Там 28, 2022 18:19 Asia/Almaty
  • Құранда аталған әйелдер (16)

Алла Тағала өз кітабында Исламның ұлық пайғамбарының әйелдері туралы: «Сіздер басқа әйелдер сияқты емессіздер»,- деп, олар үшін ерекше шарттар мен ережелерді белгіледі.

 

Алла Тағала өз кітабында Исламның ұлық пайғамбарының әйелдері туралы: «Сіздер басқа әйелдер сияқты емессіздер»,- деп, олар үшін ерекше шарттар мен ережелерді белгіледі. Ең алдымен, Исламның ұлық пайғамбарының кез келген шектен шығулар мен ауытқулардан алыс екенін және хазіреттің (с.ғ.с.) үйленуі сол кездегі араб тайпаларының ерекше илаһи себептер мен әдет-ғұрыптары бойынша өткенін еске саламыз.

Алла елшісі (с.ғ.с.) асыл, жанкеш жары хазірет Хадиджа   қайтыс болғаннан кейін Судеге үйленді. Суде алғашында немере ағасы  Секранға үйленіп, екінші рет Хабашстанға қоныс аударған басқа мұсылмандармен бірге сол елге барады. Секран Хабашстаннан оралған соң Меккеде қайтыс болып, Суде баспана мен қамқоршысыз қалды. Хазірет Хадиджа қайтыс болғаннан кейін Алла елшісі  Судаға үйленді. Рауаяттарға сәйкес, Суде 50 жаста болды және  хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) үйіне балаларына көмектесу мен үй жұмыстарын орындау үшін келді.

Пайғамбардың (с.ғ.с.) тағы бір әйелі Жәһштің қызы Зейнаб еді. Ол кезде ақсүйектер мен билык басындағылар  құл немесе  азат етілген адамдарға үйленбейтін әдет болған. Зейнаб Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) тәтесінің қызы және Абдулмуталибтің немересі болған. Мұндай қыздар ақсүйектер, ал Зейд бен Харисе азат етілген құл және Пайғамбардың асырап алған ұлы болды. Ол кездегі әдет-ғұрып мұндай жастарға үйленуге рұқсат етпейтін. Пайғамбардың (с.ғ.с.) басты міндеті адамдарды Алланың жолына бағыттау және сол кездегі надан дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бұзу болды. Ислам пайғамбары өзі әкесінің қарындасының қызының үйіне барып, оған Зейдке үйлену ұсыныс жасады. Пайғамбар құда түсу мәселесін айтқан кезде, басында Зейнаб пен оның інісі хазірет (с.ғ.с.) өз үшін ұсыныс жасап отыр деп ойлап, екеуі де келісті. Бірақ олар хазіреттің (с.ғ.с.) Зейд бен Харисе үшін құда түсіп жатқанын түсінгенде, Алланың ұлық пайғамбарының арағайындығын жоққа шығармау үшін  амалсыздан қабылдады. Осы некемен  сол кездегі адамдардың надан әрі жалған дәстүрлерінің бірі жойылды. Адамдар Ислам бойынша ақсүйектің азат етілген құлмен отбасы құруға кедергі жоқ екенін түсінді. Бірақ бұл неке ұзаққа созылмай,  ажырасумен аяқталды. Ислам пайғамбары бірнеше рет Зейдке ажырасуға тыйым салған, бірақ екеуі бірге тұра алмай, ажырасып кетті. Бұл ажырасу Пайғамбардың тәтесінің қызы үшін өте ауыр болды. Өйткені онымен ажырасқан адам ақсүйек емес, рухани тұрғыдан алғанда жоғары лауазымдарға ие болғанымен, сырт көзге Зейд  азат етілген құл еді. Екінші жағынан, жахилиядан қалған осы әдет-ғұрыптардың бірі -өзінің асырап алған ұлының әйеліне ешкімнің үйленуге құқығының болмауы. Олар асырап алған ұлдың әйелін туған ұлдың әйелі санаған. Енді Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) бұл әдетті де жоюы керек еді. Бұл қате әдет-ғұрыпты жою үшін хазретке Алланың тарапынан өз тәтесінің қызы әрі асырап алған ұлынан ажырасқан әйеліне үйлену бұйрық түсті. Пайғамбар (с.ғ.с.) Алланың бұйрығымен Зейнабты жұбайы қылып алды, осылайша аталмыш әдет те жарамсыз болып қалды. Құран Кәрім «Ахзаб» сүресінің 37-ші аятында: «...Сонда одан Зейдтің жұмысы біткен (ажыраған) кезде оны саған некелендірдік; мүміндерге, асырандыларынан босаған әйелдерді алуда бір кінә болмауы үшін...»,- деп айтылды.

 

Әйелдері Алла елшісіне үйленгеннен кейін ерекше мәртебеге ие болып, Алла Тағала Өзіңе және Елшісіне (с.ғ.с.) мойынсұнып, жақсылық істесе, екі есе сауап алатынын, сондай-ақ кімде-кім жиіркенішті іс жасаса, екі есе азап көретінін хабарлады. Құран Кәрімнің «Тахрим» сүресінің аятты Ислам пайғамбарының әйелдерін еске салып, олардың екеуін Пайғамбардың олармен бөліскен сырын жаяғаны үшін кінәлады. Бұл аяттарда әйелімен сырласудың маңыздылығы мен мұсылман әйелге тән қасиеттер айтылады. Пайғамбар (с.ғ.с.) отбасы мен әйелдеріне өте мейірімді болды. Кейде олар хазіретке батыл қарады, кейде оның ішкі сырын ашатындай арысыз болды. Осы себепті оларды қорқытып, ескертетін Құран аяттары түсірілді: «Сол уақытта Пайғамбар (с.ғ.с.) кейбір жұбайына берген сырды, ол басқаға хабарлап қойған сәтте, Алла оны Пайғамбарға білдірді. Бірақ Пайғамбар жұбайына оның кейбірін білдіріп, кейбірін білдірмеді. Сонда оны жұбайына білдірген сәтте, ол: “Бұны саған кім білдірді?”,- дегенде, Пайғамбар (с.ғ.с.): “Маған толық білуші, әр нәрседен хабар алушы Алла білдірді” деді. (3) Егер екеуің Аллаға тәубе етсеңдер жақсы. Расында жүректерің ауытқыды. Егер екеуің Пайғамбарға қарсы бір-біріңе болыссаңдар, оның иесі Алла және Жебрейіл (ғ.с.) де, игі мүміндер де, тағы олардан кейін періштелер де оған болысады. (4) (Әй Пайғамбардың жұбайлары!) Егер сендерді ажыратса, Раббы оған орындарыңа сендерден жақсы, Мұсылман; мүмін, бой ұсынушы, тәубе етуші, құлшылық қылушы, ораза ұстаушы, тұл және ер көрмеген қыз жұбайлар беруі мүмкін (5)».

Ислам әскері құрайза тайпасымен соғыстан кейін қолына олжа түсірді. Хафса мен Айша сәнді өмірді ойлап, Пайғамбардан алтын мен әшекей сұрады. Хазірет (с.ғ.с.) қабылдамады: «Мен Ислам мен мұсылмандардың басшысымын. Кедейлер мен мұқтаждар өздерін төмен сезінбеуі үшін қарапайым және қалыпты өмір сүремін»,- деді. Бірақ олар өз талаптарынан қайтпай, Пайғамбарды ренжітті. Пайғамбар (с.ғ.с.)  қатаң реакция білдірмей, олардан алыстады. Хафсаның әкесі Омар бен Хатаб пен Айшаның әкесі Әбу Бәкір қыздарын қатты ұрысты. Пайғамбар әкелердің бұл әрекетіне ренжіп, жиналыстан шығып кетті. Біраз уақыттан кейін Алла Тағала Пайғамбарға (с.ғ.с.) «Ахзаб» сүресінің 28 және 29 аяттарын түсіріп, былай деді: «Әй Пайғамбар! Жұбайларыңа: “Дүние тіршілігін оның сәнін көксесеңдер, дереу келіңдер, сендерге бір нәрселер беріп, көркем түрде ажыратайын. Егер Алланы, Елшісін және ақырет жұртын қаласаңдар, әрине Алла сендерден жақсылық істегендерге зор сыйлық дайындайды”де».  

 

Исламның ұлық пайғамбарының көзқарасынша, отбасы – қасиетті орталық. Ерлі-зайыптылардың бірлігі мен серігі бұл орталыққа руханият пен тазалық береді. Пайғамбар (с.ғ.с.) уахи тілімен ерлер мен әйелдердің әдемі болуын және бір-бірінің кемшіліктерін киім сияқты жабуды талап еткен. Алла елшісі өзінің жағымды мінез-құлқымен де бұл салада жақсы үлгі болды. Хазірет  (с.ғ.с.)  сеніп, олардың біріне сырын айтты. Бірақ ол сырын ашып, басқа әйелмен  бірігіп, Пайғамбарды қатты ренжітті. Бұл оқиға Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жүрегіне және оның ұлы рухына сондай жағымсыз әсер етті. Алла оны қорғады және Өзінің құдіреті барлық жағынан жеткілікті болса да, Жәбірейіл мен салих мүміндер мен басқа періштелердің қолдауын жариялады. Оқиға мынада: Алла Елшісі (с.ғ.с.) жұбайларының біріне (Хафсаға) бір сырын айтып, оны ешкімге айтпауды сұрады. Бірақ Хафса хазіреттің сөзін тыңдамай, естіген сырын әшкереледі. «Сол уақытта Пайғамбар (с.ғ.с.) кейбір жұбайына берген сырды, ол басқаға хабарлап қойған сәтте, Алла оны Пайғамбарға білдірді. Бірақ Пайғамбар жұбайына оның кейбірін білдіріп, кейбірін білдірмеді. Сонда оны жұбайына білдірген сәтте, ол: “Бұны саған кім білдірді?”,- дегенде, Пайғамбар (с.ғ.с.): “Маған толық білуші, әр нәрседен хабар алушы Алла білдірді” деді». («Тахрим», 3-ші аят).

Алла Тағала келесі аятта: «Егер екеуің Аллаға тәубе етсеңдер жақсы. Расында жүректерің ауытқыды. Егер екеуің Пайғамбарға қарсы бір-біріңе болыссаңдар, оның иесі Алла және Жебрейіл де, игі мүміндер де, тағы олардан кейін періштелер де оған болысады». («Тахрим», 4-ші аят).

 

Құпиялылық нағыз мүміндерге тән қасиеттердің бірі ғана емес,  әрбір адам сыр сақтау білуі керек. Бұл мағына отбасылық өмірге келгенде маңыздырақ. Өйткені ерлі-зайыптылар өмірдің барлық кезеңдерінде бір-біріне дос және қолдаушы болып табылады. Олардың бір-біріне деген сенімі аласапыран өмір кемесін құтқару жағасына жеткізе алады.

Алайда сол екі әйел Пайғамбардың жоғары дәрежесін, рухани ұлылығын елемеген. Алла Тағала олардың тәубе етулерін сұрап, егер қаласа, Алла елшісінен ажырай алатындарын еске салды. Өйткені Пайғамбардың қасында ізгі әйелдер болуы керек. Яғни Алла мұсылман, мүмин, мойынсұнушы, тәубе етуші, құлшылық етуші, ораза ұстаушы деп таныстырған әйелдер. Расында, Алла  әйелдер осы қадір-қасиеттерді біліп, өздерін олармен безендіру арқылы бақыт пен денсаулыққа жетуі үшін бұл жерде лайықты әйелдердің қасиеттерін көрсетті.

Тегтер