Бүгінгі әлем – үстемшілдердің «жұмсақ соғысының» алаңы 4: Қоғамдық жобаларға араласу
Екі полюстік жүйе ыдырап, «қырғи-қабақ соғысы» аяқталған соң, үстемшілер әлемді толық билеуді көздеген өз мақсаттарына жету үшін бұрынғы тәсілдерін шетке қойып, материалдық құралдарды пайдаланудың орнына «жұмсақ соғысқа» бет бұрды.
«Жұмсақ соғыс» бірінші рет 1980-ші жылдары Шығыс Еуропада сынақтан өтті. АҚШ ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес қауымдастықтар мен азаматтық ұйымдар арқылы демократиялық қоғамдық қозғалыстардың пайда болуына жағдай жасады. Бұл әдістің мәдени және идеологиялық белгілері болып, тікелей төңкеріс жасауға ұйымдастырылған әрекеттер пайдаланудың орнына нысанаға алынған мемлекеттердің саяси жүйесін сындарсыз деп көрсететін, яғни қоғамдық наразылықтардың негізгі себебі болатын үлгілер пайдаланылды. 1940-1980 жылдар аралығында әсер етіп, араласатын дипломатиялық құралдар мен баспасөз және қауіпсіздік органдары болды. Мұндай үдерістің белгілерін 1953-ші жылдағы Ирандағы Мұсаддеқ үкіметіне қарсы орын алған АҚШ төңкерісінен, 1954-ші жылдағы Гватемаладағы және 1973-ші жылдағы Чилидегі Сальвадор Альендоны құлатқан төңкерістерден байқауға болады. Аталмыш оқиғаларда АҚШ тікелей араласу құралдарын пайдаланды. Бірақ америкалықтар Кеңес Одағы ыдыраған соң қазіргі ғасырда тікелей үлгі, стратегиялық әрекеттер мен бетпе-бет келу арқылы мүддені қамтамасыз етуге болмайды деген нәтижеге жетіп, нысанаға алған мемлекеттерге қарсы үшінші елдің көмегі арқылы соғыс ашуды тиімдірек санады. Олар көз тіккен елінің қоғамдық күшін «жұмсақ соғыстың» ең негізгі құралы санады. АҚШ Ауғанстанның билігіндегі социалистік жүйеге қарсы шыққан кезде осы тәсілді қолданды. Сол кезде олар қоғамдық және тайпалық топтарды ұйымдастырып, 1990-шы жылдары Талибандар мен әл-Қаида сынды топтарды құрған араб-ауған күштеріне қаржылай, әскери және оларды жаттықтыру бойынша көмек көрсетті. Америкалықтар мұндай тәжірибені Никарагуада қолданып, сайлау арқылы Даниел Ортегоны биліктен алып тастауға жағдай тудырды. Бұл салада ИИР-ның іс-әрекеттеріне қарсыласу үшін мұнафықтар ұйымы сынды ұйымдарды дайындағанымен, Иранды жеңе алмады. Әрбір топ гибридтік соғыс жүргізіп, «жұмсақ соғыс» алаңында елдердің жүйесіне әсер етпек болды. Гибридтік соғыс «жұмсақ соғыстың» қоғамдық кеңістігінде пайда болды. Бұл үлгі 1990-шы жылдары кең ауқымды өзгерістермен бетпе-бет келді. 1994-ші жылы Клинтон «Демократияны тарату» деп аталған мәлімдемесін ұсынды. Орталық Азия мен Кавказ республикалары және Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін еуропалық мемлекеттерде орын алған түрлі-түсті төңкеріс – «жұмсақ соғыстың» кезеңдерінің бірі. Мұндай үлгілер Киссинджер мен Бжезинский сынды америкалық сарапшылардың көбінің назарына түсті. Олар өздерінің саяси құндылықтарын басқа географиялық жерлерге қалай жеткізу туралы зерттеді. Осыған орай мұндай әдістің әсерлі болуы АҚШ үкіметінің кейбір мүшелерінің «жұмсақ соғысқа» жұмсайтын қаржыны көбейтуді талап етуіне ұласты. Олар халықтардың бағынбайтынын көріп, оларды қызықтыруға кірісті. Егер олар нысанаға алған елдің халқын өзгерте алса, енді ол жерлерге шабуыл жасау қажет болмайды. Өйткені халықтың ой-пікірі олардың ықтиярына түседі, мұның өзі оларды билеп-төстеу үшін жеткілікті. Батыс сарапшылары бұл мақсаттарына үгіт-насихат, психикалық әрекет және қоғамдық ой-пікірді бақылауға алып, оны сендіру арқылы жету мүмкін деп санайды. Олар психикалық әрекеттерді шындықтардың орнына пайдаланатын сылтаулар деп, бұл жолды қоғам үшін жалған мәліметтер тарату мен дұшпандарға қарсы сылтауларды зорайтып көрсету үшін пайдаланады. Осы мақсатқа жету үшін қауесет тарату «жұмсақ соғыс» үдерісіндегі тәсілдердің бірі болады. Бұл үдерісте барлық саяси-қоғамдық топтар мақсатқа ие. «Жұмсақ соғыс» жүргізушілер басында баспасөз және басқа да құралдар арқылы қоғамдағы жобаларға әсер етуді мақсат етеді. Содан соң бұл әсерлерін кеңейтіп, арттыру жолында әрекеттер жасай бастайды. Дұшпан өз мақсатына жету саласындағы ең жақсы жолды араласушылық жобасы деп санайды. Бірақ бұл шындыққа сай емес. Көптеген жайттерде араласушылық жобасы нәтижеге жету үшін жігер мен наным-сенім толығымен өзгеруі керек. Аталмыш бағдарламаны іске асырушылар өздерінің шапқыншы әрі шиеленісті жобалары туралы тіпті жақ ашпайды. Олар тек ой-пікір мен құндылықтарды өзгертуді мақсат етіп, егер нысанаға алған мемлекет реакция көрсетпесе, өз мақсаттарына жетеді. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи таяудағы сөздерінің бірінде: «Ауыр соғыс» көбінде халықтың сезімін көтеріп, ұлттық бірлік пен ынтымақастыққа әкеледі. Ал «жұмсақ соғыс» қарсы жақтың жігерін жойып, қайшылықтарға жағдай тудырады»,- деген. Қолда бар мәліметтер «жұмсақ соғыс» орын алған кезде жүйенің ішіндегі қайшылықтардың артуына жағдай туатынын растайды. Басқаша айтқанда, «жұмсақ соғыстың» негізгі мақсаты бір-бірімен идеологиялық қайшылықтарға ие қоғамдық-саяси күштерді басқару болып табылады. Қоғам мен үкімет екіжүзді кеңістікпен кезіккен кезде саяси қайшылықтарға жол ашылады. Мұндай жағдайда үкіметтің күші кеміп, нәтижесінде билікті қайтаруға талпыныс жасалады. Басқа жақтан бүгінгі әлемде өнер, мәдениет және технология деген үш фактор «жұмсақ соғыстың» мақсаттарын алға ілгертілетуге көмектеседі. Өйткені нысанаға алған ұлттық мәдениеттердің орнына капиталистік мәдениетті қалыптастыру билеп-төстеушілікке жағдай жасайды. Осы кезде Азия мен Еуропа үкіметтерінің көбісі өз еліндегі мәдени шабуылдар мен мәдени өзгерістердің жылдамдығына алаңдап, мұндай жағдай жақын келешекте елдерін үлкен қауіп пен саяси қоқан-лоққыларға тірейді деп санайды. Бұл әдістің айқын үлгілерінің бірі билеп-төстеушілерді өз мақсаттарына оңай жетуіне себеп болатын іріткі салу және дінді оқшаулау жобасы саналады. АҚШ-тың Орталық барлау ұйымының бұрынғы басшыларыынң бірі Майкл Брант өзінің кітабында осы мәселеге тоқталып: «АҚШ өзіне қарсылас елдерді құлату үшін асықпайды, өйткені АҚШ-тың ұзақ мерзімді бағдарламалары бұл жүйелерді міндетті түрде құлатуды қарастырады. Оқу бағдарламаларын өзгерту, әсіресе мұсылмандар үшін спутниктік арналар құру, исламдық атауларды өзгерту, сонымен бірге жиһад, жақсылыққа жігерлендіру мен жамандықтан жирендіру және шәһид болу сынды түсініктерді алып тастау, секуляризмді тарату Батыстың ислам әлемінің мәдениетін өзгерту және исламдық ояну мен исламдық қозғалыстардың алдын алу салалары бойынша ұзақ мерзімді стратегиясына жатады»,- деп жазды. Расындда егер мұсылман мемлекеттер шынайы түрде бұл стратегияға қарсы шара ойластырмаса, билеп-төстеушілерді өз елдерінде күте берсін.