Иран: Тоғрұл мұнарасы (160)
Там 31, 2022 21:32 Asia/Almaty
Тоғрұл мұнарасы (Tughrul Tower) Теһран облысының Рей қаласында орналасқан. Бұл мұнара – Селжұқтар заманынан қалған жәдігер. Мұнараның ауданы шамамен 48 шаршы метр, биіктігі 20 метр.
Цилиндр пішінді мұнара шикі кірпіш пен пісірілген кірпіштен салынған. Сыртқы диаметрі 15 метр, ішкі диаметрі 1 метрді құрайды. Шикі кірпіш тотыяйын, топырақ пен жұмыртқаның ағын қосып жасалған. Бұл оның берік болуына септігін тигізді. Мұнараның сыртын кірпіштен өрілген 24 сүйір бұрыш жауып тұр. Мұнараның басына кірпіштен екі қатар мұқарнас-архитектуралық сталактит салынған. Ал мұнараның іші цилиндр пішінді.
Тегтер