Қар 12, 2022 22:53 Asia/Almaty
  • Иран: Кептерхана мұнарасы (165)

Кептерхана мұнарасы Иранның Йезд облысындағы Мейбод қаласында орналасқан. 400 жыл бұрын салынған мұнара кептерлерге қамқорлық жасау және олардың саңғырығын егін шаруашылығында қолдану үшін салынған.

Цилиндр пішінді мұнараның биіктігі – 8 метр. Онда 4000 ұяшық бар. Кептерхананың төбесін алты қырлы күмбез жауып тұр. Оның айналасы алебастрмен өрнектелген. Мұнараның төбесінде 1,5 метрлік 4 шағын баған бар. Мұнараға кіріп-шығу тесіктерінің диаметрі кептерлерге қолайлы. 

Мейбод кептерханасы
Иранның түрлі өңірлерінде, соның ішінде Исфахан мен Йезд облыстарында кептерханалар бар.
Мейбодта ең әдемі кептерханалардың бірі орналасқан.
Кептерхананың архитектуралық жобасы осы құстардың тіршілік етуіне қолайлы болатындай жасалған.
Кептерхана қыста жылы, жазда салқын болатындай салынған. 
Мұнараның іші жайлы да қауіпсіз болғаны сондай, кейде онда 25 мыңға жуық кептер жиналатын.
Мұнарада кейде 25 мыңға жуық кептер жиналатын.  
Мұнара кептерлер үшін дұшпандарға қарсы әскери қамал сияқты берік те қолайлы болған.
Қабырғаға айнала жапсырылған алебастр жолақтар, жыландарға қарсы қақпан, алебастармен өрнектелген кертіктер мұнараның басқа да ерекшеліктері саналады.