Иран: Назар бағы(162)
Қаз 05, 2022 12:48 Asia/Almaty
Назар бағы мен Парс мұражайы Шираз қаласында орналасқан. Назар бағы – Зендтер заманына дейін қалыптасқан кешен. Бірақ Кәрімхан Зендтің кезінде баққа көшет егіліп, тас төселіп, ғимарат салынды. Сол себепті көбіне бақ Зендтер заманына тиесілі саналады. Бақтағы "Колаһ-е фаранги" ғимараты –қазір Парс мұражайы. 1971 жылға дейін мұражай жұмыс істеп тұрды. Содан қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылды. 1981 жылдан бастап қайта ашылды.
Тегтер