Нұрлы жол. 901-бөлім. "Зухруф" сүресінің 36-42 аяттары
Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 901-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.
"Зухруф" сүресінің 36-37 аяттарына құлақ түріңіздер:
«وَمَن یَعْشُ عَن ذِکْرِ الرَّحْمَـنِ نُقَیِّضْ لَهُ شَیْطَانًا فَهُوَ لَهُ قَرِینٌ»، «وَإِنَّهُمْ لَیَصُدُّونَهُمْ عَنِ السَّبِیلِ وَیَحْسَبُونَ أَنَّهُم مُّهْتَدُونَ»
Аяттардың аудармасы:
Әлде кім Рахманды еске алудан көз жұмса, оған шайтанды ерікті қыламыз да, сонда ол, оның жолдасы болады. (36)
Күдіксіз шайтандар оларды жолдан тосады. Олар өздерін тура жолға түсірілдік деп ойлайды. (37)
Өткен аптада барлығын материалдық критерийлермен бағалайтын, байлық жинап, сән-салтанатта өмір сүруді қалайтын адамдар жайлы айттық. Ал шынайы мүміндер ақыретті ойлайды және дүниелік ләззаттар мен байлыққа қызықпайды.
Ал мына аяттарда: "Материалдық дүниеге қатты байланудың зиянды әсерлерінің бірі – адамды Алладан алшақтату және Одан ғапыл қалдыру. Осы ғапылдықтың салдарынан оған шайтан үстемдік етіп, оны қалаған жағына апарады. Бұл – Алланы еске алмаудың табиғи нәтижесі",-деді.
Басқа сөзбен айтқанда, адамның жүрегінде не Құдай болады, не шайтан. Алланы еске алудан қапыл қалу, дүниенің қызыл-жасылына қызығу, түрлі күнәларға бату – осының бәрі шайтанның адамға үстемдік етуіне себеп болады. Мұндай жағдайда шайтан адамның серігіне айналып, Құдайға орын қалмайды.
Мұндай жандарды жан-жақтан жындар мен жаман ойлар қоршап алып, оларды Алланың жолынан қалдырады. Бұл адамдар Алла жолына қайтқысы келсе де, жындар бұған тосқауыл қойып, оларды тура жолдан тайдырады. Шайтандар адастыратын жолды оларға әдемі ғып көрсетеді. Сонда олардың көздері, құлақтары, жүректері ақиқатты көруден қалып, соқыр әрі керең болады. Олар істегендердің барлығын дұрыс және тура жолда деп санайды. Мұндай адамдар өзін емес, басқаларды қателеседі деп ойлайды. Адамның ісі осы деңгейге жетсе, ол түзеп, қайтаруға тырысатындай өз ісінен еш қате көрмейді.
Бұл аяттардан үйренетініміз:
- Намазхан болса да, Құранды ұстанбаған мұсылман болса да, кімде-кім Алладан бет бұрса, шын мәнінде Алланы еске алудан бет бұрып, шайтанның өзін билеуіне мұрсат берген болады.
- Адамның жүрегі бос ыдыс емес, ол не мейірімділердің, не шайтанның мекені. Құдай жоқ болса, оның орнын шайтан алады.
- Қателік жасаудан да жаманы – адам өз қатесін көрмей, дұрыс жолмен жүрмін деп ойлауы.
"Зухруф" сүресінің 38-39 аяттарына құлақ түріңіздер:
«حَتَّى إِذَا جَاءَنَا قَالَ یَا لَیْتَ بَیْنِی وَبَیْنَکَ بُعْدَ الْمَشْرِقَیْنِ فَبِئْسَ الْقَرِینُ»، «وَلَن یَنفَعَکُمُ الْیَوْمَ إِذ ظَّلَمْتُمْ أَنَّکُمْ فِی الْعَذَابِ مُشْتَرِکُونَ»
Аяттардың аудармасы:
Ақыр (қиямет күні) бізге келгенде (шайтанға): “Әттең! Менімен сенің араң батыс, шығыстың ұзақтығы болсашы! Нендей жаман жолдассың” деді. (38)
Әрине сендерге бүгінгі өкініш пайда бермейді. Сол уақытта зұлымдық істегенсіңдер. Сондықтан азапқа да ортақсыңдар. (39)
Бұл аяттар осы дүниеде Алланы еске алудан қапыл қалудың неге әкеліп соқтыратынына тоқталып: "Алладан келген бұл белгілер адам дүниеден кетіп, қиямет күні көрінгенге дейін жалғасады. Дәл сонда оған ақиқаттың көзі ашылады, шайтанның оған қандай зұлымдық жасағанын түсінеді; Дүниеде шайтанның достығын қабылдамасам еді, оған серік болмасам еді деп тілейді",-деді.
"Сен екеуміздің арамызда батыс пен шығыстай қашықтық болса екен. Бірақ қалай жақын орналасып алғансың! Сен ұсқынсыздықты әдемі етіп, теріс жолды ерекше тартымды етіп көрсетіп, мені тура жолдан тайдырдың",-деп өкінеді.
Олардың жын-шайтаннан мәңгілік ажырау тілегі үмітсіздікке айналады. Өкініштің түкке тұрмайтыны анық. Ондай адамдардың ісінің соңы – осы дүниеде жолдас болуды қабылдағандарындай тозақ азабында да шайтанмен бірге болу. Қиямет – осы дүниенің айнасы, дүниелік достар – ақырет серігі.
Бұл аяттардан үйренетініміз:
- Ақыретте өкініп қалмас үшін бұл дүниеде кіммен дос, жолдас болғанымызға сақ болайық.
- Тозақ адамдар мен шайтандар үшін бірдей. Тозақтықтар шайтандармен бірге болады.
- Қатыгездік тек басқаларға ғана жасалмайды. Аллаға мойынсұнбау – адамның өзіне жасаған ең үлкен әділетсіздігі, өйткені ол адамды бұ дүниеде адастырып, ақыретте тозаққа апарады.
"Зухруф" сүресінің 40-42 аяттарына құлақ түріңіздер:
«أَفَأَنتَ تُسْمِعُ الصُّمَّ أَوْ تَهْدِی الْعُمْیَ وَمَن کَانَ فِی ضَلَالٍ مُّبِینٍ»، «فَإِمَّا نَذْهَبَنَّ بِکَ فَإِنَّا مِنْهُم مُّنتَقِمُونَ»، «أَوْ نُرِیَنَّکَ الَّذِی وَعَدْنَاهُمْ فَإِنَّا عَلَیْهِم مُّقْتَدِرُونَ»
Аяттардың аудармасы:
)Мұхаммед Ғ.С.) саңырауларға сен естіртесің бе? Немесе соқырды және ашық адасқан біреуді тура жолға саласың ба? (40)
Ал, мүбада сені алып, кетсек (қайтыс болсаң) те оларға лайықты жазаларын береміз. (41)
Бұл аяттарда Алла елшісіне: "Көздері мен құлақтары сау болып көрінгенімен, шындықты көріп, естігісі келмейтіндердің ішкі көздері мен құлақтары жабық. Сондықтан оларға сөздеріңді жеткізе алмайсың немесе ақиқатты көрсетіп, адастыратын жолдан тура жолға сала алмайсың",-делінген.
Ұйықтағандай көрінген адам мен ұйықтап жатқан адамның айырмашылығы бар. Біріншісін қалай шақырсаң да, ол реакция бермейді. Бірақ соңғысы бірнеше рет шақырсаң, оянады. Кейбір адамдардың күнәға батқаны сондай, тіпті Алланың және Оның пайғамбарының есімін естуді де жек көреді. Діни және рухани ұғымдармен бетпе-бет келгенде олар мазасызданып, шатасады. Бұл кісілердің қайта айналып табатын жолы қалмағаны анық. Тіпті жол көрсетуші ең жақсы жолмен шақыратын және іс-әрекеттері шынайылығының ең жақсы дәлелі болатын Алланың пайғамбары болса да.
Ақиқатқа қарсы мұндай қыңырлық пен қырсықтықтың бұл дүниеде де, ақыретте де Алланың қаһарынан басқа ешбір нәтижесі болмайды. Пайғамбардың көзі тірісінде де, қайтыс болғаннан кейін де солай болмақ. Алайда олардың қашып құтылуға мүмкіндігі жоқ. Өйткені Құдай бүкіл ғаламды басқарады және Оның шексіз құдіретінің бақылауынан ешкім шыға алмайды.
Бұл аяттардан үйренетініміз:
- Ақиқатты қабылдауға негіз болмаса, Алланың елшісі болған ең таза адамдардың сөздері де әсер етпейді.
- Егер адамға шайтан үстемдік етсе, оның жүрегі мен жаны ақиқатты көруден және естуден қалып, соқыр әрі керең болып қалады.
- "Пайғамбардың барында жазаланбайды немесе пайғамбар өлсе, бұдан былай жаза болмайды" деп ойламауы керек.
Бүгінгі бағдарлама осымен аяқталды. Баршаңызды бір Аллаға тапсырамыз.