Иран: Какаванд-е Дарвишан ауылы (170)
Қаң 10, 2023 17:09 Asia/Almaty
Какаванд-е Дарвишан ауылы Чаһармаһал және Бахтияри облысының орталығы Шахркорд қаласының оңтүстік-батысынан 105 км қашықтықта орналасқан.
Ауыл Ардал ауданына қарайды. Соны табиғаты пен сарқыраған өзені бар Какаванд-е Дарвишан ауылында көктемнің реңі мен буы айрықша. Ауыл тұрғындарының кәсібі – егін мен мал шаруашылығы және балық өсіру. Ауыл теңіз деңгейінен 1560 метр биіктікте орман ортасында орналасқан. Ауыл тұрғындары – бахтиярлар.
Тегтер