Maм 02, 2016 16:04 Asia/Almaty

Әділет пен теңдік сақтау – адамның ең жақсы ахлақи сипаттары. Әділет пен теңдік сақтайтын адамдар Исламның ұлық пайғамбарына ұқсас адамдар болып саналады.


Әділдік сақтау ахлақи ерекшеліктердің бірі  әрі іс-әрекеттерде теңдік сақтауды  көрсетеді. Имам Әли (ғ.с.) перзенті имам Хасан (ғ.с.)-ға берген ақыл-кеңестерінің бірінде: «Ұлым! Өзіңді жақындарың мен халықтың арасында тең ұста. Басқаларға да өзің жақсы көретін нәрсені тіле, сондай-ақ, өзін қаламайтын нәрсені басқаларға да тілеме. Өзіңе зұлымдық жасалмасын десең, басқаға зұлымдық жасама. Өзіңе жақсылық жасалсын дегендей, басқаға да жақсылық жаса. Басқадан жаман деп көрген нәрсені өзің үшін де жаман деп біл. Білмеген нәрсең туралы айтпа, өзің туралы айтпасын деген нәрсені басқалар үшін де айтпа»,- деді. («Наһдж ул-Балағенің» 31-ші хатының үзіндісі). Әділет сақтау оңай жұмыс емес. Бірақ адам бұл мәселенің маңыздылығын түсініп, әділетпен әрекет етуі керек. Имам Садық (ғ.с.)-ның жақтастары мен серіктерінің бірі өзіне қажет кейбір мәселелер туралы сұрақтар қойылған  хатын  Мединеге аттанып бара жатқан Абд әл-Әла деген адам арқылы хазіретке жолдап, Абд әл-Әладан бір мұсылманның басқа мұсылманның алдындағы құқығы туралы ауызша сұрауды өтінді. Абд әл-Әла: «Имам Садық (ғ.с.)-ға барып, хатты тапсырып, діни бауырлардың құқықтары  туралы сұрақты  қойдым. Бірақ имам Садық (ғ.с.) мұсылман бауырдың басқа мұсылман бауырларының алдындағы құқығы туралы сұрақтан басқа барлық сұрақтарға жауап берді.  Мединеден аттанардан бұрын  қоштасу үшін имам Садық (ғ.с.)-қасына келіп: «Менің сұрағыма жауап бермедіңіз»,- дегенімде хазірет: «Ақиқатты айтып, сендер оған сай ғамал  етпей, діннен алыстайсыңдар ма деп, алаңдаудамын. Алланың пенделеріне қатысты маңызды  үш илаһи міндет қарастырылған: бірінші міндет –  өзі мен өзгенің арасында  теңдікті сақтау. Яғни мұсылман бауырмен өзі қалайтындай қарым-қатынас орнатуы керек; екінші – қолында бар мүлкімен бауырымен бөлісуі керек; үшінші міндеті – кез келген жағдайда Алланы еске алуды ұмытпау. Алланы еске алудың мақсаты үзбей «Сұбхан Алла» мен «Алхамдулиллах» айту емес, оның мақсаты тыйым салынған  іспен бетпе-бет келген кезде  Алланы еске алып, оны істемеу болып табылады»,- деп жауап берді. («Усул Кафи», 2-ші том). Әділет пен теңдік сақтау – адамның ең жақсы ахлақи сипаттары. Әділет пен теңдік сақтайтын адамдар Исламның ұлық пайғамбарына ұқсас адамдар болып саналады. Хазірет (с.ғ.с.)-ның өзі: «Сендердің араларыңда кімдердің мінез-құлқы маған ұқсас екені туралы айтайын ба?»- деп сұрағанда: «Иә, Алла елшісі, айтыңыз»,- деген жауап естиді. Хазірет: «Жақсы мінезділер және сабырлылар, өз жақындарына  жақсылық жасап, әділдікті сақтайтындар. Ең жақсы адамдар билік пен мүлікке ие бола тұра қарапайым болып,  қарапайым өмір сүріп, күш-қуатқа ие болған кезде әділет мен теңдікті сақтап, билікке ие кездерінде де сабыр сақтайтындар»,- деді. Келесі бір сөзінде «Сендердің жәннәтқа баруларыңа кепілдік беретін сипаттардың бірі  халықпен әділ қатынас жасау болып табылады»,- деген.  Имам Әли (ғ.с.) да: «Мүмін адам оған қатысты әділет сақтамаған адамға да әділет сақтайды»,- деген болатын.

 Әділет сақтаудың көптеген  түрі бар. Олардың бірі сөйлескен кезде әділет сақтау. Адам өз сөзін маңызды санайтыны сынды басқаның сөзін де маңызды санауы керек, өз сөзін қорғайтындай басқаның сөзін де қорғағаны жөн. Тыңдарман кім болмасын, мейлі ол қарапайым адам, мейлі ғалым, үлкен де танымал тұлға болса да әр адам әділ сөйлеуі керек. Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Қиямет күні адамдардың үш тобы Аллаға жақындау болады: бірінші топ – ыза болуларына қарамастан, өзінің қарамағындағыларына зұлымдық жасамайтындар; екінші топ – төрелік еткен кезде ешбір тараптың жақтаушысына айналмайтындар; үшінші топ – пайдасы мен зиянына қарамастан шындықты айтатындар»,- деген болатын. («Бихар әл-Анвар», 66-ші том). Исламның ұлық пайғамбары шындықты қабылдаған кезде теңдікті сақтау туралы: «Тақуа адамдар – істің пайдасы мен зияны туралы ойланбай, шындықты айтушылар»,- деген. Алла елшісінің келесі хадистерінің бірінде: «Үлкен-кішісіне қарамай, әр адамның айтқан шындығын қабылда. Үлкен болсын, кіші болсын, жалғанды айтқан адамның өзіңе қайтар, мейлі, тіпті ол досың болса да»,- деп айтылған. Әр адам өмірінде өзінің жағдайына қарай әділетті сақтауы керек. Әділетті сақтамау адамның дүние мен ақыретіне зиян келтіреді. Имам Садық (ғ.с.) өзінің достарының біріне берген ақыл-кеңестерінің бірінде: «Ең маңызды илаһи уәжіптердің бірі туралы айтайын ба? Халықпен әділ қарым-қатынас орнат. Алланың жолында мүлкіңмен  діни бауырларыңмен бөліс. Еш уақытта Алланы ұмытпа. Берілген міндетті орында, егер саған жамандық әкелсе, оны орындама»,- деген. («Васаел әл-шие»).