Қар 05, 2022 20:48 Asia/Almaty
  • Құраннан үйренейік (19)

«Ал және олар мүминдерге кездессе: "Біз де иман келтірдік",-дер. Әрқашан олар сайтандарымен (бастықтарымен) оңашалана қалса: "Расында біз сендермен біргеміз, біз оларды тәлкек қылып қана жүрміз",-дер».

 

«Бақара» сүресі 14-ші аят:

«وَإِذَا لَقُواْ الَّذِینَ ءَامَنُواْ قَالُواْ ءَامَنَّا وَإِذَا خَلَوْاْ إِلَى‏ شَیَطِینِهِمْ قَالُواْ إِنَّا مَعَکُمْ إِنَّمَا نَحْنُ مُسْتَهْزِءُونَ»

«Ал және олар мүминдерге кездессе: "Біз де иман келтірдік",-дер. Әрқашан олар сайтандарымен (бастықтарымен) оңашалана қалса: "Расында біз сендермен біргеміз, біз оларды тәлкек қылып қана жүрміз",-дер».

Екіжүзділіктің тағы бір белгісі – мұнафықтың дербес және тұрақты тұлғасы мен болмысының болмауы. Кез келген ортада сол ортаның түсі өзіне еніп, олармен бірдей түске айналады. Ол мүміндермен бірге болған кезде иман айтып, серіктес болады, ал діннің дұшпандарының үмбет пен басшының қатарында болса, олармен бірігіп, мүміндерге қарсы сөйлейді және олардың пікірін тарту үшін мүміндерді қорлайды, мазақ етеді. Бұл аяттар да адамдардың сырт келбетіне алданып қалмауды, иман айтқан адамды мүмін деп ойламауды ескертеді. Оның кіммен араласатынын және достарының кім екенін қараңыз. Біреудің мүмін болғанымен, діннің дұшпандарымен және басшымен дос, жолдас болғанын қабылдауға болмайды. Иман үшін Алланың дұшпандарына дұшпандық білдіру қажет.

Бұл аяттан алатын сабақ:

  • Шайтан жын ғана емес, басқаларды адастырушы адамдар да шайтан, олардан аулақ болайық.
  • Жасырын жұмыс жасап, жүйеге қарсы жасырын жиналыстар ұйымдастыру – өз пікірін айтуға батылдықтың жетпегендігінің белгісі. Иман иелерін қорлап, келеке ететін екіжүзділердің өздері қорқақ, әлсіз адамдар.
  • Екіжүзділер қоғамдағы дұшпандардың қолы болып, олардың талабымен бірге қозғалады, олардың көзінше «біз сендермен емеспіз, мүміндермен емеспіз» деп айтады.

 

Тегтер