Иран: Чоғозамбиль ғибадатханасы (161)
Қыр 10, 2022 17:09 Asia/Almaty
Чоғозамбиль тарихи ғибадатханасы (Chogha Zanbil) Хузистан облысында орналасқан. Бұл ғибадатхана б.з.д 1250 жылы Элам дәуірінде салына бастаған. Ашурилердің шабуылынан кейін оның құрылысы тоқтатылған. Бұл маңда жатқан қолданылмаған мыңдаған шикі және пісірілмеген кірпіш – осы сөзіміздің дәлелі.
Чоғозамбиль ғибадатханасы б.з.д. 13 ғасырдың басында Элам патшасы Унташ Напиришаның бұйрығымен Дез өзеніне жақын жерге салынған. Зигурат – бірнеше қабатты пирамида пішіндес мұнара. Ғибадатхана оның жоғары қабатында орналасқан.
Тегтер