Maм 10, 2016 18:58 Asia/Almaty
  • Иранның қазіргі заман кинематографиясы

Өткен аптадағы бағдарламада Иранның балалар мен жасөспірімдер кинематографиясы туралы зерттеуімізді бастаған болатынбыз.

 Осы кинематография саласы хижри жыл санағы бойынша он төртінші ғасырдың қырқыншы жылдары (милади жыл санағы бойынша жиырмасыншы ғасырдың 60 жылдары) қалыптасқанын естеріңізге сала кетеміз. Алайда Иран Ислам революциясынан кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған кино жанры елеулі өзгерістерге ұшырады. Бюджет пен мүмкіндіктерді үйлестіру, балалар мен жасөспірімдерге арналған ерекше кинофильмдердің түсіріліп, көрсетілуі мен кинофестивальдардың өткізілуі және кинематографияға жаңа буын жас режиссерлердің келуі осы киноиндустрияның дамуы мен осы салаға деген қызығушылықтың артуына ұластырып, Иранның балаларға арналған фильмдері шетелдерде әртүрлі тілдерге аударыла бастады. Осы аптада да революциядан кейінгі жылдары балаларға арналған фильмдердің қалай дамығаны туралы әнгімелейтін боламыз. Қазіргі таңда отбасы мен білім беру мекемелері баланың рухани тәрбиелеудің негізгі екі өзегі ретінде балалардың келешектегі қабілеттерін түрлі білім беру жолдары арқылы қалыптастырады. Әдебиет, көрме, кескіндеме, сурет өнері және ойын – балаларды қызықтырудан бөлек, оларға түрлі мазмұнда білім берудің жалпы әдістерінің қатарында қарастырылады. Осы әдістердің оңтайлы, әрі әсер етуші қасиеттері балалардың бойында тиісті қызығушылықтарды тудырады, сондай-ақ ата-аналар мен білім және тәрбие беру ұйымдарының қызметкерлері үшін лайықты кеңістік болып есептеледі. Фильм әңгіме-хикаяларды бейнежазба түрінде беретін пайдалы құрал-жабдық болып есептеледі. Көптеген факторлардың қолданылуы, адамзаттың көңілі мен назарының түрлі аспектілерін қамтуы көрерменді көбірек еліктіреді. Фильм өзінің түрлі формасында балалар үшін практикалық аспектіні қамтып, зияткерлік фильмдер мен кинематографиядан бастап теледидар бағдарламалары, жарнама немесе көңіл көтеретін аннимацияларға дейін қамти алады. Олардың барлығының ерекшелігі балалар мен жасөспірімдерге әсер етушілік қасиетке ие болуы мен жас санатына байланысты тиісті назар мен іс-шараны көбірек талап етуі болып табылады. Фильмдер мен кинематография мінсіз жағдайларда балалардың әуесқойлық сезімдерін қанағаттандырып немесе олардың сауалдарына жауап бере алады. Балалар мен жасөспірімдердің көңілдерін әлемнің ғажайыптары баулиды. Ал фильмді тамашалағанда, камерамен бірге дүниені барлайды, әрі осы жолда олардың қызығушылықтары арта түседі. Қиял-ғажайып пен фантазия әлеміне қызығушылық балалар өмірінің ең маңызды аспектілерінің бірі. Ол өнер жолының негізі бола тұра да, егер осы қызығушылық білім берумен ұштасса, пайдасы молынан тиеді. Осы кіріспені Иранда балаларға арналған кинематографияның маңызды ерекшеліктерімен таныстыру үшін баяндаған болатынбыз. Кинематография шамамен барлық туындыларында осы кезеңнің қырларын айқындап, туындыларында ахлақи, психикалық және рухани саулық пен білім беру ерекшеліктерін қуаттайды. Иранның балаларға арналған кинематографиясы озық, әрі өміршең құбылыс ретінде тәлім-тәрбие беру шеңберінде қызмет атқарып, осы саланы балаларға тәрбие беру жүйесі тізбегінің бірі ретінде қабылдату жолында күш салуда. Әлбетте кейбір жағдайларда салыстырмалы сәтсіздіктермен кездеседі. Бірақ бұл жағдай осы саланың дұрыс түсінілуі немесе кейбір факторларының қолданылмауына себеп болуы мүмкін. Осы ретте бұл дәстүрдің Иранның көркем өнер шеберлерінің арасында бұрыннан жарысқа ұласқанын айтып өткен жөн. Сондай-ақ көне жазбалар мен әдебиеттерде де бала тәрбиесіне және осы мәселенің шынайы қарастырылуына назар аударылған. Хижри жыл санағы бойынша жетінші ғасырдағы Иранның атақты шайыры Сағди туындысын мысал ретінде алып қарастырсақ, оның бағалы "Гүлстан" еңбегінің бірінші бөлімі тәлім-тәрбие тақырыбына арналып, соның барысында бала тәрбиесінің нақты, әрі маңызды мәселелері талқыланған. Бала тәрбиесінің маңыздылығы өлең, әңгіме-дастандар, мысалдар, хикаялар мен сурет сынды өнер туындыларында оқырман, тындарман және көрермендерге білім беру және білгірлік мақсатында жүзеге асып көрініс тапқан. Кинематографияның жаңадан қалыптасқан өнер түрі болғанына қарамастан, бұл кеңістік өнер майталмандарына кең өріс алған көркемөнер түрінде әсерін тигізіп, көбінесе білім беру акпектісі түрінде қабылданған. Тіпті кейбір туындыларда көңіл көтеретін, қызығушылық тудырту қырларының жиі кездесуі зияткерлік және тәрбие беру аспектілеріне көбірек көңіл аудартатты. Егер балалар мен жасөспірімдерге арналған кинематографияға зияткерлік тақырыбының зарары көзқарасымен қарасақ, балалар әлемінің ерекшеліктерін жеткіліксіз тану және оның үндеуін жеткізуші адам осы туындылардың бірқатарына зиян келтірген, әрі олардың ақырғы мақсаттарынан алыстатқан. Мысалы "Қуыршақтар ұрлықшысы" фильмінде ересектердің рақымдығы мен пайымдылығы клишеге ұшыраған насихат түрінде баяндалып, фильм басында фантазия мен қиял-ғажайып жақсы бейнеленген туынды ішінара күйреуге тап болады. Кинематография маманы, сыншысы және режиссері Ирадж Карими дәл осы салада: "Фильмнің мазмұны мен құрылымы арасындағы ара-қатынас өте маңызды. Әлемнің балалар кинематографиясының ең үздік үлгілері қиял-ғажайып, оқиғалар өзегі міндетті түрде жарқын, әрі өмірмен шиеленісіп, фильм әлемінің табиғи нәтижесінің жолдауын қамту керектігін көрсетеді" – дейді. Ол бірқатар үлгілердің арасынан мысал келтіріп, «Олардың ішіндегі шынайы оқиғалары туындының жалпы мазмұнына сәйкес көрермендерді бір нәтижеге жетелейді» дейді. Осы сыншының пікірінше "Саяхатшы" фильмінің режиссері сюжет астарында өз ойын жеткізіп, фильмнің негізгі ойы мен оның нәтижесі жас көрермендердің өздеріне тапсырылған. Аталмыш фильмде кішігірім қаладан елдің астанасына футбол ойындарын көру үшін сапар шеккен бозбала жайында әңгімеленеді. Ол осы жолдағы барлық қиындықтарға қарамастан стадионға жетеді. Алайда қатты шаршағандықтан ұйықтап қалып, ойын аяқталып, көрермендер стадионнан шығып бара жатқан кезде бір-ақ оянады. "Саяхатшы" фильмі үгіт-насихат жүргізудің орнына, дұрыс баяндау тәсілін таңдап, осы саланың сәтті үлгісіне айналған. Осы мәселені өзге тұрғыдан алып қарастырып көрелік. Аталмыш саланың сәтті туындылары кинематография саласының меңгерілуі мен әйгілі фильмдердің балалар мен жасөспірімдер аудиториясына қажеттілік тудыртатынын көрсетеді. Хижри жыл санағы бойынша 1360-1370 жылдары ирандық кинорежисерлер балалар жақсы қабылдайтын фильмдерді құптап, құнды туындыларын түсіріп, әлемдік көрермендерді қуантып, кинематография мамандарын атақты етті. Осы жылдары түсірілген көптеген ирандық кинофильмдердің арасынан балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы кинотуындылар алдыңғы қатарлардан көрінді. Дәл осы нысана балаларға арналған фильмдер арасында ирандық кинорежисерлердің табысын көрсетті. Революцияға дейінгі жылдары жоғары статистиканың болуына қарамастан мұндай фильмдер легі болған жоқ. Сол заманның туындылары балалардың шынайы қажеттіліктерін қарастырған жоқ, әрі осы жас санатты топ көрермендерінің назарын баули алмады. Киноматография аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер өндірісі 1360 жылдары нығая түсіп, балаларға арналған фильмдер категориясында Иран кинематография туындыларының ішінен ең үздік, тіпті сол заманның сатылымы жоғары фильмдері шыға бастады. Дәл осы іс-шара «Фаджр халықаралық кинофестивалінің» тұсау кесерінен бастап балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы кинотуындылардың да негізін қалады. Осы кинофестивальдің алғашқы кезеңі шамси жыл санағы бойынша 1361 жылы (1982ж) өтіп, біртіндеп кинематографияның үздік туындылары, әсіресе ирандық кинофильмдер әлемдік сенімге ие бола бастады. Иранның орталығында орналасқан Исфаһан қаласы жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен балалар мен жасөспірімдер саласындағы өнер майталмандары мен кинорежисерлердің бастарын қосады. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған Исфаһан» кинофестивалімен қатар міндетті түрде халықаралық «Білім және тәрбие беруді дамытатын фильмдер» кинофестивалін атап өткен жөн. Бұл фестивальдің революцияға дейінгі жылдары негізі қаланғанымен, оның дамуы мен өркендеуі революциядан кейінгі кезеңде көрініс алды. Осы мәдени және өнер үдерісінің барысында балалар мен жасөспірімдерге арналған зияткерлік фильмдер мектеп ұстаздары мен ата-аналарға көрсетіліп, ең үздік әдіс-тәсілмен түсірілген білім беру және тәрбиелік мәні бар туындылар ынталандырылды. Балалар мен жасөспірімдер саласында түсірілген кинотуындылардың барлығынан көзге түсетін жайт, ол Иран кинематографиясының өзегінде білім және тәрбие беру аспектілерінің болуы. Бұл маңызды көрсеткіш психологиялық ұстанымдар мен көркемөнер әдістерімен бағаланады. «Илаһи түс», «Аспан балалары», «Қажеттілік», «Әйгілі қиссалар» және «Құмыра» секілді құнды кинотуындыларды осы қатарға жатқызуға болады.

Тегтер