ұрпақтарға сақтап қалу үшін оның сөздерін жазып отыруды бұйырды. А.. Елшісі өзінің соңғы қажылығындағы маңызды құтпасынан кейін: « А..Т... менің сөзімді естіп, ойларында сақтап, содан соң естімеген адамдарға жеткізетін адамдарды риза етеді. Өзі данышпан болмаса да, ғылымды жеткізген сондай-ақ, рауаятты өзінен білімдірек адамға жеткізген ғалым-рауаятшы қандай жақсы»,-деп айтқан болатын. Бізге сенім, фикх, ахлақ, экономика, саясат және әлеумет салалары бойынша исламның ұлық пайғамбарының көптеген хадистері жетті. Оларды шиіттер мен сүнниттердің хадис кітаптарынан оқуға болады. Аталмыш хадистердің бірқатары фикх пен исламдық заңдар саласындағы рауаяттар. Өйткені мұсылмандардың жаңадан құрылған қоғамы жеке адам және қоғамға қатысты заңдарды қажет етеді. Сондықтан халықтың діни міндеттері осы заңдарға бағынады. Шариғатты толық анықтайтын Құран Кәріммен бірге пайғамбардың сөздері мен амалдары да адамдардың шариғатты үйренетін көзі болып табылады. Осыған орай пайғамбардан шариғат негіздері мен илаһи адал мен харамды анықтайтын көптеген рауаяттар айтылған. Пайғамбардың беғсатының маңызды мақсаттарының бірі жеке адам мен қоғамды тәрбиелеу болды. А... елшісі: «Мен ахлақтың ең жақсы сипаттарын кемелдікке жеткізу үшін пайғамбарлық міндетке сайландым»,-деген болатын. Ахлақтық құндылықтарды тарату және жамандықтан алыстау А..елшісінің сөздері мен амалдарынан ерекше байқалады. Пайғамбардың амалдары халықтың арасында дұрыс амалдардың таралуына, сонымен қатар қоғамдағы ахлақсыз іс-әрекеттерден алыстауға себеп болды. Сол кездегі қоғамдағы ахуалдың нашар болғаны сондай, пайғамбар халыққа тіпті адамгершілік пен өнегелі болуды үйретуге мәжбүр болды. Деректер бойынша, пайғамбардың сөздерінің арасында сол заманда ахлақ пен тәрбиеге арналған хадистер басқаларынан көбірек қолданылатын. Исламның ұлық пайғамбарының кезінде исламдық үкіметтің құрылуы қоғамның барлық мақсаттарын шариғаттың мақсаттарымен сәйкестендіретін заңдарды қажет етті. Сол себепті Құран мен пайғамбардың сөздерінен фикх және құқық заңдарын табуға болады. Мұсылмандардың сенімінде пайғамбардың хадистерінің маңызды орынға ие болуын пайдаланып, кейбіреулер хазіреттің атынан жалған хадистер шығарған. Пайғамбар өз заманында мұндай ағымдармен шынайы күресіп: «Кімде-кім мен туралы қасақана өтірік айтса, тозақ отына түседі»,-деген болатын. Пағамбар мен хазірет әулетінен кейін исламның әйгілі ғалымдары әрқашан бұл үлкен қатерге көңіл бөлген. Олар әртүрлі жолдар арқылы, мәселен хадистерді талқылау, әділ рауаятшыларды таныстыру арқылы жалған хадистерді анықтап, хадистердің дұрыс нұсқаларын ұсынатын. Осыған орай осы кезде көбінде шиіттердің хадис кітаптарында кездесетін хадистердің дұрыс болу ықтималы жоғары.