Шіл 18, 2023 23:34 Asia/Almaty

Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 896-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.

"Зухруф" сүресінің 1-4-аяттарына құлақ түріңіздер:

«بِسْمِ اللَّـهِ الرَّحْمَـنِ الرَّحِیمِ»

 «حم»، «وَالْکِتَابِ الْمُبِینِ»، «إِنَّا جَعَلْنَاهُ قُرْآنًا عَرَبِیًّا لَّعَلَّکُمْ تَعْقِلُونَ»، «وَإِنَّهُ فِی أُمِّ الْکِتَابِ لَدَیْنَا لَعَلِیٌّ حَکِیمٌ»

 

Аяттардың аудармасы: 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Ха Мим. (1)

Ашық Кітапқа серт. (2)

Расында түсінулерің үшін оны Арапша Құран қылдық. (3)

Күдіксіз ол қасымыздағы негізгі Кітапта өте жоғары, терең сырлы. (4)

 

Бүгінгі бағдарламада "Зухруф" сүресін тәпсірлеуді бастаймыз. Бұл – Құранның 43-ші сүресі. Онда 89 аят бар. Меккеде түскен басқа сүрелер сияқты мұнда да бастау, қиямет күні және пайғамбарлық сияқты тақырыптар сөз болған.

Құранның 7 сүресі "Ха Мим" деп басталады. "Зухруф" сүресі де солардың бірі. Басқа ұқсас сүрелердегідей, осы курсивті әріптерден кейін Құранның адамзат баласына жетекшілік ету үшін жіберілгені айтылған.

Бұл сүреде курсивті әріптерден кейін Құран атымен ант етілген. Кітаптың ақиқаты айқын. Ол ағартушылыққа мәйек болып, жетекшілік пен бақыт жолын ашық түрде көрсетеді.

Кітаптың бастапқы оқырмандары араб тілді халық болды. Кітап араб тілінде жазылған. Бірақ араб ұлты мен нәсіліне ғана арналмаған. Оның мазмұнын бүкіл адам түсіне алады. Кітапты жіберген Құдай барлық адамдардан аяттарды түсініп, орындауды, биік тағылымдары жайлы ойлап, қырағылықпен оған иман келтіруді талап етеді. Осы кітапқа иман келтіргеннен кейін оның сындарлы тағылымдары мен жолнұсқауларын орындау керегі айқын.

Кейбіреулер айтқандай, Құран Мұхаммед есімді адамның сөзі емес, Құдайдың сөзі, оның негізі мен ақиқаты Құдайдың қолында, Ум-ул-Китаб (Кітаптардың анасы) немесе Ләухул-махфузда бекітіліп, тіркелген. Бұл кітап илаһи ғылым мен хикмет негізінде жазылған. Илаһи кітаптардың барлығының бастауы саналады. Ғаламның барлық ақиқаты, адамзат бақыты мен сорының құралдары және хикмет пен кемелдікке керектің барлығы сонда баяндалған. Оның мазмұны өзгертілмейді де бұрмаланбайды.   

 

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Құранның қасиеттілігі сондай, Құдай онымен ант еткен.
  2. Құдай жолын таңдау еліктеу мен еру негізінде емес, ойлану мен түйсіну негізінде болуы тиіс.
  3. Барлық пайғамбарлардың жолдауы мен илаһи кітаптардың мазмұны бір. Өйткені бір бастаудан түскен.

 

 "Зухруф" сүресінің 5-8-аяттарына құлақ түріңіздер:

«أَفَنَضْرِبُ عَنکُمُ الذِّکْرَ صَفْحًا أَن کُنتُمْ قَوْمًا مُّسْرِفِینَ»، «وَکَمْ أَرْسَلْنَا مِن نَّبِیٍّ فِی الْأَوَّلِینَ»، «وَمَا یَأْتِیهِم مِّن نَّبِیٍّ إِلَّا کَانُوا بِهِ یَسْتَهْزِئُونَ»، «فَأَهْلَکْنَا أَشَدَّ مِنْهُم بَطْشًا وَمَضَى مَثَلُ الْأَوَّلِینَ»

Аяттардың аудармасы: 

Сендер шектен шыққан ел екен деп, үгіт баян етуден айнып кетейік пе? (5)

Бұрынғыларға қаншалаған пайғамбар жібергенбіз. (6)

Олар өздеріне келген пайғамбарды ұдайы мазақ қылды. (7)

Сондықтан олардан күштіректерді типыл қылдық. Бұрынғылардың мысалы өтті. (8)

 

Тарих бойында байқалған илаһи сүннеттердің бірі – халыққа жетекшілік ету үшін пайғамбарлар жіберу және илаһи кітаптар түсіру. Әрине әрдайым халықтың бір тобы мен билеушілер оларға қарсы шықты, тіл тигізу және масқаралау сияқты тәсілдерді пайғамбарлардың тұлғаларын басып-жаншуға қолданған. Кейде осы қарсылықтарды шарықтау шегіне жеткізіп, пайғамбарлардың тағылымдарының таралуына тосқауыл қою үшін кез келген құралды пайдаланған. Олар тіпті соғыс пен қақтығыстар тудырып, пайғамбарлар мен олардың ізбасарларын өлтіріп отырған.

Алайда Құдай адамдардың осы қылықтарына бола пайғамбарлардың миссиясын кейінге қалдырмады. Әрине қарсыласқандар ақыры өліп, жоқ болды. Олардың өмірі ғибрат алар сабаққа айналды.

 

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Діни көсемдер мен үгітшілер кейбір кедергілердің болуына байланысты өз міндеттемелерін орындаудан, хақ жолдауын жеткізуден бас тартпауы тиіс.
  2. Иман келтіргендер қарсыластардың масқаралап, қорлағанына бола өз жолында әлсіздік танытпауы тиіс. Өйткені пайғамбарлар әрдайым кәпірлердің бір тобы тарапынан масқараланған. Бірақ бұл ұлы адамдар төзімділік танытып, өз жолын жалғастырған.
  3. Илаһи жаза ақыретке ғана тиесілі емес. Құдай ысырапшылық пен әсірешілдікке ұрынған кейбір мықты қауымдарды осы дүниеде жойып жіберді.

 

"Зухруф" сүресінің 9-10-аяттарына құлақ түріңіздер:

«وَلَئِن سَأَلْتَهُم مَّنْ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ لَیَقُولُنَّ خَلَقَهُنَّ الْعَزِیزُ الْعَلِیمُ»، «الَّذِی جَعَلَ لَکُمُ الْأَرْضَ مَهْدًا وَجَعَلَ لَکُمْ فِیهَا سُبُلًا لَّعَلَّکُمْ تَهْتَدُونَ»

Аяттардың аудармасы: 

(Мұхаммед Ғ.С.) егер олардан: “Көктер мен жерді кім жаратты?”,- деп сұрасаң, әрине: “Оларды өте үстем, аса білуші Алла жаратты” дейді. (9)

Сондай Алла, сендерге жерді бесік қылды да, онда тура жүрулерің үшін жолдар жаратты. (10)

 

Бұл аяттарда пайғамбарлардың миссиясы халықтың көкірек көзін оятып, олардың назарын Жаратушыға аудару екені айтылып: "Пұттарға табынатын мүшріктерден "Ғаламды кім жаратты?" деп сұраса, "Құдай аспан мен жерді жаратты" деп мойындайды",-деліген.

Адамдардың көбі күйбең тірліктің қамымен жүретіндіктен болмыстың бастауы мен ғаламның соңынан ғапыл қалады. Олар ұйқы, тамақ пен өмір ләззатын көздеп, осы мақсаттарға жету жолында қаражат табуға тырысып, өмір өткізеді. Шын мәнінде бұлар өмірдің шынайы мақсаты емес. Адам осындай материалдық мақсаттарға жеткеннен кейін ішкі ризашылық пен бақыт сезіміне бөленбейді.

Пайғамбарлар адамдарға "Істерінің ақырынан ғапыл қалмасын, қым-қуыт тіршілікте Құдайды ұмытпасын" деп ескерту жасауға келген. Құдай оларды жаратып, түрлі нығметтер берген. Құдай жерді адамға тыныштық сыйлайтын бесік қып берді. Мына мәселеге көңіл аудару керек: Тартылыс заңы мен басқа да факторларға байланысты бірнеше түрлі қозғалып тұрған Жердің тыныштығы сондай, оның тұрғындары еш қолайсыздық сезінбейді.  

Тағы бір нығмет: Құдай сіздерге жерде бағыт алып, мақсаттарыңызға жету үшін жолдар берді. Айта кету керек, құрлықтың барлық жағалауын үлкенді-кішілі таулар мен төбелер алып жатыр. Әлемдегі биік таулардың арасында адамдар өте алатын жолдар мен өткелдер орналасқан. Мұның өзі илаһи нығметтердің қатарына жатады.

Осындай нығметтерді адамдардың ықтиярына беріп, ғаламды жаратып, басқарып тұрған Құдай ғана ғибадат етуге лайықты. Шын мәнінде адам оған сыйынып-табыну арқылы әлемнің нығметтеріне бөленіп, жәннаттың биік сатысына жол таба алады.

 

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Құдайтану – табиғи іс. Бірақ адам Құдайдан ғапыл қалмауы үшін ескерту мен назар аударуды талап етеді.
  2. Өмірде илаһи нығметтерге көңіл аудару – ғапылдықты жойып, жүрек пен рухты таттан тазартудың ең жақсы жолы.
  3. Аспан мен жерді жаратқан және адамдарға қажетті барлық мүмкіндіктерді тудырған Құдай адамдарға жетекшілік ету құралын да жасады. Сол арқылы адам бұ дүние мен о дүниеде бақытқа жете алады.

Бүгінгі бағдарлама осымен аяқталды. Баршаңызды бір Аллаға тапсырамыз.