Маусым 28, 2022 17:44 Asia/Almaty
  • Құраннан үйренейік (14)

«Бақара» сүресінің 8-ші аяты: «Адамдардың кейбіреулері, екі жүзді (мұнафықтар): «Аллаға, ақырет күніне сендік» дейді. Бірақ олар сенбейді».

 

«Бақара» сүресінің 8-ші аяты:

« وَمِنَ النَّاسِ مَن یَقُولُ ءَامَنَّا بِاللَّهِ وَبِالْیَوِمِ الاَْخِرِ وَمَا هُم بِمُؤْمِنِینَ» 

«Адамдардың кейбіреулері, екі жүзді (мұнафықтар): «Аллаға, ақырет күніне сендік» дейді. Бірақ олар сенбейді».

Тура жол нұсқаушы Құран кітабы қай топтан екенімізді білуіміз үшін және қоғамдағы адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін басқаларды тану үшін бізге мүміндердің, кәпірлердің және екіжүзділердің ерекшеліктерін сипаттайды.

«Бақара» сүресінің басынан осы уақытқа дейін төрт аят мүміндерді, екі аят кәпірлерді таныстырды. Осы аят пен одан кейінгі он үш аят бірінші топтың нұры да, екінші топтың батылдығы мен ашықтығы да жоқ үшінші топты сипаттайды. Олар жүрекпен де, тілмен де сенбейді, күпірлік танытады. Олар ішкі күпірліктерін жасырып, сырт көзге Ислам туралы айтатын екіжүзділер. Ислам пайғамбары Меккеден Мәдинаға хижрат етіп, мүшріктер Бәдір шайқасында мұсылмандардан ауыр жеңіліске ұшырағаннан кейін Мекке мен Мәдинаның кейбір тұрғындары Исламға жүректерімен сенбесе де, өз өмірлері мен меешіктерін сақтап қалу немесе мұсылмандар арасында орын мен лауазымға жету үшін сырт көзге ислам дінін ұстанып, өздерін басқалармен бірдей етіп көрсетті. Олардың қорқақ болғаны және өз қатарларын мүміндерден ажырату үшін басқа кәпірлер сияқты күпірліктерін айтуға батылдығы жетпегені анық. Дегенмен, екіжүзділік – барлық революциялар мен қоғамдық дамулар кездесетін құбылыс. Иманды,   ынтымақты білдіргендердің барлығының жүрегінде де мұндай міндет бар деп ойлауға болмайды. Исламдық келбеті бар, бірақ ішінен Исламға соққы беретін адамдар қандай өкінішті.

Бұл аяттан иман тілмен емес, жүрекпен білінеді, сондықтан адамдарды тану үшін олардың сөздеріне ғана қанағаттанбау керек деген сабақ аламыз.

 

Тегтер