Maм 19, 2023 16:37 Asia/Almaty
  • Иран: Төңкерілген лалагүл (179)

Төңкерілген лалагүл (Lilium ledebourii) – күлтешелері сыртқа қайырыла біткен ашық түсті гүл.

Гүлдің сабағы 50-150 см-ге дейін өседі. Әдетте сабақтың жоғарғы 7 см-і гүлмен көмкеріліп тұрады. Бұл гүл алғаш рет х.ш.ж.с.б. 1354 жылы герман өсімдіктанушысы Карл Фридрих Фон Ледербер тарапынан Гиланның Дамаш елдімекенінде анықталды. Ол "Шығыс флорасы" атты кітабында шығыс аймақтардың өсімдік жамылғысын талдай келіп, осы гүлге тоқталған. Ираннан тыс жерде аталмыш өсімдіктанушының құрметіне осы гүлдің аты "Лилиум Ледербери" деп қойылған.

Төңкерілген лалагүл
Төңкерілген лалагүл – әлемде сирек кездесетін гүлдердің бірі.
Төңкерілген лалагүл әлемде екі аймақта – Дамаш ауылының Амарлу елдімекенінде және Әзірбайжан республикасының Ланкаран аймағында өседі.
Төңкерілген лалагүл
Бұл гүл көбеймейтіндіктен жойылу алдында тұр. Бірнеше жылдан кейін одан еш белгі қалмауы мүмкін.
Төңкерілген лалагүл геологияның төртінші дәуіріне тиесілі.
Төңкерілген лалагүл гүлдеген кезде Дамашта осы атаулы фестиваль өтеді.
Фестивальде осы әдемі гүлдің гүлдеуі тойланады. Ұлттық музыка ойнап, ұлттық би биленіп, туристерге жергілікті әдет-ғұрыптар көрсетіледі. 

 

Тегтер