Қаз 01, 2022 19:00 Asia/Almaty
  • Құраннан үйренейік (16)

«Бақара» сүресі 10-шы аят: «فِى قُلُوبِهِمْ مَّرَضٌ فَزَادَهُمْ اللَّهُ مَرَضاً وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِیمٌ بِمَا کَانُواْ یَکْذِبُونَ »

 

 

«Бақара» сүресі 10-шы аят:

«فِى قُلُوبِهِمْ مَّرَضٌ فَزَادَهُمْ اللَّهُ مَرَضاً وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِیمٌ بِمَا کَانُواْ یَکْذِبُونَ »

«Олардың жүректерінде дерт бар. (Күншілдік дерті). Сонда Алла олардың дертін арттыра түсті. (Мұсылмандар дамыған сайын күншілдіктері қоза түсті). Сондай-ақ оларға өтіріктіліктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар».

Құран Кәрімде айтылғандай, адамның жаны да, тәні сияқты, кейде емделмесе, адамның адамдық қасиетін жойғанша күн сайын жайылып, өсетін ауруға шалдығады.

Екіжүзділік – бәріміздің жанымыз бен жүрегімізге қауіп төндіретін ең қауіпті психикалық дерттердің бірі. Дені сау адамның бір жүзі ғана болады және оның тәні мен жаны арасында тамаша үйлесімділік бар. Тілі жүрегіндегіні айтады, амалы ойымен сәйкес келеді. Ал егер басқаша болса, жан ауырып, ауытқыған. Екіжүзділік дерті   көреалмаушылық пен сараңдық сияқты басқа да психикалық дерттердің пайда болуына себеп болып, қатерлі ісік сияқты мұнафықтың жүрегі мен рухында күннен-күнге тамыр жаяды. Құран екіжүзділік дертінің негізгі көзін - өтірік және екіжүзділік одан басталып, жалғаса береді деп санайды. Суға түсіп, жағымсыз иіс шығаратын ұшаның үстіне жаңбыр көп жауса, оның ластануын жоюдың орнына оны көбейтеді.

Екіжүзділік ұша сияқты, егер ол адамның жан дүниесінде, жүрегінде қалса, Алла Тағаладан түсірілген қандай үкім, тіпті мейірім болса да,   оған мойынсұнудың орнына, мұнафық кейіп танытып, екіжүзділікке кіріседі. Оның екіжүзділігінің ластығы айқындалып, осылайша оның екіжүзділігінің дерті артады.

Екіжүзділік сөз бен әрекеттің, сыртқы және ішкі болмыстың  үйлесімсіздігін көрсетеді. Ол кейде діндар адамдарда да көрінуі мүмкін. Өйткені ғибадаттарды Алладан басқа үшін орындау,  рияшылдық екіжүзділіктің бір түрі болып табылады. Исламның ұлық пайғамбары: «Кез келген адам, тіпті ораза ұстап, намаз оқып өзін мұсылманмын санаса да, аманатқа қиянат жасаса, сөйлеп тұрып өтірік айтса, уәде беріп, бірақ уәдесінде тұрмаса – екіжүзді»,- деген.

 Осы аяттан алған сабақтарымыз:

  • Екіжүзділік – психикалық ауру және екіжүзді адам ауру адам сияқты сау да, өлі де емес, мүмін де, кәпір де емес.
  • Екіжүзділіктің қатерлі және кең таралған ісік, ол емделмеген жағдайда адам өмірінің барлық қырларына жайылады.
  • Екіжүзділіктің көзі – өтірік, ал өтірік – екіжүзділердің үйреншікті жолы.

 

Тегтер