Maм 03, 2016 18:39 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры  2

Құранның көзқарасы бойынша адамның маңызды ерекшеліктерінің біріне оның ішкі болмысымен Құдайды іздеуі жатады. Мәдени, саяси және қоғамдық факторлардың оны бұрмалауға әсер етуі мүмкін болғанымен, бірақ еш уақытта және ешбір жағдайда адамның болмысының тереңдігінде қалыптасқан негіз өзгермейді.

 Алла Тағала «Рум» сүресінің 30-шы аятында адамдарды хақты қабылдап, өзінің пәк негізіне бет бұруға шақырады: «(Мұхаммад с.ғ.с.) бәрінен бет бұрып, жүзінді Ислам дініне жөнелт. Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Осы – тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді». Исламдық ғалымдардың көбі құдайшыл негізді адамның тағдырымен біте қайнасқан, өзгермейтін негіз санап, илаһи пайғамбарлар адамдардың Алланы қалайтын болмыстарындағы ластықтарды тазартып, оларды жаратылыстарының негіздеріне қайтару үшін келген дейді. Бұл ретте үлгі ретінде хазірет Ибрахимнің тоуһид мектебінің туын көтеруші ретіндегі күресу тәсілдерін көрсетуге болады. Ол пайғамбарлық міндетіне кіріскен соң ай мен күнге және жұлдыздарға табынуды доғарып, пәни өмірді қабылдап, халық арнайы рәсімдерді орындауға қаладан шыққан күні қолына балта ұстап, бүкіл пұттарды қиратты. Сол кезде: «Мен шынайы түрде жүзімді көктерді, жерді жаратқанға мүлде жөнелттім. Және ортақ қосушылардан емеспін» деді»,- деген дауыс естілді. («Анғам» сүресі, 79-шы аят). Исламның ұлық пайғамбары барлық илаһи пайғамбарлар, әсіресе хазірет Ибрахиммен тілектес болып, өзінің беғсатын надандық заманда адамдарды тауһидтік болмыстарына қайтару үшін бастады. Пұтқа табынушылық таралған кеңістіктегі алғашқы қадамында  тоуһидтің жүрекке жағымды дауысын таратты. Бірақ өздерінің мүдделері мен қоғамдық-саяси жағдайларына төнген қатерді сезген Намруд пен оның айналасындағылар әртүрлі дұшпандық қарсылықтарын бастап, қоқан-лоққы, лаңкестік әрекет, азап-қорлық, экономикалық санкциялар мен пайғамбардың міндетін теріске шығару арқылы тоуһид дінінің мәдениетін жаңғыртуға күш салды. Осындай жағдайда Алла елшісі еш нәрседен қорықпай, илаһи міндеттемелер бойынша: «Сендер Алламен басқа құдайлардың бар екеніне куә ете аласындар ма? «Мен куәлік бере алмаймын! Шынайы түрде Ол жалғыз тәңір. Күдіксіз, мен сендердің қосқан ортақтарыңнан аулақпын» (Анғам сүресі, 19-шы аят)»,- деп жариялады. Барлық қоқан-лоққыларға қарамастан пайғамбардың өз ұстанымын қуаттауын көрген  құрайшытардың дінсіз ақсүйектері Алла елшісін бағындырамыз деп ойлап, оның көкесі Абуталибке: «Бауырыңның баласы Мұхаммадқа егер билікті көксесе, араб аралының билігін береміз; егер байлық жинағысы келсе, Меккенің барлық алтын-күмісін соның қолына береміз; егер үйленемін десе, ең сұлу қызға үйлендіреміз, тек пұттарға қатысты дұшпандығын тоқтатсын» деп айт» деді. Абуталиб олардың ұсыныстарын пайғамбарға айтқан кезде хазіреттің көзінде жас үйіріліп: «Алламен ант етемін, егер бүкіл әлемнің билігін маған беріп, оң қолыма күнді, сол қолыма айды қондырса да тоуһидтік билік орнатуды мақсат еткен илаһи міндетімді жалғастырамын»,- деді. (Сирее Ибн Хишам, 1-ші том, 265-ші бет).Уаһи сөздер пайғамбардың  дәл осы мәселесін қуаттайды. Алла Тағала өз елшісіне: «Расында мен Алладан басқа сиынғандарыңа құлшылық етуден тосылдым. Сендердің ойларыңа қосылмаймын. Ол уақытта адасқан, сондай-ақ тура жол таппағандардан боламын» де»,- деген. («Анғам»  сүресі, 56-шы аят). Пайғамбардың  келісімге келмеуімен бетпе-бет келген құрайыш тайпасының басшылары өздерінің күрестері мен қарсылықтарын күшейтіп, мұсылмандарға қарсы азап-қорлықтарын артырды. Кейбіреулер бір Аллаға құлшылық етушілерді қорқынышты түрде өлтіріп, үш жыл бойы пайғамбар мен оған иман келтіргендер Аллаға  құлшылық етуден бас тартып, пұттарға табынуларын жалғастырады деген үмітпен Меккеде орналасқан Шоаб Абитолеб деп аталған терең шатқалда  ең ауыр жағдайда қоршауда ұстады. Бірақ тоуһидтік наным-сенімдердің олардың ойларында тамырын терең жайғандығы соншама, олардың болмыстарында осы жолда тіпті жандарын қиюға дейін баратындай өзгеріс енгізді.  Соңында пайғамбар өз күресін жалғастыру және тоуһидтік наным-сенімдерін қорғау  саласындағы алдын-ала жоспарланған бағдарлама бойынша Меккеден Мединеге қоныс аударып, тоуһидтік билікті қалыптастырғысы келді. Бірақ Алла елшісінің  бұл іс-әрекетінен көп уақыт өтпей кәпір басшылар әскери әрекетке барып, соғыс ашты. Олар исламның күннен күнге күшеюі мен кеңею үдерісінің алдын алуды көздеді. Алайда илаһи көмекпен пайғамбар мен хазіреттің жақтастарын жарқын әрі жеңіске жеткізетін келешек күтті. Сол кезде: «Ол сондай Алла, дінін бүкіл діндерден үстем қылу үшін Пайғамбарын туралық әрі хақ дінмен жіберді. Куәлік тұрғысынан Алла жетіп асады»,- деген аят түсті. («Фатһ», 28-ші аят). Исламның ұлық пайғамбарының  наным-сенім революциясындағы және тоуһидтік наным-сенімдердің пайда болуындағы ең маңызды негіздердің бірі қырағылыққа сүйеніп, қоғамды тоуһид ойларын қабылдауға шақыруы болып табылады. Басқаша айтқанда, пайғамбар еш уақытта  өз заманында халықты Аллаға қарай қоқан-лоққы немесе күш қолдану арқылы шақырған емес. Ол барлық илаһи пайғамбарлар сынды қисын дәлеледерімен адамдардың наным-сенімдерін түбегейлі өзгертті. Құран Исламның ұлық пайғамбарының өмірбаяны мен тәсілі туралы: «(Мұхаммад с.ғ.с.): “Менің жолым осы. Алла жаққа шақырамын. Мен және маған ергендер ашық дәлел үстінде. Алланы пәктеймін. Сондай-ақ серік қатушылардан емеспін” де»,- деп айтады. («Юсуф» сүресі, 108-шы аят). Алла елшісі хабардар түрде қабылдаудың маңыздылығы мен ойланбастан ерудің  айырмашылығын көрсету үшін уаһи тілмен: «Расында Сендерге Раббыларың тарапынан көрнеу дәлелдер келді. Кім оны көрсе өзі үшін. Және кім көрмесе зияны өзіне...»,- деді. («Анғам», 104-ші аят). Әрине, егер адамдардың діни наным-сенімдері қырағылық пен хабардарлықтан тамыр алған болса, оқиғалардың желі мен қоғамдық, саяси және мәдени құлдыраулар мен шарықтаулар олардың наным-сенімдерін әлсірете алмайды. Мұндай адам Құран мен Алла елшісінің өмір сүру тәсілінен нәр алып, оны хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк діні – Исламның негіздерін таратуға пайдаланады және еш уақытта күш пен зорлықты қолданбайды. Бұл саладағы сілтеме жасауға болатын ең жақсы үлгі Мекке қаласын жеңіп алуға қатысты тарихи және сабақ боларлық үдеріс саналады. Сол күні Исламның әскерилері Алла елшісінің басшылығымен өткен жиырма жылда Ислам мен мұсылмандарға қарсы  қастықтар, кектер мен соғысқұмарлықтың орталығына айналған жерге бүкіл күш-қуатымен  кірді. Сол күні жеңіс туын қолына ұстаған Ислам әскерінің қолбасшыларының бірі: «Бүгін кек алатын күн»,- деп айқайлады. Дәл сол кезде пайғамбар: «Бүгін – рақымдылық пен кешірімділік  күні, барлығың азатсыңдар»,- деді. Мұндай іс-әрекетті көрген Меккенің мүшіріктері пайғамбардың оларды тауһидтік наным-сенімдерді қабылдауға мәжбүрлемейтінін көрді. Пайғамбар оларға азаттық беріп, хазірет Ибрахимнің тоуһидтік дініне ойланып, өздерінің таңдауымен бет бұруға мүмкіндік берді. Адамдар топ-топ болып Исламға иман келтіріп, еш уақытта тіпті өздерін де қорғай алмайтын жансыз пұттарға табынудан бас тартып, әлемнің Жаратушысына иман келтірді. Теріске шығарылмайтын исламдық үлгілер бола тұра  «ислам қылыштың күшімен алға ілгеріледі» деп айтатын адамдар аз емес. Осы кезде вахабизмнің отаршыл наным-сенімдерінен тамырланған тәкфіршілер мен ДАИШ лаңкестері пайғамбардың өмірін үлгі тұтамыз деп айта алмайды. Әрине, әлемдік үстемдіктің авантюралары мен арандатушылық әрекеттері мен қантөгістерінің мақсаттары – шынайы Исламның жарқыраған нұрын өшіру. Бірақ олар Крест соғыстарының уақытының аяқталып, Исламның илаһи нұрының күннен күнге кеңірек таралып келе жатқаны туралы білгендері жөн.

Тегтер