Иран: Варзане шөлі (158)
Там 01, 2022 23:15 Asia/Almaty
Варзане шөлі – Иранның орталық бөлігінде Исфахан қаласының шығысында орналасқан көрікті жерлердің бірі.
Бұл шөл Исфахан қаласынан 117 км қашықтықта, Варзане қаласынан 10 км жерде, Гавхани халықаралық тоғанының оңтүстік-батысында орналасып, шамамен 17000 гектар ауданды алып жатыр. Шөлде биік құм төбелер бар. Өңірдің көрнекті ерекшеліктерінің бірі – бай өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Бұл өңір ойын-сауыққа да өте қолайлы. Ирандағы ең үлкен сахаралық ойын-сауық нысаны Варзане шөлінде орналасқан.
Тегтер