Маусым 21, 2022 19:02 Asia/Almaty
  • Иран-Ирак соғысы: сегізжылдық қасиетті қорғаныс (2)

Иран Ислам революциясы көптеген ащы және тәтті оқиғаларды бастан өткерді және бұл оқиғалардың әрқайсысы осы халықтық революцияға ерекше әсер етті. Осындай ұлы оқиғалардың бірі Иранға таңыған соғыс болды.

 

 

Иран халқы Ислам революциясының ұлық көсемі имам Хомейнидің басшылығымен революцияны қорғау үшін шығып, революция мен туған жерінің аумақтық тұтастығын қорғады. Осы кезеңде Иранның ержүрек жастары Иран тарихында қасиетті қорғаныс кезеңі деп аталатын өте сезімтал және жарқын кезеңді жасады. Бұл сегіз жылдық соғыс қасиетті қорғаныс деп аталып, басқа соғыстардан өзгеше ететін ерекшеліктерге ие болды. Бұл ерекшеліктердің кейбірі таңылған соғысқа байланысты қасиетті болды. Сегіз жыл бойы таңылған соғыс кезіндегі ирандық жауынгер жастардың амалдары басқа шайқастардан ерекше болып, тұрақтылық мәдениеті деп аталды. Ларус энциклопедиясы мәдениеттің мәнін былай сипаттайды: «Мәдениет – белгілі бір өркениетке немесе әлеуметтік топқа жататын заттардың жиынтығы. Басқаша айтқанда, мәдениет дегеніміз – адамның қоғам мүшесі ретінде алған білімін, сенімін, өнерін, этикасын, заңдарын, әдет-ғұрыптарын және кез келген басқа ережелері мен әдеттерін қамтитын жиынтық». Британдық теоретик Энтони Гидденс те: «Мәдениет қауымдастық мүшелерінің немесе қауымдастық топтарының өмір салтын білдіреді. Мәдениетке олардың киіну тәсілі, неке қию және отбасылық өмір салттары, еңбек үлгілері, діни рәсімдері мен бос уақыттарын өткізу тәсілі кіреді»,- деген.   

Тұрақтылық мәдениетінің көрсеткіштерінің бірі Ислам революциясының ұлы көсемі имам Хомейнидің ұстанымын білу және имамның ирандық жастардың жүрегінде орын табуы болды. Жауынгерлік күштер жетіспеген жағдайда, мыңдаған ирандық жас, имам Хомейнидің жолдауымен ұрыс алаңдарына аттанды. Шәһидтердің ең маңызды өсиеттері имам Хомейниге еруге кеңес беру болды. Имам Хомейнидің ең маңызды ерекшеліктерінің бірі   күрестері мен қоғамдық-саяси қызметтерінің негізінің қысымға қарсы және исламдық ілімдерге негізделгені болды. Ислам революциясының көсемі бұрынғы үкіметтердің зорлық-зомбылығы, салт-дәстүрлерді бұзуы мен ауытқушылықтарын көрсетіп, жас бірақ жарқыраған жүйе құру арқылы халықты революцияға және елді әділетті мұраттарына жету жолына жігерлендіре алды. Имамның хабардарлығымен халық Құран Кәрімнен алынған   нұсқауларын және хазірет Мұхаммад (с.ғ.с) пен Әһле Бәйтінің (ғ.с.) сөздерін қабылдады. Осылайша олар бар күш-жігерін салып тырысты, тіпті ең басты байлығы – өмірлерін мақтанышпен құрбан етті. Олар жанын беруге дайын болды, бірақ имамның және олардың жетекшісінің сөздері жерде қалмады. Сондай-ақ олар көтеріліске жетекшілік еткен имам Хомейниді өзінің барлық рухани капиталымен алға шықты және діни және рухани көшбасшы деп есептеді. Осы себепті Исламдық Иранның зұлым қарсы халқы, оның   айналасына жиналып, оған күшті де қуатты тірек сияқты көмектесті. Соғысты киелі еткен тағы бір мәселе – майдан даласындағы жауынгерлер көздеген биік мақсат. Бұл мақсат – ислам мектебі мен шиіттік дінді қорғау. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетінің жақтас шиіттері әрқашан зұлымдыққа қарсы болып, тарихта зұлымдыққа қарсы қозғалыстар бастағанымен, олардың ешқайсысы Ислам революциясы сияқты табысты болған емес. Өйткені Ислам революциясының орын алуымен бүкіл әлемде Исламның әділетті талап ету және зұлымға қарсы дауыс көтерілді.  Адамдар өлтірілсе де,  жеңіске жететіндеріне сенімді болды.  

Иран жастары егер олар ел мен революцияны қорғау жолында шәһид болса, бұл үлкен бақыт деген қағидаға сенді. Өйткені олар Алланың діні, Құран Кәрімнің бұйрықтарын және хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) әулетінің әмірлерін орындау жолында жанын қиды. Ирандық жас жауынгерлер әрбір тамшы қанын төгу арқылы Ислам ағашының жемістілеу болатынына сенді. Олар шайқас сахналарында Ирактың БААС әскері мен Саддам режимін үлкен жеңіліске ұшыратқан кезде, бұл жеңісті Алланың рақымы мен қамқорлығының нәтижесі деп санады. Осы себепті олар шайқаста жеңсе де, өлтірілсе де,  әрқашан жеңіске жетеді деп сенді, өйткені олар Алланың, Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) және хазіреттің әулетінің (ғ.с.) әмірлерін орындауды мәңгілік бақыт деп санады.  Бұл терең сенім барлық майдан шебінде де, ирандық жас жауынгерлердің базасында да рухани және тыныштық кеңістіктің орнатылуына себеп болды. Ирактың халық саны Иран халқынан азырақ және көлемі кішірек болғанымен, бұл соғыста Иран тек Саддам режимі мен Ирак БААС армиясымен ғана бетпе-бет келген жоқ, Шығыс пен Батыс блоктарының шамамен 56 елі Саддам режиміне қаржылық, экономикалық, әскери, барлау және саяси қолдау көрсетті. Соғыс кезінде суға БААС армиясының бірнеше рет жеңіліске ұшырауына байланысты, оның бөлімдері бірнеше рет қайта құрылып, нығайтылды. Сонымен қатар, ИИР қатаң санкцияларға ұшырады және тіпті тікенді сымды қамтамасыз етуде қатаң шектеулерге тап болды. Ұшақ немесе тікұшақ апатқа ұшырап, танк немесе артиллерия жойылғанда, Саддамның Баас режимінің жақтастары Ирактың қылмыскер диктаторына неғұрлым жетілдірілген қару-жарақ берді. Осы себепті Ислам революциясының ұлық жетекшісі имам Хомейни таңылған соғысты екі ел арасындағы соғыс емес, Ислам мен күпірлік соғысы деп санады. Имам Хомейнидің соғыс туралы сөздерінде: «Ислам мен күпірлік арасындағы соғыс» сияқты тіркестер жиі кездеседі»,- деген. Мәселе мұсылман емес Ирак БААС-ның басып кіруі – заңсыз, бұл күпірліктің Исламға қарсы көтерілісі. ... Біз Исламды сақтағымыз келеді және осы [БААС партиясымен] Иракта  Исламға қауіп төніп тұр»,- деді. Немесе басқа бір сөзінде: «Біздің соғысымыз екі елдің соғысы емес, ислам мен күпірлік соғысы»,- деп айтқан.

 

Тегтер