Қыр 06, 2022 20:25 Asia/Almaty
  • Иранның мұражайлары (21)

Иранның мұражайлары: Захеданның үлкен мұражайы

 

Захедан Үлкен мұражайы - Ирандағы ең үлкен мұражайлардың бірі. Ол Систан және Белуджистан облысындағы Захедан қаласында орналасқан. Бұл мұражайдың мың шаршы метр инфрақұрылымы және бес қабаты бар, ол Сараван қаласындағы Себ қамалының сәулетінен шабыттанып салынған.

Мұражайдың кіреберісінде Иранның мифологиялық жауынгері Ростамның өте әдемі мүсіні бар, ол шын мәнінде Ростамның заманауи мүсіні болып табылады.

Мұражайдың экология бөлімі бірінші қабатта орналасқан. Бұл бөлімде аймақтың жануарлары мен өсімдіктерінің түрлерін көрсетуге арналған витриналар және су жануарларының үлкен аквариумының жанына құстар мен жануарлардың таксидермиясының 69 үлгісі қойылған.

Мұражайдың бірінші қабатында Систан мен Белуджистан облысының және көршілес оңтүстік облыстардың әртүрлі тарихи кезеңдерінің тарихы мен өркениеті талқыланатын археология бөлімі бар. Бұл бөлімде сіз Систан мен Белуджистан  және көршілес облыстардың әртүрлі өркениеттерімен таныса аласыз. Бұл бөлімде бұл өркениеттерден қалған мұраларды мұқият байқауға болалы. Өркениеттердің ішінде Керман облысының Сухте қаласы, Жирофт және Шахдад өркениетін атап өтуге болады.

Мұражайдың антропология бөлімі екінші қабатта орналасқан. Бұл бөлімде сіз осы облыс халқының өмірін мұқият бақылай аласыз. Бұл бөлімде ауыз әдебиеті, танымал тұлғалар, мәдениет пен әдет-ғұрып, жергілікті киім-кешек, тағамдар, қолөнер бұйымдары таныстырылады. Сондай-ақ, бұл бөлімде Систан және Белуджистан облысының әртүрлі тарихи кезеңдеріндегі танымал тұлғалары мен ақсақалдарының портреттері қойылған.

Тегтер