Maм 02, 2016 16:13 Asia/Almaty

Өз мінін білген адам өзін сынайды. Бұл іс оның өзін өзгертіп, басқалардың мінін іздеуден бас тартқызады. Мұндай адам тіпті басқалардың жамандықтарын көргенімен, ондай міндер өзінде де болғандықтан оларды әшкерелемейді.


Имам Бақер (ғ.с.) осы мәселеге қатысты: «Адамның ең үлкен кемшілігі – өз бойында міні бола тұра, одан бейхабар күйде дәл сол мінді басқадан іздеуі»,- деген болатын. («Усул Кафи», 2-ші том). Адам өз мінін көріп, соларды түзетумен айналысса, басқалардың кемшіліктеріне назар аудармайды, ол үшін тіпті уақыты да қалмайды. Құран мен рауаяттардағы ақыл-кеңестердің бірінде басқалардың орнына өздеріне назар аударыңдар деп айтылған: «Әй, мүміндер! Сендер өздеріңді түзелтулерің керек». (Мәиде» сүресі, 105-ші аят). Өз мінін білген адам өзін сынайды. Бұл іс оның өзін өзгертіп, басқалардың мінін іздеуден бас тартқызады. Мұндай адам тіпті басқалардың  жамандықтарын көргенімен, ондай міндер өзінде де болғандықтан  оларды әшкерелемейді. Имам Бақер (ғ.с.) Алла елшісінің сөзіне сүйеніп: «Бірнеше  қасиет маңызды. Соларға ие немесе тіпті солардың біреуіне ғана ие адам ешбір пана көрінбейтін қиямет күні Алланың саясында орналасады. Бұл қасиеттердің біріне адамның әсіресе өз мінінен арыла қоймаған жағдайда мұсылман бауырының мінін іздемеуі жатады»,- деген.


 Шейх Садуқ «Маани әл-Ахбар» кітабында Абузар Ғаффаридің қызық хадистерінің біріне тоқталады. Абузар Ғаффари пайғамбарға:


-         Уа, Алла елшсі! Маған ақыл айтыңыз,- дейді.   


Пайғамбар:


-         Тақуа бол деп насихаттаймын. Өйткені, тақуалық – барлық іс-әрекеттердің қазынасы,- деп жауап береді.


-         Тағы да айтыңызшы.


-         Құран оқып, әрқашан Алланы ұмытпа.


-         Бұдан да көбірек ақыл беріңізші.


-          Әрқашан үнсіз бол. Үнсіз болуың сенен шайтанды алыстатып, діни міндеттемелеріңді орындауға көмектеседі.


Абузар өтінішін тағы қайталайды.


 Хазірет:


-         Әлсіздерді жақсы көріп, олармен бірге бол.  Шындықты тіпті ауыр болса да айт. Алланың жолында ешбір айыптауға алаңдама. Адамның мініне мынаның өзі жеткілікті: өзі де сондай кемшіліктерге ие бола тұра, бірақ одан хабарсыз күйде басқалардың мінін көруі, сондай-ақ, өзінің де сондай жаман қылықтары бола тұра, еш ұялмастан адамдардың жаман қылықтарына ұялуы.


Гректер  өз ғалымдарын марапаттау үшін олардың мүсіндерін жасайтын. Мүсіндердің көздерін ашық, ауыздарын жабық етіп сомдайтын, яғни ғалым – өзінің кемшіліктері мен міндерін көргенімен басқалардың міні туралы айтпайтын адам. Имам Әли (ғ.с.) сөздерінің бірінде: «Өз мінін білу ең пайдалы білім»,- деген болатын. Егер адам өзінің міндері мен кемшіліктерін көріп, солардан құтылуға талпынса, әрқашан алға ілгерілейді. Сондықтан әр мұсылман басқалардың міні мен қателерін байқаудан бұрын өзінің міндері мен қателерінен құтылуға міндетті. Қасиетті хадистердің бірінен: «Өзің үшін қалайтын нәрсені басқалалар үшін де қала. Өзің үшін қаламайтын нәрсені басқалар үшін де қалама»,- деп оқимыз. («Васаел әш-Шие», 12-ші том). Алла елшісінің рауаяттарының бірінде былай деп  айтылған: «Қалалардың бірінде күнәһар адамдар өмір сүрген еді. Бірақ олардың  жақсы қасиеттері болған: олар басқалардың кемшіліктері мен міндеріне көңіл бөлмеген. Сол себепті Алла Тағала  олардың міндерін әшкере етпеді. Олар халық міндерін білмеген және олар туралы жақсы ойлаған жағдайда дүниеден кетті.  Сонымен қатар ешбір бұзақылық жасамаған адамдар болған. Бірақ олар басқалардың міндерін  әшкерелеуді мін деп ойламаған болатын. Осы жаман қылықтарына байланысты Алла Тағала олардың міндерін әшкере етті. Олар сол міндерімен танымал болып, дүниеден озды».