Maм 09, 2016 18:33 Asia/Almaty
  • Иранның қазіргі заман кинематографиясы

Біз сіздермен бірнеше апта бойында «қасиетті қорғаныс фильмдері» аясында және аталмыш фильмдердің Иранда негізін қалаушылары және туындыларын осы тақырыпта ұсынған режиссерлері жайында талқылап келеміз.

Әлемдік кинематография тарихының соғыс жанырындағы фильмдеріне көз жүгіртетін болсақ, мұндай фильмдердің айтарлықтай шарықтау мен құлдырау шегінің жоқтығын көреміз. Аталмыш фильмдер, мазмұны тұрғысынан көбіне соғыс пен пенделік қайғы – қасірет бетбұрысына ие болады, әлбетте олардың көбі соғыстың айрықша шарттары, насихаты мен қаһармандық сипаттында болған. Соғыс кезеңінен алшақтылық, бұл ұстанымдардың бекуіне негіз болған, әрі көрермендер соғыс жылдарында көңіл аударылмаған немесе тіпті тиісті маңызға ие болмаған, алайда соңғы жылдары зор мәнді иеленген соғыс жағдайларымен түйіседі. Соғыстың келешек ұрпаққа түсірген әсері мен жастардың бұл орайдағы пікірі, маңызды мәселелерің бірі болып табылады. Әдетте жазушылар мен кинематографшылар мұны пайдаланып, өз туындыларында соғысқа қатысушы екі ұлтты және соғыстан кейінгі жағдайларын көркем баяндап беруге тырысады. Флэшбэк немесе еске алу, өткен және қазіргі кез оқиғаларының паралельді сәйкестігі секілді техникалық әдіс – тәсілдерін қолдану, шын мәнісінде өткен ұрпақпен қазіргі ұрпақтың қауышуы мен бірін – бірі терең түсінісу жолындағы талпынысы болып табылады. Режиссер «Ахмад Реза Дарвиш» өзінің қасиетті қорғаныс жайындағы туындыларында, жоғарыда аталып өткен мәселені көтеруге тырысып, өзінің айтуы бойынша, соғысқа қатысқан орта жастағы майдангер мен жас ұрпақ арасындағы хикаяны түсірген. Ахмад Реза Дарвиш Тегеран қаласында 1340 (1961) жылы дүниеге келген. Сәулет және сурет өнері мамандығы бойыншы жоғарғы оқу орнын тәмәмдап, соғыс жылдарында майдан қатарында суретші қызметін атқарған. Сонымен қатар, сол мезгілдері тележобаларға режиссерлік етті және соғыс аяқталған жылдары кәсіби кинематографияға бет бұрып, «Ақырғы самғау» атты алғашқы көркем фильмін түсірді. Ахмед Реза Дарвиш бірнеше ирандық фильмнің сценаристі болып табылады. Оның ішінде, қасиетті қорғаныс жанры бойынша сатылымы жоғары болған «Канни манга» фильмі сценариінің авторы. Ахмед Реза Дарвиш соғыс Сардарларын бейнелеуде қызығушылық білдіретін режиссерлердің бірі. Ол «Алхимия» және «Күн елді мекені» атты кинофильмдерінде сегіз жылға созылған қасиетті қорғаныс оқиғалары ішінен, Абадан мен Хоромшахр қалаларын Саддам Хусейн әскерлерінің қоршауынан және қыспағынан босату оқиғалары көптеген назарды өзіне баулиды. Әлбетте ол «Меһр айының тууы» кино туындысын да режиссерлік етіп, елдің саяси жағдайы мен студенттер қоғамында орын алатын түрлі үрдістерге де назарын тоқтатқан. «Ақырғы самғау» туындысы Дарвиштің алғашқы режиссерлік тәжірибесі болды. Фильм тыңшылық пен адам ұрлау оқиғаларына негізделіп, Иран мен Ирак соғысының жаңа қырын ашып көрсетеді. Дарвиш бұл туындысында майдан мен жер асты бекіністер көрінісін аз бейнелеген, алайда өзінің оқиғалар желісінде бұл тарихи кезеңге тоқталып өтеді. «Ібіліс» киносы режиссердің алғашқы кино туындысымен тікелей байланысты. Фильм сценариі, бір тыңшылық топтың мүшесі болатын әуежай қызметкері мен аталмыш топ басшылығының қызметкеріне күдіктенуі аясына баяндалады. Рухани күйзеліске душар болған кейіпкердің жағдайы, ұшақтың жарылысы және жары мен баласының ұшақта қаза табуы салдарынан нашарлай түседі. Фильм адамдарды тұтқынға алу мен тыңшылық үлігісіндегі туындылар секілді, жала жабылған тыңшы тобының қызметкерін, оның дағдарысын және басқа да күйзелістерін қарастыру аясында түсірілген. Сондай-ақ фильмде қарсыластың тыңшылық топтарының әскери басқыншылық түрінде шекараны бойлай басып кіруі көрсетіледі. Дегенмен «Алхимия» фильмі Ахмед Реза Дарвиштің аса көрнекті, әрі қасиетті қорғаныс жанрының үздік туындысы болып табылады. Фильм экранға 1373 (1994) жылы шыққан. Фильм ерекше оқиға мен соғыс жақтастарының тигізген әсерлері жайында түсірілген. «Алхимия» киносы Хоромшахр мен Абадан аймағына жау қолдарының басып кіруімен басталып, оқиға қазіргі күнге дейін өрбітіледі де сол кезеңді бейнелеуге тырысады. Фильмнің негізгі сюжеті майданда снарядтар мен зеңбіріктер оқтарының астында дүниеге келіп, туған анасынан айрылған, құтқарып алған дәрігердің қол астында өскен жас нәрестенің аясында баяндалады. Нәрестенің әкесі Ирак әскерлерінің тұтқынынан босатылған соң, қызына іздеу салады. Алайда қызын тапқан күнінде, асырап алған дәрігер жылы шырай таныта қоймайды. Фильмде әкесі қызын өгей анасымен қалдыру маңызды шешімін қабылдайды, дегенмен фильмнің соңына дейін әке мен дәрігер арасындағы қақтығыстарды баяндаумен жалғасады. «Алхимия» фильмі кең көлемді көзқарасты қамтып, туындының барлық сипатын толығымен ашып, үрей-қорқынышты айқын әрі түсінікті етіп бейнелеген. Аталмыш фильм актерлерінің ойыны Иран киноиндустриясындағы қасиетті қорғаныс жанрында мақтан тұтатын ойындардың үлігісі болып есептеледі. «Күн елді мекені» фильмі Ахмед Реза Дарвиштің, Саддам Хусейн әскерінің Иран жеріне басып кіруі жайындағы келесі бір туындысы болып табылады. Фильмнің желісі Хоромшахр қаласын басып алған Садам Хусейннің әскери күші мен азап шегушілерді құтқаруға бет бұрған осы қаланың әскери гвардия командирі «Джаханара» аясында өрбиді. Алты адам мәжбүрлі түрде топтанып, қаладан қашып шығады. Бұл туынды соғысты реалистік тұрғыдан көрсетіп, өлім мен қорқыныштың бірге жүретінін, алайда тіршілік, өмір мен махаббат айбындылығы қатар өрбіп отыратынын баяндайды. Сыншылар бұл фильм туралы былай дейді: ««Күн елді мекені» фильмі соғыс немесе қасиетті қорғаныс жанры туындысынан бөлек, адамның өмірі мен оның амандығын мадақтайтын туынды. Адамдарды күйзеліске ұшырату, өмірді көбірек бағалауға көмектеседі. Фильм соңында жас перзенттің құтқарылуы, шын мәнісінде адамның махаббаты мен рақымдылығының нәсілдес алдында құтқаруы мен мұндай махаббаттың қиын соғыс жағдайында кез-келген қару жарақтан тиімді екенін көрсетеді» деген. «Дуэль» фильмі 1382 (2003) жылы түсіріліп, қасиетті қорғаныс жанры саласындағы қаражаты ең жоғары туынды болып есептеледі. «Дуэль» фильмінде соғыстың сан қырлы тарихы баяндалады. Алайда негізгі ой әлемді жаулап алған өшпенділік пен пайдакүнемділік аясында өрбиді. «Дуэль» фильмінде Зейнал есімді оңтүстіктен келген жігіттің тұтқыннан босатылып, елге оралған соң, тыңшылық пен елге қарсы опасыздық әрекеттеріне күдіктелу оқиғалары және оның өткен өмірі мен тұтқында болған соғыс кезеңінің осалдығын артта қалдыру үшін бүгінгі адамдармен қарым – қатынас орнатуына негізделеді. Өткен шақ тартымды түсіріліп, сюжеттік желі бүгінгі күнге дейін толықтырылған. Фильм директоры халық пен адами қарым-қатынас мәселесі тұрғысында өзінің пікірін шектесе де, соғыс фильміне жаңа кейіп енгізіп, бұл тұрғыдан есте қаларлық фильм түсіру мақсатын қолға алған. Алайда мұндай жаңа көзқарас топ арасында елеусіз қалып, қасиетті қорғаныс жанрындағы жаңа бағытты қабылдағанның орнына, тек оқиғалар мен жағдаяттар шиелінісін қарастырумен шектеліп қалған. Әрине «Дуэль» фильмі турасында көрермендер санасында есте қалатыны, қасиетті қорғаныс негізін жаңадан шеберлі түсіру мен соғыс майданындағы дау – жанжал, поезд жарылыстары мен тағы басқасынан бөлек, өзгелерді өзінің көптеген оқиғаларымен арбайды. Әлбетте соғыс алаңында адами қасиеттерінің тайталасы қауіпсіз сылтау саналады, алайда ол ұлғая түсті. Тіпті өткен кезең мен осы шақ оқиғалары байланыстырылады. «Дуэль» фильмі бір жағынан батыстық кино түрінде есепке алына алады. Себебі бұл фильмде таныс элементтер көп көрініс тапқан. Яғни шөл дала мен сахара, жалғызсыраған кейіпкер, оның айналадағы ортамен танысуы, жылқылар, үстем топпен басқарылатын темір жолы мен қара бодан халық, тіпті киноның аты да сай келеді. Шын мәнісінде «Дуэль» фильмі екі тұлғаның өз ойларына бағынған дәйекті қарсыласуы, яғни Зейнал мен Ескендірдің ақырғы тойтарысы негізінде толықтырыла түседі. «Дуэль» киносы экрандағы соғыстың және қасиетті қорғаныстың жаңа нұсқасын қалыптастырып, мұндай туындылырға сәйкес етіп, жастар қоғамын аталмыш фильм түрлерін тамашалауға жетелейді. Жаратушы Алла мен құлдарының арасындағы рухани байланысы, бір жақты махаббат, масқаралау мақсатындағы қаскүнемдік, оқиғаның жағымды кейіпкеріне азғындық көрсету және тағы да басқа таныс ұғымдар «Дуэль» туындысында бірегей көтеріліп, хикаялар көрермендердің назарын тартады. Ахмед Реза Дарвиш фильмдері көрермендер мен халық арасында үлкен беделге иеленіп, ресми түрде, оның ішінде Иранда өтетін «Халықаралық Фаджр кинофестивалінде» жоғары беделге иеленген. Аталмыш кинофестивальдің әр түрлі кезеңінде «Дуэль» фильмі жеті, «Мехр айының тууы» фильмі үш, «Күнді елді мекен» фильмі жеті және «Алхимик» туындысы үш хрустальды самұрық жүлдесіне ие болған. Ахмед Реза Дарвиш жақында «Ақырет күні» атты туындысының түсірілімін аяқтамақ. Бұл фильм Ашура, Имам Хусейн мен оның ізбасарлары жайында баяндалмақ және Иран киноиндустриясында ең үлкен жобалардың бірі болып есептеледі. Режиссер қазіргі күні туындысы мен көтерген тақырыбы аясында былай дейді: «бірнеше ғасырдан кейін Кербала жерінде орын алған дәлелсіз қақтығыстар, дәстүрлік, әлеуметтік және ұлтаралық нысандарда көрініс табады. Иса пайғамбарымыздай имам Хусейн (с.ғ.) халықты әділеттілікке, рақымдылық пен адамгершілікке шақырады. Әйтсе де халықтың имам Хусейн (с.ғ.) алдындағы қайғысы өз алдына ақиқаттың бір белгісі. Алайда менің ойымша бұл сауалға жауап, халықтың жоқтауы, имам Хусейннің (с.ғ.) өлмес бейнесін көрсетпей ме?» деген.

Тегтер