Қар 30, 2022 23:05 Asia/Almaty
  • Иран: Шахзада бағы (167)

Шахзада бағы (Shazdeh Garden) – Ұлы жібек жолының Керманнан Бамға баратын көне тармағының бойында Қаджарлар заманында ақсүйектерге арналып салынған бақ. Кейін "Шахзада" немесе "Шаздеһ" деген атпен танымал болды.

Шахзада бағы  жазық немесе баспалдақ пішінде салынған ирандық бақтардың бір үлгісі саналады. Бақтың ең жоғарғы бөлігінде бір ғимарат салынған. Ол шах ғимараты, жоғарғы үй немесе негізгі сарай деп аталған.

Шахзада бағы
Бұл бақ Керман қаласының айналасындағы Махан қаласынан 2 км қашықтықта, Тигран тауының етегінде орналасқан.
Шахзада бағының ауданы 7,5 га. Шах ғимаратының ауданы 122407 шаршы метр.
Бұл теңдессіз архитектуралық туынды ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне тіркелген.

 

 Бақтың суы Тигран тауының басындағы мұздан бастау алатын өзен мен қаннаттан (жерасты су желісінен) қамтамасыз етіледі.  

 

Су арықтармен ағып алдымен шах ғимаратының алдынан өтіп, кіреберіс қақпаға дейін ағады.
Арықтың екі жағына түрлі-түрлі әдемі ағаштар егілген.
Бақта шығыс және батыс деп бөлінетін екі қабатты ғимараттар салынған. Оны "кушк" деп атайды.
Шахзада бағы
Шахзада бағы