Maм 09, 2022 15:45 Asia/Almaty
  • Құранда аталған әйелдер (13)

Қасиетті Құран тұрғысынан әйелдер өмірінің әртүрлі жақтарына назар аудару өте маңызды.

 

Құран Кәрімнің әсем аяттары ерлер мен әйелдердің анық және мөлдір бейнесін ұсынады және ол барлық жалған болжамдарды жоққа шығарады. Құранда әйел – рухани және қасиетті тұлға. Осыған орай Құранда адам баласы олардан үлгі алу үшін әйелдер туралы әдемі де шынайы оқиғалар баяндалған. Бұл жолы Құран  сөгіспен атап өткен әйелдердің біріне тоқталамыз.  Умм Джәмил -   осы әйелдердің бірі. Ақиқат пен ізгілікке шақыру үшін от пен бүлік қоздырып, күйеуімен теріс жолда ынтымақтасты.  Ол – бұзылған адамның символы. Ол шыңдықпен күресіп, соңында өз әрекетіне тең тағдырға ие болды. Құран Кәрімнің пікірінше,  әйел ер  сияқты өзінің  табиғи болмысын кемелдік пен шығармашылық жолында пайдалана алады және қолдануы керек. Ол өз тағдырын таңдауда және ойлауда тәуелсіздікке ие болса да, не болып жатқанын парасаттылық пен логика қабылдап, оның бақыты мен әл-ауқатына себеп болуы керек.

Алла елшісі (с.ғ.с.) адамдарды Исламға шақырған кезде көптеген қиындықтарға кезікті. Жағымсыз оқиғалардың құйындары оның жақынын шарпыды. Мүшріктер мен пұтқа табынушылар   мұсылмандарды қудалау үшін бар күшін аямады. Хазірет Алла Тағаланың оған сый еткен сабырымен, жәрдемімен бұл   қиыншылықтарға төзіп, өзінің ауыр борышы мен миссиясын бір сәтке де тастамады. Исламның ардақты пайғамбарына Алла Тағаланың халықты ашық шақыру туралы бұйрығы жеткізілді. Енді Алла елшісінің міндеті одан да ауыр болды. Мекке қаласының кеңістігінде, егер кімде-кім кәпірлердің зұлым және көпқұдайшылдық идеяларына қарсы болса, жиіркенішті болатын еді. Бірқұдайшылдыққа бет бұрып, пұтқа табынушылықтан алыстау  туралы ашық айту  тіпті мүмкін емес болды. Бірақ Исламның ұлық пайғамбары бұл жағдайдан қорықпады. Осы мақсатта ол өзінің жәннәттік шақыруы үшін Саба тауын таңдап, халықты сол жерге шақырды. Содан соң: «Кім құтқарылғысы келсе, Алла жалғыз, Одан басқа тәңір жоқ деп айтсын»,- деп жариялады. Халықтың толқуы артып, барлығы қарсылығын білдірді. Пұтқа табынушы жетекшілері, олардың ішінде Пайғамбардың (с.ғ.с.) ағасы Әбу Ләһаб  қатты ашуланып, қарсылықтары мен жиреніштерін Пайғамбарды қорлау және келемеждеу арқылы көрсетті. Әбу Ләһаб Пайғамбарға жеккөрінішін білдіріп: «Өлім саған. Бізге естірту үшін жинаған маңызды жаңалық осы болды ма? Сен қалай біздің құдайларымызға тіл тигіздің?  Біз сені адал деп білдік, бірақ осыдан кейін  жынды деп атаймыз»,- деді. Бірқатар адамдар Әбу Ләһабпен келісімін білдіру үшін сөйлеп, Пайғамбардың әрекетін қабылдамады. Кейбіреулері үндемей, ойға батып, жүректеріндегі шындықты іздеуші ар-ұждандарына сілтеме жасай отырып, Пайғамбардың сөзін растады, бірақ айтуға батылы жетпеді. Умм Джәмил – Пайғамбардың (с.ғ.с.) көкесі Әбу Ләһабтың әйелі. Ол жұбайымен бірге, тіпті одан да қаттырақ Пайғамбарға қарсы шықты. Негізінде бұл ерлі-зайыптылар Пайғамбардың ең қыңыр әрі кекшіл дұшпандарының бірі болған және олар үнемі басқаларды да хпзіретпен (с.ғ.с.) дұшпандыққа итермелейтін. Олардың үйлері Пайғамбардың (с.ғ.с.) үйінің қасында болатын, ол Ислам пайғамбарынан естіген әрбір хабарды мүшріктерге жеткізіп тұратын.  Сонымен қатар Умм Джәмил күйеуін Пайғамбарды көбірек қорлауға мәжбүр етті. Ол тіпті Пайғамбардың атын да өзгертіп, оны көрген бойда сөйлеушіге ештеңе айтудан және оған арсыздық айтудан тайынбады. Ол тіпті Пайғамбардың атын да өзгертіп, хазіретті көрген кезде айтудан тайынбады. Умм Джәмил Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) және басқа да мұсылмандарды азаптау  үшін қатты қиналып шөлден тікенді теріп,   пальма жапырақтарымен байлап, иығына артып, қалаға тасымалдып, аяқтарына қадалсын деп, Пайғамбардың жолына тастайтын. Ол бұл ісін тікен тасымалдаушы атанғанша дейін іске асырды. Әбу Ләһаб та Пайғамбарды көрген сайын соңынан еріп, Алла елшісіне қарай топырақ пен тас лақтырды. Ол Алла елшісі хабарын жеткізген кез келген жерге келіп, өткір тілімен, жағымсыз қимылдарымен ортаны дүрліктіретін. Ол өз әрекетімен хазіреттің сөзін халыққа естіртпеуді көздеді. Бұл ерлі-зайыптылардың отбасылық өмірінде зұлымдық пен арамдықтан басқа мақсаты болмаған сияқты. Умм Жәмил өзін ақсүйектер әулеті санап, Ислам діні уағыздаған адам баласының теңдігін қабылдамады. Ол шыңдықты қабылдамай, оған қарсы күрескені үшін мәңгі қарғысқа ұшырады, жаратылыс сахнасында оның есімі зұлымдық ретінде жазылып, шайтанға серік болғаны, нәпсісіне   ергені үшін үнемі айыпталды. Сондықтан Алла Тағала «Тәббәт» сүресінде: «Әбу Ләһаптің екі қолы құрысын! Құрыды да. Оның малы да кәсібі де өзіне пайда бермеді. Ол, жалындаған отқа кіреді. Әйелі, отын көтеріп кіреді. Оның мойнында есілген арқан болады»,- деді.

 

Әбу Ләһабтың әйелі ақиқатты қабылдап, Әби Ләһабтың ақиқатқа деген өшпенділігін азайтуда тиімді рөл атқара алатын. Бірақ ол өзі надандығы мен тәкаппарлығының құрбаны болып, қиямет күні дәл осылай тозаққа кіреді. Тікен мен отын жинап, Пайғамбарды азаптау арқылы хазіретке (с.ғ.с.) парызын орындауға кедергі келтіріп, басқалардың  ақиқатқа деген өшпенділік отын тұтатты,  сөйтіп тозақ отына түсуіне жағдай тудырды. Әрине ақиқатқа теріс бұрылу мен өзімшілдік тозақ отына түсуден басқа нәтижеге әкелмейді. Құран  бұл мәселені Лут пен Нұхтың әйелдері туралы ескерткен. Олар нағыз пайғамбарлардың жұбайы болғанымен,  қыңырлық пен бағынбаушылықпен олар жұбайларының заңдылығы мен руханилығын түсіне алмады және өздері құтқарылатын жолға түсе алмады. 

Қасиетті Құран тұрғысынан әйелдер өмірінің әртүрлі жақтарына назар аудару өте маңызды.  Құран бұл мәселеге тек қисса айту үшін ғана тоқталмайды, кез келген қоғамның әйелдеріне дұрыс немесе бұрыс өмір салтын көрсетуге тырысады. Осылайша әйелдер өзінен бұрынғылардан тәжірибе жинақтаумен қатар, сабақ алып,  өмірлеріңде пайдаланады. Құранда әйелдердің бұл жолды ұстану арқылы бақыт жолында сеніммен жүруі үшін олардың таланттарын кемелдендіретін мысалдар келтірілген. Бұл қасиетті кітап әйелдерге бағыт-бағдар көрсетіп, тәрбиелеу үшін  тарихтағы танымал әйелдердің ащы да, тұщы да тарихын баяндайды, жағымды жақтарын жасырмай мадақтап,  жағымсыз көріністерін әшкерелейді, сөйтіп әйелдерді жақсы үлгі алуға шақырып, теріс жолға түсуден сақтандырады.

 

Тегтер