Ұлы тұлғаның алдында 13
Ақп 14, 2016 16:34 Asia/Almaty
Құран Кәрім «Әл-Имран» сүресінің нұрлы аяттарынан кешірім сұрау және Жаратушыға оралу туралы: «Ал олар қашан арсыздық істесе, не өздеріне зұлымдық қылса, Алланы естеріне алып, күнәларының жарылқауын тілейді. Күнәларды Алладан басқа кім жарылқайды? Сондай-ақ олар істеген істеріне біле тұра қасарыспайды. Міне, солардың сыйлықтары Раббылары тарапынан жарылқау және астарынан өзендер ағатын жұмақтар. Олар онда мәңгі қалады. Амал істеушілердің сыйлықтары қандай жақсы»- деп оқимыз. («Әл-Имран», 135-
Бұл Алланың сыйы кешірім сұрайтындар мен істеген істеріне өкінетіндер үшін жіберіледі. Иранның Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеидің пікірінше, тақуа әрі адал адамдар күнәләрі үшін тәубе етіп, кешірім сұрайды. Ол тақуа туралы: «Тәубе, яғни қырағылық танытып, әрқашан сақ болу. Егер бейқам адам ондаған күнә жасап, күнә жасағанын сезбесе, тақуа адам оған керісінше күнә жасағанын жылдам түсініп, оны түзетуді ойлайды. Құранда: «Тақуаларға шайтан тарапынан бір сыбыс тисе олар Алланы еске алады да қырағылық істейді»,- деп айтылған («Ағраф», 201-ші аят). Яғни, тақуаның қасынан шайтан өтсе, ол өзінің қателескенін және бейқам қалғанын жылдам түсініп, Алланы еске алады. Мұндай адамның көзі ашық»,- деді. Бірақ бейқам адам кешірім сұраудан алыс. Иранның Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Бейқам адам еш уақытта кешірім сұрау туралы ойламайды. Тіпті оның есінде өзінің күнә жасағаны қалмайды да. Ол күнәға батып, масаттанып, шын мәнінде ұйқыдағы, бірақ қозғалып жүрген адам сынды. Сондықтан ахлақ иелері – тақуалар ахлақтық наным-сенімдер мен нәпсіқұмарлықтан тазару жолындағы тақуалықтың дәрежелерін баяндаған кезде бейқамдықтан шыққысы келген адамды ояну дәрежесіне жетті деп айтады. Иран Ислам революциясының жетекшісі бейқам адамдардың ерекшеліктерін баяндап, маңызды мәселелерге тоқталады. Аятолла Хаменеидің пікірінше, бейқамдық адамның өзінің күнәләріне көңіл бөлмей, кешірім сұрамауына себеп болады. Ол: «Қиямет күні келіп, ақиқатты көрген кезде ғамалнамамыздан қызық нәрселердің жазылғанын көреміз. Адам таңғалып, өз-өзінен «мен мұны қашан жасадым?» деп сұрайды. Тіпті, оның жадында еш нәрсе қалмаған. Бұл күнә – бейқамдық. Яғни, кешірім сұраудың кедергісі – бейқамдық»,- деді. Аятолла Хаменеи кешірім сұрауды насихаттап, бұл маңызды мәселені ұмытпауды қуаттап: «Кешірім сұраудың үлкен пайдасы – бізді бейқамдықтан шығаруы. Біз кейде өзіміз туралы қате ойлаймыз. Кешірім сұрау туралы ойлаған кезде күнәләр, қателер, нәпсіқұмарлығымызды есімізге алып, көз алдымызда елестетеміз. Нәтижесінде тәкаппарлық пен бейқамдыққа шалдықпаймыз. Кешірім сұраудың бірінші пайдасы осы. Сондай-ақ, Алла Тағала Одан кешірім сұрап, күнәсіне өкінген адамға «Әрине олар Алланы тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді түрде табар еді» деген уәде береді. («Ниса», 64-ші аят). Жаратушы тәубені қабылдайды. Кешірім сұрау – Жаратушыға қарай оралу. Егер кешірім сұрау шынайы болса, Алла оны қабылдайды»,- деді. Ислам революциясының жетекшісінің пікірі бойынша, адамның қиындығы қателеріне, өзгеріс енгізу қажеттілігіне және өзін өзгертуге бейқамдық танытуында. Егер бұл бейқамдықтардан айрылса, егер күнәләрі үшін кешірім сұрауға шешім қабылдаса, барлық нәрсе дұрысталады. Оның көзқарасынша адамды кешірім сұраудан алыстатын екінші мәселе – тәкаппарлық. Ол: «Тәкаппар адам кешірім сұраудан алыс болады. Сол себепті оның саулығы мен құтқарылуы да неғайбіл»,- деді. Исламның ұлық пайғамбарының бұл саладағы хадистерінің бірінде хазірет: «Алла Тағала кешірілгісі келмейтін басқа күнәһарларды кешіреді»,- деген кезде сахабалары: «Кешірілгісі келмейтіндер кімдер?»- деп сұрайды. Сол уақытта пайғамбардың: «Кешірім сұрамайтындар»,- деп жауап бергені туралы айтылған. («Мастадрак әл-Васаель»,12-ші том, 122-ші бет). Яғни, кешірім сұрау – тәубенің кілті. Кешірім сұрау арқылы біз илаһи кешірімге ие боламыз. Ол өте маңызды. Алла Тағала пенделері кемелдікке жетіп, күнәләрінен тазару үшін олардың алдарынан тәубеге келіп, кешірім сұраудың жолын ашық қалдырған. Алайда кешірім сұраудың әдебі бар. Ол ақ ниет пен шынайы жігерді талап етеді. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Шынайы таза ниетпен кешірім сұрау сындарлы болады. Кешірім сұраған кезде бұл күнәні енді қайталамауға шешім қабылдауымыз керек»,- деп қуаттайды. Алайда, адам күнә жасамауға шешім қабылдап, қайтадан күдік-күмәнға беріліп, күнә жасап, қайтадан тәубаға келуі мүмкін. Адам жүз рет тәубесін бұзса да, жүз бірінші ретте де тәубенің есігі ашық болады. Аятолла Хаменеи: «Тәубе етіп, кешірім сұрайтын адам басынан бастап, «қазір кешірім сұраймын, содан соң дәл сол қателеріміз бен қайшылықтарымды қайталаймын» деп шешім қабылдауы мүмкін. Бұл дұрыс емес. Имам Реза (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінен «Тілімен кешірім сұрап, жүрегінде күнәсіне өкінбеген, көңілі жайлы адам өзін масқара еткені, бұл қандай кешірім сұрау?» деп оқыдым. Бұл кешірім сұрауға жатпайды. Кешірім сұрау – Жаратушыға оралу, кешірім – сұрау дұғаның бір түрі, тілек. Адам шын мәнінде Алладан кешіруді сұрап: «Мен күнә жасадым. Уа, Жаратушы, мені кешір»,- дейді. Әрине, әрбір күнә үшін осылай кешірім сұраса, ол қабыл болады»,- деді. Ұлы Алланың алдында күнәләрін мойындау исламдық насихаттардың біріне жатады әрі илаһи рақымдылыққа ие болады. Бірақ бұл қасиетті дін еш уақытта жақтастарына басқа адамның алдында күнәләрін мойындауға рұқсат бермейді. Қасиетті Ислам дінінде басқалардың алдында күнәні мойындауға тыйым салынған. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Кейбір діндерде адам ғибадат ететін мекенге барып, дін қызметкерінің алдында өзінің күнәләрін мойындайды. Ислам дінінде мұндай іске тыйым салынған. Ислам дінінде басқалардың алдында күнәләрі мен ішкі сырын жайып салуға тыйым салынған және оның пайдасы да жоқ. Айтылған діндерде күнә діни қызметкер арқылы кешіріледі-мыс. Ислам дінінде күнәні тек Алла ғана кешіреді. Тіпті пайғамбардың өзі де күнәні кешіре алмайды. «Ниса» сүресінің 64-ші аятынан: «Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бой ұсынылуы үшін ғана жібердік. Егер олар өздеріне бір кесір істеген заман саған келіп, Алладан жарылқану тілесе, әрі Пайғамбар да олар үшін жарылқау тілесе, әрине олар Алланы тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді түрде табар еді»,- деп оқимыз. Күнә жасаған кезде нәпсіге зұлымдық жасадыңдар. Егер пайғамбардың қасына келсеңдер, ол Алладан кешірім сұрайды, сен де олар үшін кешірім сұра. Алла олардың тәубесін қабылдайды. Яғни, пайғамбар олар үшін кешірім сұрайды. Мұндай кешірім сұрау маңызды орынға ие»,- деді.Тегтер