Сәу 26, 2023 18:08 Asia/Almaty
  • Құраннан үйренейік (23)

«Бақара» сүресі, 18-ші аят: «صُمٌّ بُکْمٌ عُمْىٌ فَهُمْ لَا یَرْجِعُونَ» «Саңырау, сақау және соқыр болып бетінен қайтпайды». («Олар саңырау (шындықты естуден) және мылқау (шындық айтудан) және соқыр (шындықты көруден), сондықтан олар (күпірліктен алыстап, ақиқатқа) қайта оралмайды).

Мұнафық адамның да басқа адамдар сияқты көзі, құлағы, тілі бар. Бірақ оның көзі шындықты көруге, түсінуге, құлағы ақиқат сөздерді естуге дайын болмағандықтан, тілі де шындықты мойындаудан бас тартады. Сондықтан Құран оларды осы білімі жоқ және сөйлеу білмейтін адамдармен салыстырады. Бұл аяттан басқа басқа аяттарда  мұнафықтар туралы олар сезбейді, білмейді, көрмейді, соқыр болады деп айтылған. Ақырында, бұл жаңсақтық пен соқыр еліктеушілік, кереңдік және шындықты түсіне алмауға әкеледі. Мүнафықтың ішкі күпірлігі оның көзін, құлағын, тілін жауып, ақиқатты бүркелейтіні соншалық, кәпірлер сияқты шындықты төңкеріп көріп, ақиқатты өтіріктен ажырату қабілетінен айырылады. Алдыңғы аятта иман нұры кеткен кезде, олардың күпірлік қараңғылығына соншалықта батып,   енді көру қабілетінен айырылатыны айтылған. Бірақ бұл аят олардың көру қабілетінен айырылып қана қоймай, шындықты естіп, айтудан да айырылатынын айтады. Қараңғылық тұңғиығында қозғалудың нәтижесі құлау мен жойылудан басқа ештеңе емес. Сөйтіп, қайтып оралу және құтқарылатын мүмкіндік болмайды.

Біз бұл аяттан алатын сабағымыз:

Адамның хайуаннан артықшылығы – ақиқатты түсіну қабілеті, бірақ екіжүзділік адамды шындықты түсінуден соқыр, керең, ақыры мылқау етеді.

Тегтер