Maм 09, 2016 18:54 Asia/Almaty
  • Иранның қазіргі заман кинематографиясы

Бұл аптада сіздерді Иранның балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер мен осы жанр кинематографиясының сапасы туралы таныстыратын боламыз.

Балалар телеарналар мен кинотеатр фильмдері мен бейнетуындыларының негізгі көрермендерінің бірі болып табылады. Тәжірибе оқиғалар мен хикаяларға толы, ғылыми-фантастика және комедия жанрындағы фильмдердің балалар мен үлкендерді бірдей мөлшерде еліктретінін көрсетеді. Алайда балаларға арналған арнайы фильмдердің өзегі мен негізгі элементі қиял-ғажайып, еліктіруші, шытырман оқиғалар мен белгілі-бір ой немесе жолдау шиеліністерін қамтып, осы өнер майталмандарының назарларын аударады. Иранда ислам революциясына дейін балаларға арналған фильмдер жаппай өндіріс түрінде түсірілмей, тек балаларға арналған фильмдер өндірісі саласында алғашқы қадамдар жасала бастады. Шәмси жыл санағы бойынша 1340 (1960) онжылдығының басында мультфильмдер түсіру үшін талпыныстар жасалып, "Өнер және мәдениет министрлігінің анимация басқармасының" құрылуымен жүзеге аса бастады. Дәл осы жылдары Иранның ұлттық телеарнасы ашылып, балаларға арналған арнайы туындылардың өндірісінде жедел қажеттілік сезіле бастады. Алайда осы салада шынайы талпыныстар "Балалар мен жасөспірімдердің ой-санасын тәрбиелеу" ұйымының құрылуымен басталды. Бұл орталық 1344 жылы (1965) балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптарды басып шығарудан бастап, тез арада өзінің қызметінің шеңберін өзге салаларға кеңейтті. Сурет өнері, музыка, театр және ақырында фильмдер мен кинематография "Балалар мен жасөспірімдердің ой-санасын тәрбиелеу" орталығының назарында болды. Сондай-ақ осы орталықта көркемөнер туындыларын өндіру, түсіру және үйрету күн тәртібіне енгізілген болатын. 1345 жылы (1966) балаларға арналған фильмдердің халықаралық кинофестивалі "Балалар мен жасөспірімдердің ой-санасын тәрбиелеу" орталығының бастамасымен өткізіліп, ирандық кинорежиссерлердің ирандық балаларға арналған туындылар түсіру қажеттігіне түрткі болды. "Балалар мен жасөспірімдердің ой-санасын тәрбиелеу" орталығы балалар мен жасөспірімдерге арналған зияткерлік, әрі көңіл көтеретін фильмдерді Иранда осы өнеркәсіп түрінің дамуы аясында түсіріп, 1349 жылдан (1970) бастап қызметін бастады. Техникалық топ құрылып, қажетті құрал-жабдықтар мен саймандармен қамтамасыз етілген соң фильм өндірісіне көшті. Иранның ұлтық телеарналары да ұқсас жағдайда болды. 1340 онжылдығының соңында балаларға арналған арнайы бағдарламалар өндірісі мен түсірілімі басталды. Сол заманның дарынды әрі жас режиссерлерінің көбісі "Балалар мен жасөспірімдердің ой-санасын тәрбиелеу" орталығына тартылды. Аббас Киарастами, Мохаммад Реза Аслани, Фаршид Маскали, Әли Акбар Салехи, Парвиз Кимиави, Ибраһим Фарузеш, Киюмарс Пурахмад және тағы басқалар өздерінің өнер жолдарын балалар мен жасөспірімдерге арналған туындылар түсіруден бастаған Иран кинорежиссерлері болып табылады. Қырқыншы жылдары балаларға арналған тек 4 қысқа метражды, бір зияткерлік және екі қысқа қуыршақ фильмдері өндірілді. Фильмдердің көбісі сапасы төмен анимациялық туындылар болды. Елуінші жылдары (милади жыл санағы бойынша 70 жылдар) киноиндустрия даму үдерісіне бет бұрды. 12 көркем фильм, 34 қысқа метражды фильм және бірнеше зияткерлік және қуыршақ фильмдері түсірілді. Шамамен оның үштен екі бөлігі "Балалар мен жасөспірімдердің ой-санасын тәрбиелеу" орталығына тиесілі еді. Сол кезеңдері орталық тек кино түсірумен шектелген жоқ. Олар өзге де бағдарламаларды да жүзеге асырумен айналысты: киноөндірісінің оқыту курстарын ұйымдастырып, осы киноөндірісіне оқыту орталығы дайын, әрі жарқын туындыларын ұсынды. Бұдан басқа Теһран кинотеатрларының бірі балаларға арналған ирандық және шетелдік аса көрнекті туындыларды көрсетуге арнады. Осыдан бастап балалар және жасөспірімдер кинематографиясына шынайы көзқарас қалыптаса басталды. Орталықтың революцияға дейінгі өндірісінің арасында негізгі үш көрсеткішті туынды, яғни Аббас Киарастамидің "Саяхаттаушы", Шапур Қарибтің "Үш ай демалыс" және Амир Надеридің "Саз сырнай" фильмдері түсіріліп, революцияға дейінгі балаларға арналған мәңгілік туындылардың қатарын құрады. Ислам революциясының жеңісінен кейін балаларға арналған көркем фильмдерді түсіру 1359 жылы (1980) Дариуш Мехрджуи режиссерлік еткен "Әдел-Офақ мектебінің артқы ауласы" туындысынан бастау алды. Кейіннен ол "Біз барған медресе" деген атпен көгілдір экранға шықты. Уақыт өте келе балаларға арналған фильмдер өз орнын тауып, күнен күнге дами түсті. "Желаяқ", "Ибраһим Гүлстанда", "Тышқандар қаласы" және "Гүлнар" фильмдері революциядан кейінгі бірінші көрсеткішті туындылар болып табылады. Аталмыш фильмдердің сапасы көрермендер көңілін аулап, балалар және жасөспірімдерге арналған кинематографияны елеулі түрде көтеріп, мемлекеттік ұйымдардан бөлек жеке бірлестіктердің де осы салада еркін қызмет атқаруларына жағдай жасады. Балаларға арналған кинематографияның дамуын жалғастыру талпынысы "Балалар мен жасөспірімдердің ой-санасын тәрбиелеу" орталығында да өз жалғасын тапты. Бұл ұйым анимациялық, деректі және қысқа метражды фильмдер аясында мәңгі туындыны түсіруге және ұсынуға тырысты. Әлбетте балалар әлемінің сыйлы режиссерлері үлкендерге арналған кинематографияға бет бұрып, осы саланың жаңа өнер майталмандарына жол ашқан. Балаларға арналған фильмдер өндірісінің дамуы революциядан кейінгі бірінші онжылдықта, сондай-ақ фильмдер сапасының жоғарылауы балалар мен жасөспірімдерге арналған туындыларға тиісті назар аударылғанын, әрі кинематографияның өзге білім беру ұйымдары секілді тәрбие және білім беру салаларына да атсалысып, оқу құралы ретінде қабылдана бастағанын көрсетеді. Осы орайда Иран балалары мен жасөспірімдер санының өзге жас санатының арасында өсуі де өз септігін тигізіп, мәдениеттің елеулігін, бюджеттен қаражат бөлу мен мүмкіндіктердің жоспарлануын талап етті. Бұл күндер Ирактың "Баас" режимі тарапынан Иранға салмақ түсірген соғыстың басталуымен дөп келді. Дәл осы жағдай кинорежиссерлерге жаңа шарттар мен Иранның жаңа қоғамында балалар мен жасөспірімдерге арналған ерекше туындылар түсіруге әсер етті. Иранда балаларға арналып түсірілетін фильмдер және балалар оны емін-еркін тамашалайтын туынды «балалар фильмдері» деген атпен танымал болды. Мұндай туындыларды түсіру арнайы кәсіпті талап етті. Осы туындылардың негізгі мақсаты балаларды фильмге қызықтырып, оларды баурап алу болған. Алайда солардың барысында режиссердің проблемасы мәселелердің жобасы мен балалардың қиындықтары болатын өзге де туындылар бар. Бірақ бұл фильмдердің негізгі көрермендері балалар емес, оларды үлкендер көруі керек. Бірақ сол фильмдерде балалардың қатысуы тек сылтау ғана туындылар да түсіріледі. Оның негізгі роліне қарамастан режиссер басқа орынға көңіл бөлген. Осы туындыларда негізгі проблема балалар емес, олар басқа адамдардың мысалы, символдары болып есептеледі. Үшінші топқа жататын фильмдердің қалыптасуында анықтаушы рольге ие болған, олардың дамуына өз үлесін қосқан нәрсе ол түрлі түсті реңке ие өзге мемлекеттердің кинофестивальдерінің көңіл-күйі мен саяси жағдайы болды. Келешекте сол жайлы кеңірек талқылайтын боламыз. Белгілі бір уақыттың бір кезеңінде дүниежүзілік кинофестивальдерді балалар әлеміне қатысты ащы көзқарастың түрі қызықтырды. Бірқатар ирандық режиссерлер де осы көзқарасқа қосылып, туындыларын түсіріп, әлемдік қолдауға ие болды. Алайда қазіргі таңда осы алқалы топтарда кейбір режиссерлерді басқа бағытқа бұрған өзге үдерістер мен талғамдар үстемдік етуде. Туындыны түсіру түрі мен орындау тәсілдері тұрғысынан да балалар мен жасөспірімдергеарналған фильмдер классификацияланады. Яғни, Иранда балалар мен жасөспірімдерге арналған көркем фильмдер, қысқа метражды туындылар, аннимациялық фильмдер мен қуыршақ кинолары түсіріліп жатыр. Алайда балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің жалпы класификациясы көбінесе әлеуметтік және отбасы фильмдері саласында қарастырылады. Себебі Ирандағы балаларға және жасөспірімдерге арналған фильмдердің басым бөлігі бастапқы кезеңнен қазіргі күнге дейін әлеуметтік және отбасылық мазмұнға ие. Отбасылық және зияткерлік тақырыптардан басқа қиял-ғажайып, тарихи және эпостық туындылар да осы тізімнен орын тапқан. Ислам тарихы, Алла пайғамбарларының өмір тарихы мен Құран хикаялары да соңғы жылдары балаларға арналған фильм түсіруші режиссерлердің назарларына ілініп, солардың желісінде көптеген анимациялық туындылар түсіруге себеп болды.

Тегтер