Маусым 09, 2023 21:43 Asia/Almaty
  • Құраннан үйренейік (26)

«Бақара» сүресінің 21-ші аяты:  «یَأَیُّهَا النّاسُ اعْبُدُواْ رَبَّکُمُ الَّذِى خَلَقَکُمْ وَالَّذِینَ مِن قَبْلِکُمْ لَعَلَّکُمْ تَتَّقُونَ» 

«Әй Адам баласы! Сондай сендерді де сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар. Әрине сақтанған боларсыңдар».

 

Алла Тағала өткен жиырма аятында үш топ адамның: тақуалар, кәпірлер және екіжүзділер жағдайлары мен ерекшеліктеріне тоқталды. Бұл аят осы үш топтың ойы мен сенімін, мінез-құлқы мен сөзін салыстыра отырып, бақыт пен құтқарылу жолын нақтылап берді. Бірінші топқа қосылып, тақуалыққа жетудің бір ғана жолы бар, ол – өзгелерден бөлініп, өзіңізді және ата-бабаларыңызды жаратқан Аллаға жүрегіңізді жабу. Басқалардың құлдығынан құтылу үшін тек Аллаға құлдық ет. Көптеген адамдар Алланы өзінің және жаратылыстың жаратушысы ретінде қабылдайды.  Бірақ олар өз өмірінің, қоғамның жоспары мен заңын басқалардан алады, оларды жаратқан Алла Тағала қалағанын істеуге қалдырғандай. Бұл аят: «Жаратушың да сенің Раббың. Сіздердің өсіп-өркендеулеріңіз бен білімдеріңіз үшін жоспарлар мен міндеттер белгілеп, заң жүйесін қойды. Заң шығару – сені жаратқан Алланың құқығы»,- деді. Ендеше тек оған бағынып, тек Оның әмірін құрметте. Оның пайдасы да өзіңе қайтарылады, жамандықтан алыстап, жақсылық пен тазалыққа жақындайсың.

Осы аяттан алған сабақтарымыз:

  1. Пайғамбарларды шақыру жалпы сипатқа ие және белгілі бір   топқа жатпайды. Сондықтан Құранда жалпы жұртшылыққа жиырма шақты рет: «Уа, халайық»,- деп ацтылды.
  2. Аллаға құлшылық етудің себептері мен философиясының бірі – Оның бізге және әкелерімізге берген шексіз нығметтеріне шүкіршілік ету, сондықтан Ол: «Сендерді жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар» дейді.
  3. Жаратылыс нығметі Алланың бізге берген бірінші және ең үлкен нығметі, ол Алланың әмірлеріне мойынсұнуды талап етеді.
  4. Ғибадат – тақуалық пен тазалықтың факторы. Егер ғибадат бойымызда тақуалық рухын таратпаса, ол ғибадат емес.
  5. Ата-бабамыздың әдет-ғұрыптарын Алланың әмірінен алдына қоюдан сақ болайық, өйткені олар да Алланың жаратқаны, соны ұстану Алланың әмірін орындауға кедергі болмауы керек.
  6. Алла біздің ғибадатымызға мұқтаж емес. Біздің дұғамыз да, намазымыз да Алланың құдіреті мен ұлылығына ешнәрсе арттырмайды және оларды орындамау Одан еш нәрсені кемітпейді. Біз өсуіміз бен кемелдігіміз үшін оған мұқтажбыз және біз оның заңдары мен бұйрықтарына бағынуымыз керек.
  7. Ғибадатымызбен мақтанбайық. Екіжүзділік тақуалыққа жетуге кедергі. Мүмкін біздің ғибадатымыз тақуалыққа жетелемейтін шығар.

 

Тегтер