Maм 02, 2016 16:34 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 23

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің хазірет Нұх пен хазірет Жүсіп туралы хикаяларға қатысты пікірлері

Әрине, сіздер Алланың үлкен пайғамбарларының бірі хазірет Нұхтың хикаясын естіген боларсыздар. Хазірет Нұх 950 жыл бойы халықты  бір Аллаға құлшылық етуге шақырды. Ол өзінің бар күшімен халықты  дұрыс жолға нұсқап, халықтың жүрегін оятуға талпынды. Бірақ  ұзақ жылдардан кейін тек біраз ғана адам оған бет бұрды.  Құран Кәрім «Һуд» сүресінің құнды аяттарында хазірет Нұхтың тек азған серігін мадақтап,  хазірет пен серіктерінің  хикаясын қысқаша баяндайды. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Хазірет Нұхқа бет бұрғандар шынайы таңдалған адамдар болды. Хазірет Нұх 950 жыл бойы халықты шақырды. 950 жылғы шақыруының нәтижесінде тек азғана ғана адам  хазіретке иман келтірді. «Һуд» сүресінің 40-шы аятында «Негізінде онымен бірге иман келтірген өте аз ғана еді» деп жазылған. Сол аз ғана адам хазірет Нұхқа иман келтіріп, Аллаға құлшылық етіп, хазіреттің жақтастары болған соң кәпір халық үшін илаһи сынақ жақындады. Бұл илаһи сынақ «Нұх дауылы»  деп аталды. Азап келерден бұрын Жаратушы Нұх пайғамбарға өз жақтастарымен бірге кеме тұрғызуды бұйырды. Хазірет серіктерімен бірге кеме тұрғызуға кірісті. Бірақ олар кемені теңіздің жағалауында емес құрлықта тұрғызды. Осыған орай кәпір халық хазірет Нұх пен серіктерінің қасынан өткен әр кезде оларды мазақтап: «Қараңдар, Нұх пен серіктері  өмір сүретін қалаларының қасынан  үлкен кеме тұрғызып жатыр»,- дейтін. Ислам революциясының жетекшісі хазірет Нұхтың серіктерінің оларға айтылған келемеждерге сабыр сақтауы туралы: «Хазірет Нұхқа иман келтіргендер келемеждерге төзімділік танытты. Олар кеменің не үшін керек екендігі туралы білмеді. Олар аспан мен жерден көтерілетін дауыл мен су тасқынынан хабарсыз болды.  Алайда имандарының мықты болғаны соншама, масқаралар мен қоғамның үстем тобының сөздеріне төзімділік танытты. Хазірет Нұхтың серіктері кедей адамдар болды. Олар қоғамның үшінші, төртінші табының адамдары саналды. Ойланатын жәйт, қоғамның ақша мен биліктен кенде аз ғана тобы үстем топтың келемеждерімен бетпе-бет келгенімен, төзімділік танытады. Мұндай төзімділік мықты иманды қажет етеді. Хазірет Нұх пен  серіктерінің иманы мықты еді. Кеме  тұрғызу мәселесі көтерілген  кезде олардың  имандары көбірек анықталды. Олар пайғамбарларына қысым көрсетпеді, хазіреттен бұл ісің не деп сұрамады. Керісінше, қарсылас топтың «кемені неліктен құрлықта салып жатырсыңдар және келемеждерге қалайша төзімділік танытасыңдар?» деген сұрақтары пайда болды»,- деді. Нөсер жаңбыр жауып, жер бетін су басып, үлкен апат орын алды. Хазірет Нұх  серіктерімен бірге кемеге мініп, олар жердегі әрбір тіршілік иесін жұбымен кемеге орналастырған соң жерді топан су басты. Кәпір, шүкірсіз адамдар суға батты.  Бұл апат илаһи сынақ болды. Аятолла Хаменеи Алланың хазірет Нұхтың серіктеріне жіберген екі сынағы, яғни, ауыр жағдай кезіндегі және тыныштық орнатылған кездегі сынақтары туралы: «Иман келтірген аз ғана топ хазірет Нұхтың қасында қалды. Кәпірлер үшін жіберілген сынақ аяқталды. Ал иман келтіргендердің сынағы әлі де аяқталмады. Бірінші сынақ Нұх пайғамбарға иман келтіріп, қиындықтардың алдында сабыр сақтау мен келемеждерге төзімділік таныту болды. Хазірет Нұхтың жақтастары бұл сынақтан оңай өтті»,- деді. Ал екінші сынақ тыныштық орнатылған кездегі сынақ болды. Одан хазірет Нұхтың барлық жақтастары өте алмады. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Қиындықтар кезінде хазірет Нұхтың қасында болған адамдар тыныштық кезеңіне жеткенде: «Әй, Нұх! Саған, сенімен бірге болған топтарға бізден сәлеметтік, молшылықпен кемеден түс!...»- делінді. («Һуд», 48-ші аят). Яғни, хазірет Нұхтың кемесінің илаһи азап ретінде жіберілген толқындағы сергелдең уақыты  аяқталды. Сондықтан оларға аман-есен кемеден түсіп, үстемшілерден ада қоғамда  өздерінің діни кеңістікте өмірлерін бастауға мүмкіндік туды. Алайда аяттың жалғасында: «Бір талай топты дүниеде пайдаландырамыз да сонан кейін олар біздің күйзелтуші азабымызға ұшырайды»,-  деп ескерту жасалды. Бұл жерде Құдай тек хазірет Нұх пен хазіретке адалдық танытқан серіктеріне ғана сәлем мен салауат айтты.  Яғни, тыныштық пен қауіпсіздік кезінде хазіреттің барлық серіктерінің оған табанды қалмайтындары анықталады. Аятолла Хаменеи тыныштық кезінде орын алатын илаһи сынақтардан өтудің шарты туралы: «Тыныштық кезіндегі сынақтан кімдер абыроймен өте алады? Тақуа адамдар... Имам Әли (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде «Тақуадан бөлінген адамдар ләззаттар мен шаһуаттарының алдауына түсіп, адасады» деп айтқан.  Егер тақуа болмасақ, өз ғамалдарымыз, сөздеріміз, мәмілелерімізді, үкіметте ие болған міндеттерімізді, жалпы айтқанда мойынымыздағы илаһи міндеттерімізді  қадағаламасақ, осалдыққа кезігеміз»,- деп қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі  қазіргі кезең мен илаһи сынаққа тоқталып: «Біз дұшпанмен күрескен кезеңде сынақтардан ең жақсы түрде өткен адамдарымызды көрдік. Бірақ олар тұрмыстары жақсарған кезде бұзақылық пен бұрмаланушылықтарға шырмалып, азап көреді. Яғни, олар тұрмыстары жақсарған кезде хазірет Нұхтың кейбір серіктері сынды илаһи  сынақтан  өтпейді. Өйткені тақуа болмаған. ... Иә, илаһи сынақ кең ауқымды және барлық таптарға қатысты. Киімі, жағдайы, мансабы немесе сөздеріне сүйенетіндердің бұрмаланушылықтары ауырлау болады. Сондықтан абай болып, илаһи тақуалықтарын нығайтулары керек»,- деді. Құранда айтылғандай, хазірет Жүсіп пайғамбардың өмірбаяны туралы хикая ғибрат аларлық құлдыраулар мен шарықтаулардың хикаясы болып саналады. Бұл хикаяның ең маңызды сабағы хазірет Жүсіптың Мысыр басшысының әйелінің орынсыз талап-тілектеріне мақтан тұтарлықтай тақуалық көрсетуі саналады. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Хазірет Жүсіп күш-қуатқа ие жастық шағында және Мысыр басшысының үйінде барлық материалдық мүмкіндіктерге ие болып тұрған кезде  өзінің нәпсісін жеңіп, Алла оған сыйлаған пайғамбарлық жоғары беделінен айрылмады. Алла Тағала бұл пендесінің өз жігерін  оның жолында жұмсайтынын білді. Сондықтан оған  үлкен де  ауыр міндеттер жүктеді»,- деді. Шаһуат пен нәпсіні бақылау илаһи тақуалықтан туындаған мықты жігерге ие адамның  ғана қолынан келеді. Ислам революциясының қазіргі жетекшісі бұл туралы: «Мұндай байланыс жігерге байланысты, яғни адамның нәпсілік тілектеріне бағынатын, бағынбайытынын көрсетеді.  Егер   нәтижеге жетсе, тақуалықты көрсетеді. Егер нәтижеге жетпесе, адасушылықты көрсетеді.  Қорыта айтқанда, нәтижеге жететін өздеріңсіңдер»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи хазірет Жүсіпті мадақтап, оны жастар үшін жақсы үлгі деп атап: «Есімі Жүсіп деген 18-19 жастағы жас әрі күш-қуатты, әдемі жігітті көз алдарыңызға елестетіңіздер. Оған әдемі әйел ғашық болады. Мұндай жағдайда екі түрлі әрекет етуге болады. Бірінші жолда жаман адам сынды нәпсіге бағынуға болады, екінші жол бойынша  күнәға батпай, жоғары  көтеріліп, кемелдікке жетуге болады. Адам өз істерінің нәтижесін жылдам көреді. Шаһуатына қарсы тұра білген адам келесі қарсыласуға  дайынырақ әрі күштірек болады»,- деді.