Маусым 15, 2022 19:12 Asia/Almaty
  • Құраннан үйренейік (13)

«Алла олардың жүректерін, құлақтарын бітеген, әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар».

«Бақара» сүресінің 7-ші аяты:

 «خَتَمَ اللَّهُ عَلَى‏ قُلُوبِهِمْ وَعَلَى سَمْعِهِمْ وَعَلَى‏ أَبْصَرِهِمْ غِشَوَةٌ وَلَهُمْ عَذَابٌ عَظِیمٌ»

«Алла олардың жүректерін, құлақтарын бітеген, әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар».

Кәпірлердің ақылы, көзі, құлағы бар, бірақ жағымсыз қылықтары, кесірлігі мен қыңырлық рухы олардың алдында шындықты түсіну, көру, есту қабілетінен айыратын перде қойды. Бұл Алланың бұл дүниеде оларға жазған жазасы. Бірақ Қиямет күні оларды үлкен азап күтіп тұр.  

«Егер Алла кәпірлердің жүректерін, көздерін және құлақтарын құлыптаған болса, олар  күпірліктері үшін кінәлі ме, әлде кінәлі емес пе, өйткені олар күпірлікке мәжбүр болды ма?» деген сұрақ туындайды.

Бұл сұрақтың жауабы Құранда анық айтылған. «Мүмин» сүресінің 35-аятында: «...Алла, әрбір тәкаппар, зорлықшылдардың жүрегіне мөр басады. (бітейді)» және «Ниса» сүресінің: «Алла, әрине олардың қарсылықтары салдарынан жүректерін мөрлеген»,- деді.  Негізінде бұл аят Алланың адам туралы дәстүрін білдіреді, егер ол тәкаппар, бүлікшіл және шындыққа қарсы қыңыр болып кетсе, оның білу құралдары ақырында сәтсіздікке ұшырайды,  ақиқаттарды керісінше көреді және дүние мен ақыретте жаман зардаптарға ұшырайды.

Енді осы аяттан алған сабақты қайталап көрейік:

  1. Ақиқатты түсініп, бірақ оны жасырғанның, Алла олардың жүрегін жабады, бұл Алланың жазасы.
  2. Адамның хайуаннан артықшылығы – оның ақылы мен дұрыс түсіну қабілеті, күпірліктен адам бұл ерекшелігін жоғалтады.

 

Тегтер