Маусым 20, 2023 18:02 Asia/Almaty
  • Құраннан үйренейік (27)

«Бақара» сүресінің 22-ші аяты: «الَّذِى جَعَلَ لَکُمُ الْأَرْضَ فِرَ شاً وَالسَّمَآءَ بِنَآءً وَأَنْزَلَ مِنَ السَّمَآءِ مَآءً فَأَخْرَجَ بِهِ مِنَ الَّثمَرتِ رِزْقاً لَّکُمْ فَلَا تَجْعَلُواْ للَّهِ أَنْدَاداً وَأَنْتُمْ تَعْلَمُونَ» «Ол сондай Алла, сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіп жаратты. Әрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін әр түрлі өсімдіктен ризық шығарды. Сондықтан біле тұра Аллаға шерік қатпаңдар».

Бұл аятта Алла Тағала көптеген нығметтерге тоқталып, олардың әрқайсысы басқа нығметтердің бастауы болып табылатынына назар аудартады. Ол жерді кілем, адам өмірінің төсегі ретінде осы жерге орналастырды. Оның таулары мен жазықтары, суы мен топырағы, жер қойнауындағы және тау астындағы алуан түрлі кеніштері адамның тіршілігіне қолайлы жағдай туғызды. Жер мен аспан арасындағы үйлесімділік жаңбыр мен өсімдіктердің өсуіне еріп, адамның ризығын қамтамасыз етті. Ендеше, оған өміріне мұқтаж басқалар қалайша оған серік саналып, Алланың орнына олардың бұйрығына бағынады?

Енді осы аяттан алған тәлімімізді қайталаймыз:

1 - Алланың нығметтеріне мән беру – Алланы тану және Аллаға құлшылық етудің ең жақсы жолы. Демек, Аллаға құлшылық етуді бұйырған алдыңғы аяттан кейін бұл аят Алланың адамға деген нығметтерін білдіреді.

2 - Жер мен көктің арасындағы тәртіп пен үйлесімділік – құдіретті жаратушының бар екендігінің ең жақсы дәлелі.

3 - Алла адамзат үшін тіршілікті жаратты және басқа жаратылыстардың жаратылудағы түпкі мақсаты - адамдардың пайдасы мен пайдалануы.

4 - Болмыс бөліктері арасындағы тәртіп пен үйлесімділік – Алланың назары мен бірлігінің ең жақсы дәлелі. Ендеше, бірқұдайшыл болайық, жаратылыста басқаларды Аллаға серік қоспайық.

5 - Алланы тану, Аллаға құлшылық ету – барша адамдардың ар-ұжданы куәландыратын туа біткен нәрсе, сондықтан аятта бұл мәселені өзің білесің деп айтылды.

6 - Су мен топырақ – құрал, бірақ өсімдіктердің өсуі Алланың қолында, сондықтан Ол «жемістерді сендер үшін жаратты» деді.

 

Тегтер