Қыр 14, 2022 21:06 Asia/Almaty
  • Иранның танымал тұлғалары (205)

Өткен бағдарламадағы тақырыпты жалғастырып, х.қ.ж.с.б. 11 ғасырда (17 ғасырда) өмір сүрген атақты ирандық ақын Талеб Амолидің өмірі, ойлары және еңбектерімен таныстырамыз.

Мұхаммед Талеб Амоли х.қ.ж.с.б. шамамен 991 жылы Амольда дүниеге келген. Осы қалада өз заманының ғылымы мен өнерін меңгеріп, жауынгерлік машық пен атқа мінуді үйренген. Талеб Амоли х.қ.ж.с.б. 1010 жылы Амольдан Кашанға көшті. Кашан мен Исфахан қалаларында 4 жыл тұрған. Бұл кезең әдеби және ғылыми мағлұматтар жинау тұрғысынан Талеб өмірінің ең жемісті кезеңі болды. Әдеби сыншылардың сенімінше, Талебтің кейінгі жемістері мен мансаптық өсуі ақынның осы кезеңде жинаған мәлімметтеріне тікелей байланысты. Талеб осыдан кейін Үндістанға жол тартты. Сапар барысында біраз уақыт Мерв қаласында өмір сүрді. Талеб Үндістанға қоныс аударарда 25 жас шамасында болған екен. Ол біраз уақыт Үндістанның түрлі қалаларын кезіп, өзіне қолдау берер адам іздеумен болған. Көптеген құлдыраулар мен шарықтауларды бастан өткергеннен кейін ақырында Жаһангир ханның уәкілі әрі бас уәзірі Этемад-уд-доуленің назарына ілікті. Жаһангир сарайының "Малек уш-Шоара" (Шайырлардың басшысы) атанған ол өмірінің соңына дейін, яғни  х.қ.ж.с.б. 1036 жылға дейін осы қызметте жұмыс істеді. 

Талеб Амоли Үндістанның патшасы Жаһангир қайтыс болардан бір жыл бұрын, яғни х.қ.ж.с.б. 1036 жылы ақындық шабытының шарықтаған кезінде 45 жасында қайтыс болды.

Өткен бағдарламада Талеб Амоли өлеңдерінің ерекшеліктерін тіл және мән тұрғысынан талдадық. Кейбір ерекшеліктер, соның ішінде ауызекі сөздерінің жиі қолданылуы, мотив сөздердің қайталануы, жаңа күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің жиі қолданылуын қарастырдық. Бүгінгі бағдарламада басқа ерекшеліктеріне тоқталамыз.

Талеб Амолидің ғазалдарындағы көрнекті тілдік ерекшеліктердің бірі – санмен айрықша байланыс орнату. Мысалы, егер "Бір стакан су бер" дейтін болсақ, бұл парсытілді адамдардың барлығына түсінікті және табиғи сөйлем болып табылады. Бірақ егер "Бір кірпік ұйықтап алуыма рұқсат етші" деп айтсақ, бұл табиғи тілден ауытқу болып саналады. Талеб бір ғазалында "Бір кірпік ұйқыға кетуіне жол бермедім" деген кезде сөздің табиғи қалыбынан шығып кетті. Өйткені ұйқының санау бірлігі кірпік емес, сағат пен уақыт. Бұл – Талеб Амолидің айрықша белгілерінің бірі. Талеб осы тілдік қабілетті пайдалану арқылы әдемі сипаттамалар тудырған.  

Ғашықтық көгалында бұлбұл жоғы өкінішті

Оның әнінде бір-екі кеуде жарақат бар еді.   

Талеб Амоли ғазалының негізгі элементтерінің бірі – метафораны қолдану. Талеб метафораны "сөздің тартымдылығы" және "өлеңнің тұзы" деп білген.  Метафора қолдану парсы поэзиясында қадым заманнан басталған. Мұны барлық тарихи кезеңдердегі парсытілді ақындардың өлеңдер жинағынан табуға болады. Бұл поэтикалық құрал қарапайымнан басталып, біртіндеп күрделірек және абстракциялық метафораларға ұласты. Метафора көбіне қасида қалыбында қолданылатын. Ғазалдағы метафораның әсіре әрі абстракциялық қалыбы Таршизи мен Талеб Амолидің әдебиетке келуімен басталды. Бидел Дехлевидің өлеңдерінде өзінің шарықтау шегіне жетті. Әдеби сыншылардың сенімінше,  Талеб Амолидің өлеңдерінде метафоралардың жиі әрі ауқымды түрде қолданылғанына көңіл аударуға болады. Сондықтан бұл оның өлең стилінің бір ерекшелігі саналады. Талебтің өлеңдерінде метафоралар бір-біріне қосылмайды, керісінше бір метафора басқа метафораны үстейді. Олардың көбеюінің нәтижесінде қорытынды мән мен сипаттама шығады.  

Бірнеше метафораның қатар орналасқанынан бірінің ішіне бірі кіріп жатқан арабеска пішінді метафоралардың айырмашылығы көп. Мұндай метафора түрі Талеб Амолиге дейінгі өлеңдерде болған емес.

Кейіптеу (ташхис) бір поэтикалық элемент ретінде парсы поэзиясының барлық кезеңдерінде ақындар тарапынан қолданылған. Ақын осы құрал арқылы жансыз заттарға жан бітіреді. Адамның сипаттарын жансыз заттар мен жануарларға береді. Кейде тіпті ақын осы әдеби құрал арқылы ғашықтық, жалғыздық, құштарлық, үнсіздік және т.б. сияқты абстракциялық құбылыстарға жан бітіреді. Парсы поэзиясының бастапқы кезеңдерінде осы құралдың қарапайым үлгілерін арагідік кездестіруге болады. Бірақ парсы поэзиясының түрлі кезеңдерінде кейіптеу құралы кеңірек қолданылып, қарапайымнан күрделі қалыпқа жетті. Үнді стилінде кейіптеудің жиілігі мен күрделенуі өзінің шарықтау шегіне жетті. Әдеби сыншылардың көзқарасынша, Талеб Амолидің кейіптеу мен оның элементтерін күрделендіріп, қолданылу жиілігін арттырудағы үлесін теріске шығаруға болмайды. Талеб Амоли кейіптеу қолданбаған ғазалы сирек кездеседі.

Кірпіктерінің етегінде кейде құлап, кейде тұрып

Оның қатынасын көргенде көзім қатты қобалжиды.

 

Талеб осы бәйітте көзді адам ретінде сипаттайды. Ол сүйіктісін көрген кезде аяқ-қолынан айырылғандай жығылып, қобалжиды.

Талеб Амоли өлеңдерінің ерекшеліктерінің бірі – әсірелеу. Талебтің поэтикалық сипаттамасының негізгі реңі мен жалпы кеңістігі әсірелеуге толы. Оның өлеңдерінде әсірелеуге құралмаған сипаттамаларды азырақ көруге болады. Оның өлеңдеріндегі әсіреулердің көбінде теңеу мен метафораның қасиеттері бар. Бұл – өте табиғи нәрсе. Бір адам жаңа мән тудыруға талпынған кезде бір нәрсені не үлкейтіп, не кішірейтіп көрсетуге мәжбүр болады. Сефеви заманындағы ақындар жаңа сипаттама мен мән тудыруда тілдің табиғи нормасынан шығып, танылмаған жаңа байланыстар орнатуға тырысқан. Сол себепті парсы поэзиясының осы кезеңінде поэтикалық сипатталарда әсірелеу қолданылды.

Бұрынғы кезеңдерде әсірелеу бір істі үлкейтіп немесе кішірейтіп көрсету үшін қолданылған. Ал Талеб әсірелеуді өз сипаттамаларын тудыру үшін пайдаланды.

Сенің тойыңда көзім саған қарап тоятыны соншалықты,

Орнымнан тұрғанда көзім етегімнен сырғып түседі.

 

Парадокс – үнді стиліндегі өлеңдердің жалпы ерекшелігі. Осы дәуірдегі ақындардың өлеңдерінде азды-көпті байқалады. Талебтің өлеңдеріндегі парадокстың жиілігі оған дейінгі ақындармен салыстырғанда айтарлықтай. Оның өлеңдерінің  жалпы кеңістігінің бір бөлігін парадокс сипаттамалар құрайды. Мысалы, үнсіз айқай, ылғалды от, дерттің ләззаты, отпен суды жуу.

Осы дәуірдегі ақындар мен Талебтің өлеңдеріндегі тағы бір ортақ ерекшелік – екі немесе бірнеше сезімнің араласып кетуі. Оны "сезімнің араласуы" деп атайды. Бұл көркемдік құрал үнді стилінің ирандық тармағына қарағанда үндістан тармағында айтарлықтай қолданылады. Талеб өлеңдеріне екі сезім ғана қатар қолданылады. Мысалы, көру және есту – "түрлі түсті жылау".