Maм 20, 2023 16:58 Asia/Almaty

Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 891-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.

"Шура" сүресінің 29-аятына құлақ түріңіздер:

«وَمِنْ آیَاتِهِ خَلْقُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَثَّ فِیهِمَا مِن دَابَّةٍ وَهُوَ عَلَى جَمْعِهِمْ إِذَا یَشَاءُ قَدِیرٌ»

 

Аяттың аудармасы:

Көктер мен жердің жаратылуы және ондағы жәндіктердің таралуы Оның белгілерінен. Ол, оларды қашан қаласа да жинауға күші толық жетеді. (29)

 

Өткен бағдарламада Жердегі тіршіліктің бастауы және илаһи рақымның белгісі болып табылатын жаңбыр туралы айттық. Мына аятта былай делінген: Жер мен көктің жаралуы, онда әралуан ірілі-ұсақты жануарлардың таралуы – Алланың ғылымы мен құдіретінің ең жақсы белгілері.  

Адамдар таңдана да тамсана қарап, зерттейтін аспан, ірі галактикалар мен миллиардтаған жұлдыздар және түрлі түсті өсімдіктер, басқа да нығметтер мен сұлулықтарға толы жер – Алланың аяттары мен белгілері. Сондай-ақ жер мен көктегі тіршілік иелері, түрлі құстар, үй және жабайы жануарлар, ұсақ балықтар мен алып киттер және олардың дене құрылысында қолданылған таңғажайыптар – осылардың барлығы Алланың аяттары саналады.

Осындай орасан зор жүйені жаратқан құдірет қиямет күнін тудырып, осы тіршілік иелерінің қайсысын қаласа, соны өзіне қайтара алатын қабілетке ие екені айқын.

Осы аятта мынадай екі қызық жайт көзге түседі: біріншіден, Жер планетасынан тыс жерде де тіршілік иелерінің барынан хабар береді. Екіншіден, қиямет күнінде басқа тіршілік иелерін де қайтаратыны айтылған.

Бұл қайтарып жинау екі мақсатта болуы мүмкін: біріншісі – жаза мен сый. Әрине егер оларда да түсінік пен ақыл бар деп ойласақ. Екіншісі – қиямет күнінде өмір сүретін тіршілік иелері. Бірақ онда олар жаза мен сый көрмей-ақ түйсікпен өмір сүреді. Өйткені Құрандағы әртүрлі аяттарда тек тіршілік иелерін жинау туралы сөз болған. Оларды жазалау немесе сый беру туралы айтылмаған.

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Бастапқыда тіршілік иелерін жарату – оларды қиямет күнінде қайта тірілтуге болатынының белгісі.
  2. Тірі тіршілік иелері біз Жерде көргендермен шектелмейді. Аспанда да тірі тіршілік иелері бар.
  3. Тіршілік иелерін тарату және қайта жинау Алланың ырқында. Адам бұған әсер ете алмайды.

 

  "Шура" сүресінің 30-31 аяттарына құлақ түріңіздер:

«وَمَا أَصَابَکُم مِّن مُّصِیبَةٍ فَبِمَا کَسَبَتْ أَیْدِیکُمْ وَیَعْفُو عَن کَثِیرٍ»، «وَمَا أَنتُم بِمُعْجِزِینَ فِی الْأَرْضِ  وَمَا لَکُم مِّن دُونِ اللَّـهِ مِن وَلِیٍّ وَلَا نَصِیرٍ»

Аяттардың аудармасы:

Бастарыңа келген бір ауыршылық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады. Және де Алла көбін кешіп жібереді. (30)

Сендер Оны жер жүзінде осалдата алмайсыңдар. Сондай-ақ сендерге Алладан өзге ие де, жәрдемші де жоқ. (31)

 

Алдыңғы аятта қиямет күнінде барлық тіршілік иелері жиналатыны айтылды. Мына аяттарда: "Бұл дүниеде жаза мен сый берілмейді деген сөз емес. Адамдар қалай әрекет етсе де, жазаға тартылмайды деген сөз емес. Адамдар өз еркі мен таңдауы негізінде жасайтын істердің көбінің осы дүниеде берілетін жазасы бар. Олар істеген жаман істерінің ащы дәмін татады. Бұл – Алланың осы дүниеде беретін жазасы. Олар табиғи заңдылықтар негізінде жүзеге асады",-делінген.

Осылайша адамның істері ақыреттік салдармен қатар, осы дүниеде материалдық әсерге ие. Тура осы дүниеде өзін көрсетеді. "Рум" сүресінің 41-аятында айтылғандай, " Адамдардың қолекі істегендерінің кейбірінің сазайын таттыру үшін құрылықта әрі теңізде бұзықтық шықты. Мүмкін олар, бағыттарынан қайтар. (41) ".

 

Аяттың жалғасында: "Кейбір адамдар осы дүниеде өз істерінің нәтижесінен құтыла аламыз, Алланың заңдары мен сүннеттерін аяқ асты ете аламыз, өздеріне еш қиындық келместен, көңілі қалаған істерді істей аламыз деп ойлайды",-деді.

Ал шын мәнінде аспанға барса да, жерде қалса да, қайда болса да, илаһи сүннеттер барлық жерде орнаған. Құдайдан басқа ешкім бұл әлемді билеп-төстей алмайды.

 

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Адам өмірде бетпе-бет келетін ащы оқиғалардың көбі – өзінің мінез-құлқы мен іс-әрекетінің мәжбүрлі нәтижесі.
  2. Адамның қиыншылықтары оның қателіктерінің бір бөлігіне берілген реакция ғана. Өйткені  Алланың кешірімі адамның көптеген лайықсыз әрекеттерінің салдарының оған әсер етпеуіне себеп болады.
  3. Адамзат баласы Құдайдың құдіреті алдында толық дәрменсіз және Құдайдың билігінен қашып құтыла алмайды.

 

 

 "Шура" сүресінің 32-35 аяттарына құлақ түріңіздер:

 

اکنون به تلاوت آیات 32 تا  35 از سوره شوری گوش می‌سپاریم:

«وَمِنْ آیَاتِهِ الْجَوَارِ فِی الْبَحْرِ کَالْأَعْلَامِ»، «إِن یَشَأْ یُسْکِنِ الرِّیحَ فَیَظْلَلْنَ رَوَاکِدَ عَلَى ظَهْرِهِ إِنَّ فِی ذَلِکَ لَآیَاتٍ لِّکُلِّ صَبَّارٍ شَکُورٍ»، «أَوْ یُوبِقْهُنَّ بِمَا کَسَبُوا وَیَعْفُ عَن کَثِیرٍ»، «وَیَعْلَمَ الَّذِینَ یُجَادِلُونَ فِی آیَاتِنَا مَا لَهُم مِّن مَّحِیصٍ»

Аяттардың аудармасы:

Теңізде таулардай кемелердің жүруі де Алланың белгілерінен. (32)

Егер Ол қаласа, желді тоқтатар еді де, кемелер су үстінде тұрып қалар еді. Даусыз бұнда өте сабырлы, толық шүкір етушілерге өнегелер бар. (33)

Немесе оларды қылмыстарының салдарынан жоқ етеді; көбін кешірім етеді. (34)

Аяттарымыз турасында тартысқандар, өздеріне бір қашатын жер болмағанын білсін. (35)

 

Алланың білімі, құдіреті мен мейірімінің кейбір белгілері, соның ішінде жаңбыр туралы айтылған алдыңғы аяттардың жалғасында бұл аят желдің адам өміріндегі рөліне тоқталып, былай дейді:

Теңіз бетінде жүзетін үлкен жүк немесе жолаушы кемелерінің суға батпай қалуы – құдайдың құдіретінің белгісі. Өйткені Алла судың бетіне кемелердің қалқып, батпайтындай бір ерекшелік қойған. Сондай-ақ желкендегі желмен бірге жүретін кемелердің су бетінде қозғалуы да Алланың рақымының белгісі.

Әрине бүгінде алып кемелер қуатты қозғалтқыштарды пайдаланып мұхиттарда мыңдаған шақырым жол жүріп, жүк пен жолаушыларды көптеп тасымалдайды. Олар сондай-ақ Құдай орнатқан және адамдар ашқан табиғатты реттейтін заңдарды пайдаланып, қозғалады. Адам баласы табиғатқа заң енгізіп: «Бұл менің ісім!"деп айта алмайды.

Аяттардың жалғасында былай делінген: Егер Алла қаласа, желді тоқтатады. Сонда кемелер теңізде қозғалыссыз тұрып қалады. Бұл жерде сабыр мен шүкірлік дәрежесі бар адам үшін белгілер бар.

Қалай болғанда да, Кіші және үлкен кемелердің тұрақтылығы мен қозғалысы да, діттеген жеріне аман-есен жетуі де Алланың қолында. Өйткені Алла қаласа, кемені жолаушыларымен бірге суға батырады. Әрине бұл жаза олардың істеген істеріне байланысты беріледі. Бірақ Алла тағала көптеген күнәлар мен олардың жазасын кешіріп, оларды елемейді. Өйткені адамдар әрбір шалыс қадамы үшін жазаланатын болса, жер бетінде ешкім қалмас еді. Әрине, қыңыр әрі зұлым адамдар жаратылыс жүйесіндегі илаһи құдіретті қабылдамайды, әрқашан Алланың жер бетіндегі белгілерін жоққа шығаруға ұмтылып, мүміндермен соғысады. Бірақ олар да Құдайдың құдіретінен құтыла алмайтынын білетін болады.

 

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Тіршілік иелерінің жаратылуы ғана емес, қатты және сұйық заттардың заңдары да Алланың құдіреті мен мейірімінің белгісі. Солардың бірі –алып кемелер сияқты үлкен және ауыр заттарды суда жылжыту мүмкіндігі.
  2. Илаһи нығметтерге кезіккенде сабырлы әрі шүкіршіл болу керек. Кейде оның хикметі адамға қиындықтар жібереді. Соған шыдамдылық таныту қажет. Кейде ол адамзатқа өркендеу мен жайлылық сыйлайды. Оған шүкірлік ету керек.
  3. Біздің іс-әрекеттеріміз әрқашан өзімізге жойылу қаупін төндіреді. Сондықтан аман қалсақ, Алланың рақымының арқасында тірі қалғанымызды ұмытпайық.
  4. Табиғат жүйесін тек материалдық тұрғыдан түсіндіріп, талдамайық. Дүние істерін жоспарлау мен ұйымдастырудағы Құдайдың рөліне назар аударайық. Әйтпесе дүние істерін жоспарлауда Алланың білімін, құдіретін және хикметін ескермеген боламыз.

 

Бүгінгі бағдарлама осымен аяқталды. Сіздерді бір Аллаға тапсырамыз.