Maм 09, 2016 18:48 Asia/Almaty
  • Иранның қазіргі заман кинематографиясы

Сіздермен бірге «Иранның қазіргі заман кинематографиясы» апталық бағдарламасы және біздің қасиетті қорғаныс жанрын зерттеуіміз әлі де жалғасуда. Өткен бағдарламада қасиетті қорғаныс жанрының ерекшеліктері мен осы жанрдағы ең үздік кинематографшылары аясында баяндаған болатынбыз.

 Әлбетте бұл орайда қасиетті қорғаныс жанрында қойылған фильмдердің барлығы үздік болмағанын және кез-келген жанр секілді қасиетті қорғаныс фильмдер тізімінде де нашар туындылардың бар екенін айтып өткен жөн. Сол кезден бастап қазіргі күнге дейін соғыс аясында фильм түсірген режиссерлерді бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа соғыс турасында және соғыс тақырыбын баяндайтын режиссерлер жатады. Екінші топқа саясат, экономика, әлеумет, сезім мен тіпті махаббат тақырыбын соғыс желісі арқылы әңгімелейтін кинематографшылар кіреді. Бірінші топқа кіретін фильмдер тізімдемесі көрермендер назарын тартарлық болғанымен, саны жағынан аз. Ал екінші топқа кіретін режиссерлер, соғыс аясында өздерінің қызығушылық танытқан тақырыптарын қамтитын жобаларын дайындағанда, техника жағынан да, көрермендер тарапынан да әлсіз есептеліп, олар бұл жұмыстарын тоқтатқан болатын. Кинематографшылардың мұндай қиыншылықтарға тап болуы, майдан мен соғыс жағдайы туралы тиісінше ақпараттары мен білімдерінің жоқтығы болып табылады. Соғыс аясында түсірілген ирандық фильмдер тізімдемесінде, соғыс туралы тек газет-журналдардан оқып немесе теледидардан көріп, ұғынған және нәтижесінде тек әлсіз фильм түсірген режиссерлерге тап боламыз. Соғысқа негізделген фильмдерге көз жүгіртетін болсақ, олардың соғыс жағдайы мен мәнін түсініспеушілік, кино түсіру әдісіне әсер етіп қана қоймай, туындылары басқа да жағымсыз әсерлер мен келеңсіздіктерге алып келетінін байқаймыз. Мұндай туындыларда дұшпан адам әдейі ақымақ және кемсау кейпінде бейнеленіп, тіпті қарапайым соғыс жоспарын дайындай алмайтын болған. Олар мейірімсіз және надан бейнеленіп, тіпті бар зұлымдық пен қатыгездікпен Иран сарбаздарын о дүниеге аттандырса, ақыр соңында Иран сарбаздарының қаһарына душар болатын. Соғыс жағдайында Иран жауынгерлерінің ұрыс бастамасындағы үстемдігінен, қайраттылық пен ынталылығы анық көрінеді. Ал азғыртушы дұшпан қолында соғыс тактикасы мен қаруға толы қоймаларынан бөлек, Америка, Еуропа және кейбір Араб мемлекеттерінің қолдауына ие болған. Жаудың аңғалдығы Иран кинематографиясында көптеген кейіпкерлердің қате жолмен қабылдануына негіз болған. Иранның көптеген соғыс аясындағы фильмдерінде бейнеленген қаһармандар қуатты бейнеленіп, кез –келген жағдайды батырлығымен жеңе білген. Әлбетте бұл мәселенің тек бір көрінісі. Ал келесі бір жағынан бұл қаһармандар киноиндустрияның бір көрінісінде қарапайым, тақуалы, , сондай-ақ батыл, әрі айбатты сомдалған. Қалыптасқан бұл кейіп Саддам Хусейн әскеріне тойтарыс берген шынайы Иран сарбаздарына жақын келеді. Әдетте мұндай фильмдерде қаһарман кейіпкер шаһид болып, әңгіменің жалғасында қаһарманның абыройы артып, барлығын жеңіп шығады. Ал келесі бір маңызды нүкте, бұл актерлердің күнделікті ойынының тұрақты және шектеулі бірегей клишеге айналуы болып отыр. Өткен жылдар бойында Иран киноиндустриясының көптеген соғыс фильмдерінің режиссерлері, негізгі жоспардың жүзеге асырылуын мойындарына алған, ал қағандары солардың төңірегінде жүрген. Алайда соғыс жанры аясында кино түсіруші үшінші топ та бар. Бұл қатарға кіретін режиссерлер өз туындыларын ерекше көзқараспен көрермендерге жеткізеді. Олардың басым көпшілігі ұзақ жылдары соғыс алаңында шайқасқан және жаңа көзқараспен соғысты, көптеген жасырын мәселелерін көтеріп, соғыс алшақтылығы мен сол мезгіл адамдарын сомдауда назарларын аударған. Соғыс аясындағы Иран кинематографшыларының түсірген фильмдері зерттеліп, талқылануы қажет екенін тайсалмай айтып өтуге болады. Бұл айрықша топпен түсірілген қасиетті қорғаныс және соғыс аясындағы көптеген фильмдері, кинематография көмегімен түсірілген соғыс тақырыбын жан-жақты ашылғанын дәлелдейді. Бұдан бөлек туындылардың көпшілік көрермендермен жақсы қабылдануы, аталмыш режиссерлердің көптеген туындыларының жарық көру факторларының бірі болуы мүмкін. Бүгінгі күні қасиетті қорғаныс фильмдері Ибраһим Хатами Киа, Расул Мулағли Пур, Ахмед Реза Дарвиш және Абдул Хусейн Барзиде, Азизалла Хамид Нежад, Камаль Табризи, Джамаль Шурдже секілді шеберлердің арқасында тиісті бағаланып, көрермендер көңілін жаулап, мәнді орынға ие болуы мен жемісті болуы есесінде өз өмірін жалғастырып келуде. Камаль Табризи 52 жасар ирандық режиссер. Өнер академиясының кино және телевидение факультетін тәмәмдаған. Бүгінгі күнге дейін киноиндустрияда өндіріс, құрылыс, сахналық киімдер, сахна, кинематография, сценарий жазу және басшылық ету қызметтерін атқарып келген. Алайда қасиетті қорғаныс жанрында түсірген фильмдері режиссерді елге атақты етті. Ол соғыс басталғаннан кейін аз уақыт ішінде өзінің өнер жолын бастайды. Көптеген фильмдерде оператор, редактор, қоюшы директор кеңесшісі қызметін атқарған. Соғыс аяқталған соң, майдан және соғыс мәселелерінің жаңа көзқарасын қамтитын «Махаббат тұтқынында» және «Балалық шақтың ақыры» атты фильмдерін түсірген. Ал 1374 (1995) жылы «Менімен бірге Лейли» фильмі режиссер дамуының жаңа кезеңі ғана болып қоймай, бұл жанр өмірінің жаңа кезеңі болды. Табризи бұл туындысында сценарист, режиссер, редактор, сондай-ақ сахналық костюмдер дизайнері болды. Әрі бұл кино көптеген көрермендермен жақсы қабылданып, Саддам Хусейн мен Иран арасындағы соғыстың комедия жанрында түсірілген алғашқы фильмдердің бірі болып есептеледі. «Менімен бірге Лейли» фильмі соғыстан қатты қорқатын бір жас оператор туралы баяндалады. Алайда кейіпкер орын алған жағдайға байланысты, бір топпен баяндама дайындау үшін, майданның алдыңғы қатарына аттануға мәжбүр болады. Майдан шебінің тылына баруға қанша тырысқанымен, кейіпкер әрдайым жауға жақындай түседі. Кенеттен жас оператор жараланып, ауруханада есін жинайды. Сол кезеңде басынан кешірген оқиғалар, оны қайта соғыс алаңына бет бұрған батыл жігітке айналдырады. Фильм сценариінде көтерілген ең маңызды тақырыптар бұл майдан алаңында және тылда адамдардың бір бірімен көрісуі, соғыс аймағында жылы қарым –қатынас, сондай-ақ олардың жаратушы Аллаға жақындай түсуі мен барлық шарттардағы оның көмегі болып табылады. Жауынгерлердің адалдығына, шынайылығы мен сенімдеріне құрмет көрсету, бір Аллаға үміт пен қажетттілік және өмірде одан көмек сұрау, «Менімен бірге Лейли» фильмінің негізгі өзегі болып, көптеген көрермендердің жағымды назарын өзіне баулайды. Фильм актерлерінің ұнамды әрі мықты сықақ ойыны, есте көпке дейін қалатын және қасиетті қорғаныс аясында шоғырланған түрлі туындылар түсіруге жол ашқан. Джамаль Шурдже Иран кинематографиясында қасиетті қорғаныс турасында бірнеше фильм түсірген және бұл салада бірнеше жыл көлемінде жұмыс жасап келе жатқан келесі бір режиссер болып табылады. Ол кинематография саласында жоғарғы оқу орнын бітіріп, он екі жыл көлемінде сапасы жоғары қасиетті қорғаныс фильмдерін түсіріп келуде. Шурдже өз фильмдерінде жауынгерлердің ішкі рухани жағдайын, сенімдерін ақиқатқа жақын етіп түсіруге және олардың қасиетті қорғаныс жылдарындағы іс-әрекеттері мен толғаныстарын түсіндіруге тырысады. Мысалы, соғыс біздің сенімізге негізделіп, бұл майданда түрлі қару жарақ пен бірінші қатарлы материалдық құралдарға сүйенбейді, шын мәнісінде Иран жауынгерлерінің азғын қарумен, алайда өздерінің ар намысы мен сенімі арқасында жеңіске жетелеуі болып есептеледі. Джамаль Шурдженің барлық фильмдері соғыс жылдарындағы майдан қақтығыстары жайында баяндалып, оның сол кез тарихы мен ақиқаттылығына баса көңіл бөлетінін көрсетеді. Оның туындыларындағы оқиғалар әдетте сол кездегі әскери іс-қимылдар мен тұлғаларға, соғыс жылдарындағы тарихи үндеулерге және Иранның тарихи кезеңінің ақиқаттылығына сәйкес негізделеді. Шурдже екі жыл бұрын, Ливиядағы Хезболла ұйымы мен халықтың наразылығы және оның сионистік режим әскерлерін жеңуі турасынды «33 күн» атты фильмін түсіріп, онда сол жердің отанқорғаушылардың отаны мен сенімін баяндаған. Бұл фильм Ливия жерінде араб актерлерімен сомдалып, бүгінгі таңда көрсетілген мемлекеттерде көрермендермен жақсы қабылданған.

Тегтер