Maм 07, 2022 17:37 Asia/Almaty
  • Құраннан үйренейік (11)

"Бақара" сүресінің 4-ші және 5-ші аяттары.

«Бақара» сүресінің 4-ші аяты:

«وَالَّذِینَ یُؤْمِنُونَ بِمَآ أُنزِلَ إِلَیْکَ وَمَآ أُنْزِلَ مِن قَبْلِکَ وَبِالْأَخِرَةِ هُمْ یُوقِنُونَ»

«(Мұхаммед с.ғ.с.) олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрыңғы түсірілгенге сенеді және ақыретке анық нанады».

Уахи – тақуалардың сенетінін білудің бір жолы. Алдыңғы аятта адамды тану жолы сезіммен шектелмейді және сезім әлемінен тыс дүние бар дедік. Оның бар екендігіне себеп куәландырады. Бірақ зерде дүниені дәл білуге ​​қауқарсыз. Сондықтан Алла уахи жіберу арқылы білімімізді толықтырады. Ақыл Алла бар дейді, бірақ уаһи,   Алланың сипаттарын айтады. Ақыл адамның жазасы мен сыйы үшін жалпыға бірдей сот құру керек дейді. Уаһи кітабында осындай сипаттарға ие қиямет бар екені айтылған. Демек, ақыл мен уахи бірін-бірі толықтырушы, иманды адамдар оның екеуінен де пайдаланады. Уахи тек Ислам пайғамбарына ғана тән емес, бірақ барлық пайғамбарларға Алланың сөзі арқылы үндеу жасалған. Тақуа адамдарда бұрынғы пайғамбарларды жоққа шығарып, тек Ислам пайғамбарын ғана қабылдайтын орынсыз теріс пікір жоқ. Ақырет дүниесі ғайып істердің бірі, оның дұрыс танылуы тек уахи арқылы мүмкін болады, сондықтан мүміндер осы негізде қияметке ​​сенеді және өлімді өз істерінің соңы деп санамайды. Бұл аяттан алған сабақтарымыз:

  1. Барлық пайғамбарлардың мақсаты болған, сондықтан барлық жазбаларға иман керек.
  2. Ислам үмбеті бұрынғы кітаптарды мұрагер етеді, сондықтан оларды сақтап қалуға күш салуы керек.
  3. Қияметке ​​иман келтірудің көптеген әсерлері бар, ол дүниені адам көзінде кішірейтеді, адамды күнәдан сақтайды, пенденің амалдарын бағыттайды.

                             *****       *****      *****

                        

«Бақара» сүресінің бесінші аяты:

أُوْلَئِکَ عَلَى هُدىً مِّن رَّبِّهِمْ وَأُوْلَئِکَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ 

«Міне солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар».

Бұл аят ең соңында илаһи нұсқауды қабылдау арқылы жететін жүрек тазалығын білдіреді. Құтқарылу – нәпсі қалауларынан құтылу және адамгершілік қасиеттердің өсіп, дамуы. Араб тілінде шаруаны «Фалах» деп атайды, өйткені ол өз ісімен тұқымның топырақ астынан шығуына және өсімдіктің өсуіне жағдай жасайды. Құтқару – адамның кемелдігінің ең жоғарғы сатысы. Өйткені Құран аяттары бойынша әлем адам баласы үшін және адам ғибадат пен тақуалыққа жету, құлшылық ету үшін жаратылған. Бұл аят тақуалардың құтқарылатынын айтады.

Бұл аяттан мыңаны үйренеміз:

  1. Бақытқа жету жолы – илаһи нұсқауды қабылдау.
  2. Құтқарылу күш-жігерсіз мүмкін емес, ол үшін білім де, иман да, ізгі амал да қажет.

 

 

   

 

 

 

Тегтер