Maм 12, 2022 15:07 Asia/Almaty
  • Иранның мұражайлары (17)

Теһрандағы Ислам революциясы және қасиетті қорғаныс мұражай-бағы

 

Ислам революциясы және қасиетті қорғаныс мұражай-бағы шамамен 220 000 шаршы метр көлемімен 2010 жылы салынған. Бұл мұражай-бақ Ислам әлеміндегі ең үлкен соғыс мұражайы және Теһрандағы Аббасабад төбелерінде қаланың мәдени орталығының жанында орналасқан Батыс Азиядағы ең заманауи мұражай ретінде белгілі.

Мұражай бағы жеті залдан тұрады. Оның әртүрлі залдарында революция мен қасиетті қорғаныс оқиғалары көрсетілді және келушілер сол кездегі атмосфераны жақсы сезінеді. Бірінші зал «Астане» деп аталады, ол шын мәнінде мұражайдың жеті залына кіретін есік. Бұл мұражайдың залдарында өткеннен бүгінге дейінгі Иран тарихының түп-тамырлары талқыланып, ондағы көрсетілген бейнелерді көру арқылы Иран тарихының бір бөлігімен танысуға болады. Мұражайдың екінші залы «Ғажайып пен ақиқат» деп аталады. Бұл залда соғыс жағдайларының әртүрлі үлгілерін көруге болады, бұл келушілер үшін сол кезеңнің жағдайын сезіндіруге мүмкіндік берді. Бұл кешеннің басқа залы «Қорғаныс залы» деп аталады. Бұл залда таңылған соғыс басталғаннан кейін Иран халқының құлшыныспен қорғанысын көрсететін туындылар қойылған. Бұл залда Батыс ақпарат құралдарының Ирактың Иранға басып кіруіне бойкот жариялауы туралы жаңалықтардың құжаттары мен суреттерін көруге болады.  Бұл залдың қызықты жерлерінің бірі - осы бөлікте орналастырылған ыстық және суық траншеялары. Келушілер Иранның оңтүстігіндегі траншеялардың өте ыстық ауа-райымен және Иранның батысындағы суық ауа-райымен танысады. Қорғаныс залынан кейін «бейбітшілік залына» жетеміз. Қарапайым халық пен соғыс ардагерлерінің бүгінгі жағдаймен келісіп, игерген соғыс уақытын көрсететін зал. Бұл зал соғыс кезінде қарапайым халықтың,  соғыс ардагерлерінің  жағдаймен тіл табысып, игергенін ұсынады. Операцияны жоспарлап отырған қолбасшылардың окоптарының көрінісі, соғыс кезінде түсірілген аэрофотосуреттер залдың басқа бөлігінің бірі.  Сондай-ақ, бұл залда тартымды технология шахид Авини өмірін үш өлшемде көрсетеді. «Шаһидтік залы» – шәһидтік тақырыбы талқыланатын залдың атауы. Бұл зал ақ қабырғалары соғыста шәһид болғандардың есімдерімен безендірілген «Шәһидтер» көпірінен басталады. Бұл залда шәһидтер, ардагерлер, хабарсыз кеткендер және азат етілгендер сынды тақырыптармен танысуға болады. «Жеңіс залында» киелі қорғаныс кезінде жеткен жеңістер бейнеленген. Саддамның шетелдік жақтастары мен олардың әскери және азаматтық деңгейдегі қолдауларына қатысты жаңалықтар мен құжаттарымен, сондай-ақ сол кездегі газеттердегі халықтың қол жеткізген жеңістерінен қуанышын көрсететін суреттерімен танысуға болады. «Саранджам залы» имам Хомейнидің қайтыс болған күнімен басталған жеті залдың соңғысы. Бұл залда имам Хомейнидің,  имамның жанұясының қоштасуы және имамның жаназасының суреттері, аятолла Хаменеидің имам Хомейнидің өсиетін оқып отырғаны туралы және т.б. суреттерді көруге болады. Ислам революциясы және қасиетті қорғаныс мұражайының сыртында Хоррамшахрды жаулап алуды еске алатын Ұлы Хоррамшахр мешіті әдемі салынған. Бұл мешіт – Бейт әл-Құдс операциясымен мәңгі ұмытылмайтын қасиетті қорғаныс жауынгерлерінің үміт нүктесі. Қазір бұл мешіт ғашықтардың бас қосатын орнына айналды.