Ұлы тұлғаның алдында 24
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи: «Исламның ұлық пайғамбары туралы не айтуға болады? Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) барлық пайғамбарлар мен әулиелердің ерекшеліктерін өз бойына жинақтаған. Ол тарихта болған барлық пайғамбарлар мен әулиелердің барлық ерекшеліктерінің кемел үлгісі»,- деді.
Пайғамбардың болмысында кемел адамның барлық оң сипаттары жинақталған. Пайғамбардың есімі аталған кезде Алланың барлық адал әрі танымал пенделерінің ерекшеліктерін есімізге аламыз. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның өмірбаянының жүрекке қонымдылығы сондай, тіпті оны естіген адам қасиетті тұлғаға ғашық болады. Исламның ұлық пайғамбары туралы ислам революциясы жетекшісінің ерекше сөздері де жүрекке ерекше әсер етеді. Аятолла Хаменеи Алла елшісінің ғибадаттары мен құлшылық ету ерекшеліктеріне тоқталып: «Ол михрабта тұрып, аяқтары іскенше ғибада жасайтын. Түндердің көбін ояу өткізіп, ғибадат жасап, кешірім сұрау және дұға тілеумен өткізетін. Хазірет Алламен сырласып, қажетін айтып, кешірім сұрайтын. Рамазан айынан басқа ережеп пен шағбан және жылдың басқа айларында да күннің ыстығына қарамастан ораза тұтатыны туралы естігем. Пайғамбардың сахабалары: «Уа, Алла елшісі! Сіздің күнәңіз жоқ, не үшін сонша дұға жасап, ғибадат етіп, кешірім сұрайсыз»,- деген кезде пайғамбар: «Аллаға құлшылық ететін жол табылады. Барлық нығметтерді сыйлаған Жаратушыға ризалығымды айтамын»,- деп айтқан. Ислам революциясының жетекшісі Алла елшісінің қарапайымдылығы мен құлшылық етуі туралы айтқан келесі бір сөзінде: «Пайғамбар барлық уақытта қарапайым болып, Жаратушымен қарым-қатынасын күннен күнге нығайтты. Соғыс майданында өз күштерін дайындаған кезде оларды жігерлендіріп, қолына қару алып, оларды басқаратын немесе оларға не істеу туралы үйретіп, тізесін бүгіп, қолын жайып, Алладан көмек сұрап, адамдардың алдында жылап: «Уа, Алла! Бізге көмектес. Уа, Алла! Бізді қолдап, дұшпаңдарды жоя гөр» деп сұрайтын»- деді. Исламның ұлық пайғамбары өз өмірінің барлық кезеңдерінде сыртқы тазалық пен ұқыптылықты маңызды санап, бала кезінен тазалық сақтайтын. Ислам революциясының жетекшісі пайғамбардың тазалығы туралы: «Пайғамбар бала кезінен тазалық сақтайтын. Меккенің және араб тайпаларының балаларына керісінше таза әрі тәртіпті болды. Кейін жастық шағында да шашы мен сақалына қарап, тарайтын. Ислам кезеңінде пайғамбар жастық шақтан өтіп, жасы ұлғайып, 50-60 жасқа келген кезде де тазалыққа ерекше көңіл бөлетін. Шашын таза ұстап, сақалын тарап, әтір себетін. Рауаяттардың бірінде үйінде өзінің жүзін қарайтын су құйылған ыдысы болғаны туралы айтылған. Өйткені, ол кезде айна болмайтын. Мұсылмандардың, сахабалары мен достарымен кездескен кезде де бас киімі мен сақалын тазалап, тәртіпке келтіріп, содан кейін барып қана сыртқа шығатын. Сапарларында сопы сынды қарапайым өмір сүргенімен, тарағы мен әтірін қалдырмайтын. Күніне бірнеше рет мисуақпен тісін тазалайтын болған. Басқаларды да тазалық сақтап, мисуақ пайдаланып, сырт келбеттерін тәртіпке келтіруге жігерлендіретін»,- деп сипаттайды.
Алла елшісі бала кезінен сыртқы тазалығын сақтаған пәк адам болды. Ол жастқ шағында Арабстанның Исламға дейінгі жәһілдік кеңістігінде ар-ұятынан айрылмаған адам еді. Оның пәктігін барлық халық қабылдады. Ол еш уақытта күнәға ластанбады. Алла елшісі барлық жағдайда аманатқа берік, шыншыл және сабырлы болды. Оның амантқа беріктігі туралы діни жетекші: «Пайғамбар надандық кезінде аманатқа берік болып, «Амин» деген атқа ие болды. Халық өте маңызды аманаттарын пайғамбарға тапсырып, кейін аман-есен қайтып алатын. Тіпті Исламның шақыруы басталып, құрайыштар арасындағы дұшпандық өрті артқан кезде де дұшпандар бір нәрсені аманатқа қалдырғылары келсе пайғамбарға келіп тапсыратын»,- деді. Исламның ұлық пайғамбарының халықпен қарым-қатынас орнату тәсілі және қарапайым өмір сүруі – бұл теңдессіз тұлғаның келесі сипаты. Аятолла Хаменеи Алланың соңғы пайғамбарының өмірінің бұл тұрғысы туралы: «Халықпен қарым-қатынас орнатуы әрқашан жақсы болды. Ол халықтың арасында әрқашан күлімсіреп, уайым-қайғысын адамардың алдында көрсетпейтін. Барлық адамдармен амандасатын. Ол өзінің алдында адамды жамандауға рұқсат бермейтін. Өзі еш уақытта ешбір адамға тіл тигізбейтін, жамандамайтын. Балаларға мейірімділік көрсетіп, әлсіздерге көмектесетін»,- деді. Алла елшісінің сопылығы мен ғибадаты хазіреттің халықтан бөлініп, олармен әзілдесуге кедерге болмады. Хазірет әрқашан көңілді жүретін. Ислам революциясының жетекшісі Исламның ұлық пайғамбарының болмысының бұл тұрғысы туралы былай дейді: «Халық Мединеде 10 жыл хазіретпен аралас-құралас өмір сүріп, мешіттерде бірге болып, бірге жол жүріп, бірге сапарға шығып, бірге ұйықтап, бірге ашығып, қуаныштарымен бөлісті. Пайғамбардың өмір сүру ортасы қуаныштың ортасы болды. Хазірет адамдармен әзілдесіп, жарыстар ұйымдастырып, өзі де соларға қатысты. Пайғамбарға деген сенім жүректерде күннен күнге тамыр жайды. Меккені жеңген кезде Абусуфиан жасырын түрде, пайғамбардың көкесі Аббастың қолдауымен аман қалу үшін хазіреттің қосынына келген кезде таңертең пайғамбардың вузу алып, халықтың хазіреттің айналасына жиналып, қолынан тамшылаған суды жинап тұрғанын көріп: «Мен Касро мен Қейсар сынды дүниенің үлкен патшаларын көрдім, бірақ олардан мұндай ғизатты көрмедім»,- деді. Иә, рухани ғиззат шынайы ғиззат. «Мұнафеқун» сүресінің 8-ші аятында «... Ғиззат – Алланың, Алла елшісінің және мүміндердің ерекшелігі»). Алла елшісі Жаратушы тарапынан таңдалып, Жебірейіл онымен сөйлесетін, басқаларға қарағанда қарапайым өмір сүрді. Ол хазірет туралы: «Астына төсейтіні – қамыс, жастығы – құрманың қаузымен толтырылған тері, тамағы – қарабидай ұнынан жасалған нан мен құрма болды»,- деп айтатын. Сондай-ақ, «Ол еш уақытта үш күн қатарынан бидай наны немесе түрлі тамақпен қарнын тойдырмайтын, аяқ киімін өз қолымен тігіп, жұмыстарын басқаға тапсырмайтын» деп жазылған. Ақсүйектер қымбат сәйгүліктерін ерттеп мініп, басқаларға өздерін көрсетуге тырысқан кезде хазірет есекке немесе қарапайым атқа мінетін. Әрине хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның өммірбаяны туралы сөздер барлық шындықты жеткізе алмайды деп айтуға болады. Мақтан тұтатын теңдессіз тұлғаны қандай тілмен сипаттаса да оның өмірінің әр сәті адамзат үшін ғибрат әрі көркем үлгі. Аятолла Хаменеи: «Пайғамбардың өмірін миллиметрлеп зерттеу қажет. Ол кісінің өмірінің әр сәті – бір оқиға, сабақ және адамгершіліктің көрінісі»,- деді.