Қар 01, 2022 20:45 Asia/Almaty
  • Иранның мұражайлары (25)

Иран мұражайлары: Шуш мұражайы

 

Шуш мұражайы Хузестан әкімшілігі, Франция археологиялық тобы және Дезфуль қаласының сәулетшілерінің ынтымақтастығымен осы қалада 160 жыл бойы жүргізілген археологиялық қазбалардан табылған туындыларды көрсету мақсатында салынды. Мұражай 15 000 шаршы метрлік бақта орналасқан және 1968 жылы ашылған.

Шуш мұражайында 550 шаршы метрлік ғимарат бар және оның құрылысында Шуш пен Чағазанбил қазбаларынан алынған кірпіш пайдаланылған. Мұражай ауласының ішінде көпшіліктің қарауына арналған кейбір мүсіндер мен көне туындылар шыны қораптардың ішінде.

Шуш мұражайындағы туындылар Эилам өркениетіне дейінгі кезеңге және исламнан кейінгі дәуірге жатады. Соның ішінде Шушадағы Сүлеймен мешіті мен Ападанадан табылған мүсіндер, балшық пен тастан жасалған табыттар мен саз ыдыстар, құдайлардың мүсіндері, саздан жасалған қабырға әшекейлері, Шуш пен Чағазанбилден табылған кірпіш жазулар, илам, көне парсы және т.б. жабаларды көруге болады.  Шуша мұражайы алты залдан тұрады, олардың әрқайсысы белгілі бір тарихи кезеңге, оның ішінде эилам, ахеменид, парфия, сасани және ислам дәуірлері арналған.

Мұражайдың эиламдық бөлімінде бейіттерде қалған заттарды көріп, сол өлке халқының мәдениеті мен жерлеу әдет-ғұрпының бір бөлігімен танысуға болады. Бұл бөлімнің маңызды туындыларының бірі – бұл аймақтың тарихындағы римдіктердің ықпалын көрсететін Геркулес мүсіні.