Маусым 17, 2022 18:17 Asia/Almaty
  • Ауғанстанға қарсы 20 жылдық басқыншылықтың салдары (3)

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін және 21 ғасырда билік критерийі ретінде геоэкономикалық дискурс пайда болғаннан кейін энергетикалық ресурстарға қатысты бәсекелестік әлемдегі ең кең таралған мәселелердің біріне айналды.

 

Ауғанстанға қарсы 20 жылдық басқыншылықтың салдары (3)

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін және 21 ғасырда билік критерийі ретінде геоэкономикалық дискурс пайда болған соң энергетикалық ресурстарға қатысты бәсекелестік әлемдегі ең таралған мәселелердің біріне айналды. Батыс Азия, әсіресе Парсы шығанағы мен Каспий теңізі негізгі энергия қорларына байланысты әлемнің маңызды аймақтары болып табылады. Дүниежүзіндегі дәлелденген мұнай қорының 2/3 және табиғи газ қорының 1/3 Парсы шығанағы елдерінде. Оған Каспий теңізінің болжамды қоры қосылса, бұл қорлардың салыстырмалы пайызы мұнай бойынша 70 пайыздан, табиғи газда 40 пайыздан асады.

Иран энергияға бай аймақтың орталығында немесе «стратегиялық энергетикалық эллипс» әлде энергия орталығы деп аталатын ел ретінде қырғи-қабақ соғыстан бері стратегиялық маңызды ел болды.   Ирандағы  энергия қорына және жаһандық тұтынуға, әсіресе АҚШ пен оның одақтастарындағы сұраныстың артуына қарасақ,  АҚШ-тың энергияға бай аймаққа араласуының себептері айқындала түсуде. Ірі державалардың көпшілігінің мұнайға мұқтаждығын ескере отырып, АҚШ Парсы шығанағы мен Каспий теңізіне араласып, Иранның қоршауын барынша күшейтуге тырысуда. Сондай-ақ әлемдік істерді басқару және  гегемондық жүйесін жүзеге асыру үшін күшті бақылау құралдарын табуға талпынуда. Осы тұрғыдан алғанда, АҚШ әрқашан Ауғанстандағы жағдайға назар аударды.  

2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін АҚШ лаңкестікпен күресеміз деп, бірақ негізінде өз гегемониясын кеңейту  мақсатымен, НАТО-ны Ауғанстанға аттандырды.

АҚШ лаңкестікпен күрес, адам құқықтары, «Үлкен Таяу Шығыс», жаппай қырып-жою қаруы және т.б. сияқты мәселелерді көтеру арқылы Парсы шығанағы аймағына және жалпы энергетикалық орталыққа араласуға ұмтылуда. Сондықтан АҚШ-тың Ауғанстанға басып кірудегі ең маңызды мақсаттарының бірі энерге, Иран, Қытай және Ресейдің қоршауын күшейту үшін осы елде әскери база құру болды. АҚШ жаһандық гегемон ретінде өзінің ұзақ мерзімді мүдделері мен мақсаттарына жету үшін әлемнің негізгі стратегиялық аймақтарында ықпалын кеңейтуді көзеуде. Вашингтон «Үлкен Таяу Шығыс жоспары» деп аталатын жобасын ұсынып, оны 11 қыркүйекпен байланыстыра отырып, бұл екеуін АҚШ үкіметінің аймақтық қарым-қатынастағы ресми саясатына айналдырды.  

«Үлкен Таяу Шығыс» деп аталатын жоба Батыс Азиядағы геосаяси жағдайды өзгертумен және Таяу Шығысты Солтүстік Африка мен Орталық Азияға кеңейтумен қатар, Араб Лигасының 22-ден астам елдерін, Түркия, Израиль, Пәкістан және Ауғанстанға шоғырланады. АҚШ бұл елдерді стратегиялық тұрақсыздықтың орталығында екенін және олар терроризмнің, экстремизмнің көзі және американдық гегемонияның басты қауіп-қатері туралы уәжденді. Ауғанстан да 11 қыркүйек оқиғасынан кейін АҚШ-тың «Үлкен Таяу Шығыс» жобасында қарастырылған елдердің бірі.  АҚШ осы шараларды жүзеге асыру арқылы Ауғанстандағы терроризмнің тамырын жоюға тырысты және осы елден үлгі ала отырып, басқа ислам елдеріне оларды осы жоспарды   жүзеге асыруға итермелегісі келді. Бірақ экстремизмнің дамуы және Ауғанстандағы ДАИШ лаңкестік тобының күшеюі АҚШ-тың Ауғанстанға араласуы мен басып алуының жиырма жылдық нәтижесі болды. Сол кездегі АҚШ президенті Джимми Картер үкіметінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Збигнев Бжезинский: «Ауғанстанда, Орталық Азияда және Кавказда үстемдік ете алатын кез келген ел АҚШ-тың Парсы шығанағындағы жағдайына қауіп төндіруі мүмкін»,- деген. Ол Орталық Азиямен шектесетін Ресей мен Қытайды АҚШ-тың аймақтағы мүдделеріне қауіп төндіретін екі қуатты мемлекет деп атады.

 Ресей мен Қытай АҚШ-тың Ауғанстандағы саясатын сынады  

АҚШ-тың Ауғанстан мен Орталық Азиядағы стратегиясы Кеңес Одағының ыдырауымен коммунизм қаупі жойылғанымен, әлемдегі ең үлкен мемлекет Ресей әлі күнге дейін Energy Heartland-ге негізделгенін ұмытпау керек деген принципті ұстанды. Қытай экономикалық тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқан АҚШ-тың аймақтағы бәсекелесі. Бұдан бөлек, АҚШ Иранның Ауғанстан және Орталық Азиямен көршілес жатқан геостратегиялық және геосаяси жағдайын толық біледі. АҚШ-тың 11 қыркүйектен кейін Ауғанстан мен Орталық Азиядағы ең маңызды мақсаты әскери араласу және ұзақ мерзімді саяси, экономикалық және қауіпсіздік салаларына ықпал ету және АҚШ мүдделері мен гегемониясына қайшы келетін күштермен қарсыласу болды. Соңғы жиырма жылда АҚШ Ресей мен аймақ елдері, әсіресе Иран мен Қытай арасындағы кез келген аймақтық одақтардың алдын алуға, сондай-ақ Қытайдың батысқа және Орталық Азияға ілгерілеуіне жол бермеуге тырысты. Сондай-ақ АҚШ әрқашан Иранның стратегиялық және геосаяси жағдайын төмендету үшін Иранды аймақтық энергия нарығына қол жеткізу артықшылықтарынан айыруға әрекеттенді.

Ауғанстанның Орталық Азияға жақындығы осылайша АҚШ-тың лаңкестікпен күресу және демократияны кеңейту ұранымен бәсекелестері Ресей, Қытай және Иранның дәстүрлі ықпал ету аймағында белсенділік танытуға, сонымен бірге Ауғанстанды бәсекелестерінің алдында гегемониясын  сақтау және нығайту құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік берді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық жүйенің құрылымы көпполярлықтан биполярлық жүйеге ауысты.  НАТО-ның  құрылуы халықаралық жүйе құрылымындағы осы өзгерістің нәтижесі болды. Бұл ұйымның мақсаты Кеңес Одағы және жалпы коммунизм әлеміне қарсы тұру болды. Кеңес Одағының және НАТО-ға қарсы құрылған Варшава келісімінің ыдырауымен болжамдарға қарамастан НАТО тараған жоқ, керісінше географиялық  жағдайын және араласуын  Шығыс аймақ елдеріне, соның ішінде Украинаға кеңейтті, өзінің ықпал ету аясын Шығыс бассейн елдеріне, соның ішінде Украинаға да кеңейтті.

АҚШ әрқашан Үнді мұхиты мен Ормуз бұғазын заманауи өнеркәсіпке қажет энергия тасымалдаушы артериялар ретінде қарастырады және  өз гегемониясын нығайту үшін осы аймақтарда үстемдік етуді қалады.  АҚШ-тың Ауғанстанға әскери араласуы Үнді мұхиты мен Парсы шығанағына жақын орналасуы арқылы Үнді мұхиты мен Парсы шығанағы суларында белсендірек бола отырып, оның қуатты бәсекелестері Ресей мен Қытайдың ықпалын болдырмауға мүмкіндік берді. Мыңдаған ауғандықтардың қырылуына әкеліп соқтырған Ауғанстанды оккупациялаудан кейін жиырма жыл өтсе де, АҚШ өз мақсаттарына жете алмағанымен. Иран, Ресей және Қытай ортақ мүдделер мен қоқан-лоққылардың ықпалымен, соның ішінде Ауғанстандағы ынтымақтастықтарын кеңейтіп, Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшелігі расталды. Бұған қоса, соңғы екі жылда Иран, Қытай және Ресейдің екі бірлескен теңіз жаттығуларын өткізуі АҚШ-тың Үнді мұхиты мен Парсы шығанағындағы шиеленісті қозғалыстарына айқын хабар берді. Осылайша, 2021 жылдың қыркүйегінде АҚШ-тың Ауғанстаннан қорлықпен шығарылуымен Батыс Азияда жаңа саяси тәртіп қалыптасуда, онда қарсыласу осінің флагманы ретінде Иран және Қытай мен Ресей маңызды рөл атқарады.