Қыр 19, 2022 18:07 Asia/Almaty
  • Иран-Ирак соғысы: сегізжылдық қасиетті қорғаныс (4)

Саддам режимі Иранға басып кіргеннен кейін Иранның барлық таптары күшті діни және ұлттық қолдауға ие болған өз революциясын қорғау үшін көтерілді.

Саддам режимі Иранға басып кіргеннен кейін Иранның барлық таптары күшті діни және ұлттық қолдауға ие болған өз революциясын қорғау үшін көтерілді. Осы әдемі қорғанысқа сай олар ұлы Ислам революциясы тарихында «Қасиетті қорғаныс» дәуірі деп аталатын маңызды және өте жарқын кезеңді жасады.

Ислам революциясының Пехлеви патшалығын құлатудағы жеңісінің  негізгі себептерінің бірі мұсылман халқының барлық топтарының жанқиярлық рухы болды. Мұсылман халқының барлық топтарының рухы - осындай рухтың себепкері әрі негізін қалаушы және оның негізгі қозғаушысы Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни болды. Имам Хомейни (р.а.) қиыншылықтар мен қатыгездіктерге төзе отырып,  АҚШ пен оның серіктері сияқты ұлы державаларға қарсы тұрып, ақырында оларды жеңе алды. Ислам революциясының ұлы имамы қайтыс болған сәтке дейін  таза таухидтік ілімдер ұсыну арқылы революция сахнасындағы халықтың ынта-ықыласын сақтап қалды. Осыған байланысты халық дін мен революцияны толық қорғады. Сегіз жылдық қорғаныс кезінде бұл рух тереңдеп, өзінің төл орны мен атын тапты. Мұндай жағдайда майдан даласының негізгі элементі ерлік, құрбандық, қанағатшылдық, өзін-өзі ұмыту, құдайшылдық болды. Имам Хомейниді жақсы көретін көптеген басидждер осы құндылықтардың негізгі тасымалдаушылары бола білді және соғыстың басынан бастап Ислам дұшпандарының ниеттерін жеңе алды.

Имам Хомейни жас ирандық жауынгерлермен жылы және рухани қарым-қатынаста болды 

Ислам революциясының жеңісі ислам үкіметі құрылымында мекемелердің қалыптасуына негіз болды. Ислам революциясы Сақшылар корпусы, Ислам революциясы комитеттері, Маскан қоры, Джихад Сазандеги және Басидж Мустазафин сияқты мекемелер құрылды. Имам Хомейнидің бұл мекемелерді құрудағы мақсаты бұрынғы режимнен қалған кеңселік формальдылыққа қарамастан елдің мәселелерін жылдам шешу болды. Осы арада имамның ең жан-жақты және маңызды бастамасы миллиондаған адамдарды Ислам революциясының мақсаттарын ілгерілету үшін жұмылдыру болды. Имам Хомейнидің қырағылығымен 20 миллиондық Басидж Мұстазафин армиясының құрылуы қастандықтарды бейтараптандырудың маңызды факторларының бірі болып саналады. АҚШ-тың Теһрандағы елшілігінен алынған құжаттар мен америкалық мемлекет қайраткерлерінің ашық мәлімдемелері Иран халқы мен билігін Американың Ислам Республикасындағы әскери әрекет ету мүмкіндігінің екіталай немесе мүмкін емес екендігі туралы анық фактімен қарсы қойды.  

1979 жылы 26 қарашада имам Хомейни Басижді құру туралы тарихи бұйрық шығарды. Имам Хомейни: «Бірнеше жылдан кейін 20 миллион жасы бар елдің 20 миллион атқышы, 20 миллион әскері болуы керек. Мұндай елге ешкімнін тісі батпайды»,- деген. Жүрегі жараланған және пәк мұсылман Иран халқы революцияның жетістіктерін қорғау үшін  елдің түкпір-түкпіріндегі мешіттерде халықтық қарсыласу топтарын құрды. Басидж күштерінің алғашқы тәжірибесі Сақшылар корпусы мен комитетке контрреволюцияға қарсы тұру және олардың қастандықтарын бейтараптандыру түрінде көмектесу болды және осылайша олар Иранның саяси тұрақтылығы, бірлігі мен ұлттық бірлігінде тиімді рөл атқарды. Имам Хомейнидің Басидж ұйымын құру туралы жарлығы шыққаннан бір жылдан аз уақыт өткен кезде, Ирактың БААС режимі Ислам революциясы дұшпандарының мақсаттарын орындау үшін Иранға жан-жақты шабуылын бастады. Ислам революциясының өзгерістері мен дамуының салдарынан туындаған қиын жағдайда ИИР БААС басқыншылармен күресуге мүлдем дайын емес еді. Имам Хомейнидің қолдауымен өз орнын таба білген Ислам республикасының армиясы революция жеңісінен кейін саяси жағдайларға сай қайта құрылуда. Қалалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған жаңа мекеме болған Сақшылар  корпусының шетелдік агрессиямен күресу үшін қажетті құрал-жабдықтар мен тәжірибесі жоқ еді. Ирактың БААС режимі Иран қарулы күштерінің жағдайынан хабардар болып, АҚШ пен Кеңес Одағы және олардың серіктерінің қолдауымен Иранға жан-жақты шабуыл бастады. Дәл осы кезде Басидж рөлі қасиетті қорғаныс сахнасында революцияшыл халықтың мәтінінен туған күш ретінде пайда болды.

Теһранды үш күнде жаулап алуды армандаған Ирактың БААС режимі алғашқы күндері ел мен Ислам революциясын қорғау үшін құр алақан тік тұрып, қанын құрбан етуден тартынбаған халықпен бетпе-бет келді. Имам Хомейнидің қолбасшылығымен  ержүрек жігіттер Басидж қарсыласу базаларына жиналып, қанының соңғы тамшысына дейін қарсылық көрсетті. Сегіз жылдық қорғаныс кезінде Басидж күштерінің жарқырағандығы сонша,  дұшпандары «Басиджде кез келген классикалық әлемдік армияға қарсы тұра алатын күш бар» деп мойындады. Имам Хомейни (р.а.) ержүрек басидждер туралы: «Сендер революцияның шайқас сахнасында және тарихында осы ұлы халықтың езгі мен ерлігінің бейнесісіңдер. Сендер қасиетті перзенттерсіздер және мұсылмандық абыройдың ту ұстаушыларысыздар. Сендер бүгін шындық үшін күресетін базаның қырағы қолбасшыларысындар»,- деді.

Имам Хомейни  мен Басидж арасындағы қарым-қатынас екі жақты болды. Имам Хомейни (р.а.) да басидж жауынгерлерін жақсы көретін. Имам басидж күштеріне жолдаған жолдауында: «Басидждердің адалдығына үнемі қызғанышпен қараймын және Алладан мені басидждеріммен біріктіруін сұраймын. Өйткені бұл дүниедегі мақтанышым – басидж болуым»,- деді. Ислам Республикасының негізін қалаушы басидждің тағы бір сипаттамасында: «Басидж – Тайеба шежіресі, гүлдері көктемнің иісі мен сенімділік балғындығын және махаббат хадисін беретін жемісті ағаш. Басидж – махаббат мектебі және аты-жөні белгісіз куәлар мен шәһидтердің мектебі. Басидж – Алланың шынайы әскері»,- деді. Қасиетті қорғаушылардың 90 пайыздан астамы имам Хомейниді жақыннан көрмеді, бірақ имамның сөзі жерде қалмады.

Моджтаби Сафдари есімді шейіт басижиттерінің бірі студент болған. Орта мектепте ол өте әдемі және сымбатты болды; Әскери кезінде оның артында «Имамның күлкісі маған шәһид болудың сырын үйретті» деген жазуы бар жейдесі болған. Моджтаби Сафдари есімді шәһид басижиттерінің бірі студент болған. Орта мектепте ол өте сымбатты болды. Әскери кезінде оның артында «Имамның күлкісі маған шәһид болудың сырын үйретті» деген жазуы бар жейдесі болған. Моджтаби Сафдари есімді шәһид басидждердің бірі орта мектепте сымбатты болған шәкірт еді. Әскери кезінде оның артында «Имамның күлкісі маған шәһид болудың сырын үйретті» деген жазуы бар жейдесі болған.  Таңылған соғыс аяқталғаннан кейін шәһидтердің мәйіттерін іздеу топтары жұмысын бастады.

Ирак жеріндегі іздеу жүргізу күндерінің бірінде бұл топ көйлегінің түймесінде  имамның Хомейнидің суреті ілулі тұрған шәһидтің денесіне тап болды. Ирак офицері бұл суретті көргеннен кейін, қасындағыларға оны алып беруді сұрайды. Бұл Ирак офицері имамның суретін сүйіп: «Сендер имамдарыңның не істегенін білмейсіңдер?»- деді. Қасиетті қорғаныс жауынгерлері қатты қақтығыстар, тұтқында болу немесе жаттығу кезінде имам Хомейнидің күлкісі туралы ойлап, өздерін тыныштандыратын. 598 резолюция қабылданып, соғыс біткен кезде қасиетті қорғаныс жауынгерлері майданда жылады. Өйткені имам Хомейни қарарды қабылдаған кезде: «У іштім»,- деді. Бұл сөйлем ирандық жауынгерлер үшін өте ауыр болды. Олардың кейбіреулері шәһид болып, бұл сөзді имам Хомейнидің аузынан естімегендерін армандады. Имам Хомейни даналығы мен орындылығына байланысты қарарды қабылдады, бірақ имам Хомейнидің бұл шешімі сол кезде көпшілікке түсініксіз болды.

Тегтер