Қаз 09, 2022 14:32 Asia/Almaty
  • Иран-Ирак соғысы: сегізжылдық қасиетті қорғаныс (5)

Саддамның Иранға қарсы таңылған сегіз жылдық соғысының басқа соғыстардан ерекшеліктерінің бірі оның басшысы имам Хомейни мен жас ирандық жауынгерлер арасындағы терең мейірім және рухани қарым-қатынас болды.

 

Егер имам Хомейнидің руханилығы мен шынайылығы және Ислам революциясының ұлық жетекшісінің Иран жастарының жүрегіндегі ықпалы болмаса, Ислам революциясы жеңіске жетпес еді, жеңіске жеткен күннің өзінде революция жеңісінен кейін неше түрлі қастандықтарға қарсы тұра алмас еді. Иран Ислам Республикасына қарсы жасалған ең үлкен әрекет Ирактың қылмыстық диктаторы Саддамның сегіз жылға созылған соғысты бастауы болды. Имам Хомейнидің (р.а.) басшылығы мен басқаруы сегіз жылдық қасиетті қорғаныста жауынгерлердің жоғары рухын айқындайтын негізгі ось болды. Имамның Ислам күресшілеріне, әсіресе басиждерге деген зор сүйіспеншілігі мен қарым-қатынасы соншалық, ол бір жолдауында: «Алла Тағала мені таңылған соғыстың шәһидтерімен бірге қабылдайды деп үміттенемін»,- деді. Имам Хомейнидің сегіз жылдық қасиетті қорғаныс жауынгерлерімен сезімдік және рухани қарым-қатынасы туралы көптеген кітаптар мен естеліктер жазылды, айтылды және жинақталды.  

Естеліктердің көмегімен сегіз жыл бойы таңылған соғыстың басқа соғыстардан айырмашылығын көрсеткіміз келеді. Имам Хомейнидің кеңсесінің мүшесі Рахимиан өзінің естеліктерінде имам Хомейни туралы былай деп жазған: «Имамның суреттерінің бірін 1986 жылы желтоқсанда оңтүстік майданның жауынгерлерінің бірі әкеліп: «Біз оны жауынгерлерге тарату  үшін көбейткіміз келеді»,- деп, оны имамға апарып, суретке жауынгерлер туралы бірдеңе жазуды өтінетінін айтты. Әрине, әдеттегідей имам Хомейнидің қолтаңбасынан басқа ештеңе жазуы екіталай еді. Бірақ сурет имамға жеткізген кезде, ол ойланбастан қолына қалам алып, суреттің жанына «Алла Тағаланың атымен құдіретті Жаратушыдан құрметті жауынгерлердің  жеңісін тілеймін. Құрметтілерім, Алла Тағала сіздермен бірге. Мен сендерді сүйемін. Сендерге сәлем және Алланың рақымы болсын.  Рухолла Мусави әл-Хомейни» деп жазды».

 

Соғыстың  қолбасшыларының бірі, генерал-лейтенант шәһид Саяд Ширази өз естеліктерінде: «Иран мен Ирактың батысындағы таулы шекараларда «Уәл-Фаджр 2» операциясында жеңіске жеткеннен кейін  имамның қасына келдік. Операцияға қатысқан бірқатар исламдық жауынгерлер Джамаран хосейниесінде имам Хомейнимен кездесу құрметіне ие болды. Жауынгерлер топ-топ болып хосейниеге кіріп, имаммен кездескеннен кейін орындарын басқаларға берді. Осы кездесулер арасында басиждердің ержүрек жауынгерлерінің бірі Мұртаза Джавиди имамға таныстырылды. Фарс аймағынан, Иранның оңтүстігіндегі Фаса қаласы маңындағы ауылдан  шыққан бұл батыл жауынгер осы операцияда 33-ші әл-Махди бригадасының батальондарының бірінің командирі ретінде Ирак БААС әскерін талқандауда көптеген ерлік көрсетті. Кейін шәһид болған Джавиди таныстырылғаннан кейін  имамның басынан, бетінен, маңдайынан және қолынан сүйіп, қолбасшысының қасына үнсіз тұрды. Осы кезде бір қызық көрініс орын алды,   имам өзінің биік, мүбәрак бойымен еңкейіп, сол қайсар бәсидждің маңдайынан сүйді. Бұл сахнаны көргенде имамның басидждерге  деген терең махаббатын түсіндім»,- деді.

Шәһид Мұртаза Джавиди

 

Ғолам Әли Раджаи «Имам Хомейнидің өмірбаянынан алған әсерлері» атты кітабында имам Хомейнидің жас ирандық жауынгерлермен қарым-қатынасы туралы көптеген риуаяттарды жинаған.  Имам Хомейни өмірбаяны туралы кітабтың авторы соғыс басшыларының бірінің сөзінен былай деп жазады: «Фатх әл-Мубин»  операциясы енді ғана басталған еді, біз имамның үйіне хабарласып, өз жеңісімен Ислам мен Ислам үмбетіне үлкен абырой әкелген имамның басидж балалары үшін кездесу уақытын сұрадық. Бірден уақыт берілді. Пойыз жүретін болып, біз жауынгерлерді үстіндегі киімі, бас киімі және бастарына байлаған бауымен операция аймағынан Джамаран хосейниесіне жеткіздік. Кездесу басталмас бұрын Сақышлар корпусының бас қолбасшысы Мохсен Резаи   имамға осы ұлы жеңісі үшін алғыс айтып, оны барша Ислам күрескерлері атынан құттықтады, содан кейін имам сөз бастады. Бастапқыда имамның сөзі балалардың қуанышы мен ынта-ықыласына байланысты жиі үзілді. Джамаранның хосейниесі ерекше көңіл-күйге бөленді. Имам үндемей, жауынгер балаларының қуанышына қарап қалды. Бірер минуттан кейін сөзін жалғастырып: «Біз сендер дем алатын ауамен тыныс алғанымызды мақтан тұтамыз...»,- деді. Ұлы тұлғаның ислам жауынгерлеріне деген кішіпейілдігінің белгісі болған бұл сөздерді естіген балалар қатты жылап жіберді. Өйткені, имам мен жауынгерлер бір-бірін жақсы танитын және бір-бірін жақсы көретін.   

Имам Хомейни  Ирак лагерлеріндегі тұтқынға алынған жауынгерлермен де мейірім және рухани қарым-қатынас орнатқан. Қызыл Крест тізімінде тіркелген тұтқындарға отбасыларына өте шектеулі түрде хат жазуға рұқсат етілді. Жауынгерлер қолға түскен   сәтті пайдаланып, имам Хомейниге деген сүйіспеншіліктері мен терең сезімдерін білдірді. Хаттары имамға жету үшін олар әке немесе ата сөзін пайдаланған. Имам Хомейниге жазылған хаттардың бірінде: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла! Сәлем, анашым, бұл хат менің ардақты әкеме арналады. Ардақты әкем және біздің қолбасшымыз әрі білім бұлағымыз, әрі Алланың рухына ие, сізге сәлем жолдаймыз. Қадіріңізді бағалау қиын болса да, бұл  сізге арналған сөздер. Қадір-қасиеттеріңізді бірнеше жерден сұрадық. Таудан сұрадық, ол «менен иықтылау» деді. Теңізден сұрадық, ол «толқыны менен күштірек» деді. күннен сұрады, ол «жарығы менен көбірек» деді. Бізге, балаларыңа: «Лайық болсақ, қолыңнан сүйемін», – деуші едің»,- деп жазылды. Имам Хомейни де осы хаттардың кейбіріне жауап берді және хаттар тұтқынға түскен сарбаздарға жету үшін сол әдебиетпен жауап берді.

 

 

Тегтер