Ұлы тұлғаның алдында 12
Адамның Алладан алыс болуы тамшының теңізден алыс болуы және гүлдің шөлін қандыру үшін жаңбырды қажет етуі сынды. Бір сөзбен айтқанда, Алладан алыстаған адам жалғыз қалғандай болады.
Абсолюттік жалғыздық, яғни ешбір нәрсе адамның өмірінде Оның орнын толтыра алмайды. Бұл дағдарысты шешетін жалғыз жол Аллаға оралу және әлемнің Жаратушысымен бірлікте өмір сүру болып табылады. Егер адам өзінің Жаратушысына оралып, оған жүрегімен беріліп кешірім сұраса, бірте-бірте оның жүрегінде илаһи нұр пайда болып, шаршаған рухы жаңа демге ие болады. Иә, Аллаға жақындайтын және онымен қарым-қатынасты жаңғыртатын жолдардың біріне кешірім сұрап, тәубеге келу жатады. Иранның Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи кешірім сұраудың маңыздылығы туралы: «Бірінші қадам – Ұлы Алладан кешірім сұрап, оған оралу. Тәубе, яғни Аллаға қарай оралуымыз... Алла Тағала адамға кешірім сұрау сынды үлкен нығметті сыйлады. Егер сендер жасаған күнәларыңа өкінсеңдер, тәубе мен кешірім сұраудың жолы ашық. Сендер күнә жасаған кезде өз денелеріңді жаралап, оған микроб кіргізгендей боласыңдар. Егер жарақаттың, аурудың немесе соққының орнын кетіргілерің келсе Жаратушы дарбазаны ашық қалдырды. Бұл – тәубеге келіп, кешірім сұрау және Оған оралу дарбазасы. Егер Жаратушыға қарай оралсаңдар ол кешіреді. Бұл Алланың бізге берген үлкен сыйы»,- деді. Күнәләрдің әрқайсы адамның рухына, болмысына соққы беру болып саналады. Күнәләрдің салдарынан адамның рухының анықтығы жойылып, ол ластанады. Басқаша айтқанда, күнә жасаған адам өзінің басқалардан артықшылығынан айырылады деп айтуға болады. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, күнә адамның болмысындағы руханият пен оны әлемдегі басқа жаратылыстардан өзгеше ететін сипаттарын азайтып, хайуандарға жақындатады. Ислам революциясының жетекшісінің өзі ахлақ ұстазы және исламдық рауаяттар мен Құран аяттарынан толық хабардар болып, күнәдан алыстаудың қажеттілігін қуаттайды. Хазіреттің пікірінше, күнәләр адамның бүкіл болмысын ластап, жоғары мәртебеге ие адамды ең жаман, құнсыз хайуанға айналдыра алады. Хазірет осы ретте: «Күнәны маңызсыз немесе кішкентай санамаңдар. Өтірік айту, ғайбат, адамның беделіне көңіл бөлмеу, зұлымдық жасау, тіл тигізу – мұның барлығы аз немесе кішкентай күнә емес. Күнәсін түсіну үшін адамға жылдар бойы күнәға бату қажет емес. Жоқ, бір күнәнің өзі күнә. Күнәні кішкентай деп санауға болмайды»,- деп қуаттады. Басқа жақтан аятолла Хаменеи күнәләр үшін кешірім сұраудың әсері туралы: «Күнә біз бен илаһи рақымдылықтың арасындағы кедергі. Жеке адам немесе адами қоғам жасаған күнәсіне байланысты илаһи рақымдылық, илаһи нұр, илаһи жетекшілік, Жаратушы тарапынан жіберілетін табыс, көмек және әртүрлі салалардағы жетістіктерден айырылады. Кешірім сұрау бұл кедергіні алып тастап, біздің алдымыздан илаһи рақымдылықтың жолын ашады. Бұл кешірім сұраудың пайдасы саналады»,- деді. Күнә адамның жаратылысындағы рухани сипаттарын азайтып, күнәнің жалғасуы адамды адамгершіліктен алыстатады. Адам тәубеге келіп, кешірім сұрап, жүрегі мен жанын тазартпаса, күнәнің әсері мен салдары мәңгілікке қалады. Иранның Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, күнәләрді үш топқа бөлуге болады: жеке адамның күнәсі, жеке адамның қоғамдық салдарға ие күнәләры және ұжымдық күнәләр. Хазірет жеке адамның күнәсі туралы: «Бұл тек нәпсіге зұлымдық жасайтын күнә. Нәпсіге зұлымдық жасайтын күнә туралы Құран аяттары мен көптеген хадистерден кездестіруге болады. Адам бұл күнәні жасаған кезде оның әсері адамның өзіне тікелей қайтып оралады»,- деген болатын. Жеке адамның қоғамдық салдарға ие күнәләрі туралы: «Олар жеке адамның күнәләрінен ауырырақ. Бұл күнә бір жақтан нәпсіге зұлымдық жасау болып табылады. Алайда басқаларға шабуыл жасау оңай емес болғандықтан мұндай күнәні іске асыру ауырлау болады. Зұлымдық, басып алу, халықтың құқықтарын бұзу, адамның қоғамдық құқықтарарымен санаспау – бұлар көбінесе үкіметтер, басшылар, саясаткерлер мен халықаралық деңгейдегі танымал азаматтардың күнәләрі. Бұл – бір сөзі, қойған қолы, таңдауы жанұяларға, кейде халықтарға әсер ете алатын адамдардың күнәсі. Күнәнің бұл түрінің де кешірім сұрау мүмкіндігі бар»,- деп баса айтқан болатын. Иранның Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жеке адамның күнәсі мен жеке адамның қоғамдық әсері бар күнәсі үшін кешірім сұрауды маңызды деп атап: «Күнәнің бірінші түрінде, адам күнәсі үшін Алладан шынайы түрде кешірім сұрауы керек. Бірақ күнәнің екінші түрі үшін тек кешірім сұрау жеткілікті емес, адам оның салдарын түзетіп, қиындықтарды шешуге міндетті. Басқаша айтқанда күнә жасап, басқа адамға келтірген зиянның орнын толтыру қажет»,- деді. Алайда Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше күнәнің келесі түріне «ұжымдық күнәләр» жатады. Күнәнің бұл түрі бір халықтың тағдырына әсер етеді. Халықтың зұлымдықтың алдында үнсіздік танытуы «ұжымдық күнәләрдің» бір түрі. Діни жетекші бұл туралы: «Кейде бір халық немесе бір халықтың көбі күнәға шырмалады. Бұл күнә үшін де кешірім сұрайтын жол бар. Кейбір кезде бір халық жылдар бойы зұлымдыққа қарсы үнсіздік танытып, ешқандай шара қолданбайды. Бұл күнә саналады. Бұл ауырырақ күнә болуы мүмкін. «Рағад» сүресінің 11-ші аятында: «Расында бір қауым өзін өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді....»,- деп айтылған. Бұл – үлкен нығыметтермен санаспайтын күнә. Бұл – ұлттар мен ұлыстардың басына көптеген қиындық тудыратын күнә. Осы үш түрлі күнә үшін кешірім сұрау қажет. Оларға бейқамдық таныту бізге үлкен шығын келтірді және болашақта да келтіреді»,- деп ескертті. Тәубе – тез өссін деп, талдардың артық бұтақтары мен жапырақтарын отайтын балта сынды. Кешірім сұрау адамның жүрегі мен рухын күнәнің ластығынан тазартып, оны кемелдікке жетуге дайындайды. Аятолла Хаменеи: «Кешірім сұрау, яғни күнәләрі үшін өкініп, тәубеге келу. Оны дұрыс орындаған жөн. Сол кезде адамның алдынан илаһи берекелердің дарбазасы ашылады. Кешірім сұраудың пайдасы бар. Құранның кейбір аяттарында кешірім сұраудың бұл дүние мен ақыреттегі пайдасы туралы айтылған. Мәселен, «Һуд» сүресінің 52-ші аятында «Әй, халқым! Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонсоң Оған тәубе қылыңдар. Сендерге көктен жаңбыр жаудырып, қуаттарыңның үстіне қуат қоссын. Сондай-ақ күнәһар болып, жалтармаңдар” деп жазылған. Мұның барлығы илаһи берекеге жететін жолдың кешірім сұрау екенін көрсетеді. Кешірім сұрау арқылы адам мен адами қоғамның жүрегі мен болмысы ашылады. Сол себепті кешірім сұрау маңызды болып табылады»,- деген болатын.