Ақп 14, 2016 16:38 Asia/Almaty

Алла Тағала Құран Кәрімнің кейбір аяттарында мүміндерге уәделер берген.

Илаһи уәделердің бірі қасиетті «Қасас» сүресінде баяндалған. Бұл аятта Жаратушы хазірет Мұсаның анасына перзентін суға тастап, алаңдамауға кеңес беріп, баланы анасына қайтару туралы уәде етіп, перзенті Мұсаның илаһи пайғамбарлардың бірі болатыны туралы хабарлады: «Мұсаның анасына: «Оны еміз де оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны теңізге салып жібер. Қорықпа да күйінбе! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз” деп, көкейіне салдық».  Содан соң осы сүренің 13-ші аятында: «Сөйтіп оны, анасына көзайым болып, күйінбеуі, сондай-ақ Алланың уәдесінің хақ екендігін білуі үшін қайтардық...»,- деді. Илаһи уәделер нағыз шынайы уәделердің қатарына жатады. Құдайдың уәделеріне сенім арту – иманның белгісі. Алайда адамдардың көбі Құран мен басқа илаһи кітаптарда айтылған уәделерге көңіл бөлмейді. Адамдар көбінесе өз ақылдарымен шектеліп, илаһи сүннеттерге бейқамдық танытады. Аятолла Хаменеи: «Есеп-қисап қателерінің бірі  адамның материалдық негіздермен шектеліп, рухани  факторлар, илаһи сүннеттер, Алла хабарлаған сүннеттер және көзге көрінейтін нәрселерден қапыл қалуында. Бұл ең үлкен қателіктердің бірі»,- деді. Илаһи уәделерге сенім арту Құран Кәрім, Исламның ұлық пайғамбары және хазірет әулетінің ақыл-кеңестерінің бірі болып табылады. Аятолла Хаменеидің көзқарасынша илаһи уәделердің бірі егер адам шындыққа табанды болса, жеңіске жетеді деген уәде болып табылады. Ол бұл уәдені  өз сөзі емес, Құранның сөзі деп атап: «Құран бізге «сабыр сақтап, табанды болсаңдар, сондай-ақ алға қарай әрекет етіп,  дұрыс жолдан ауытқымасаңдар, жеңіске жетесіңдер»,- дейді. Бұл Құранның сабағы. Құран бізге «егер бұл жол мен оның мақсатына берік болып, иман келтірсеңдер, күмәнсіз, жеңіске жетесіңдер» деген»,- деп баса айтты. Діни жетекшінің пікірінше, бұл үлкен сабақ, яғни Алла мен оның уәделеріне сенім артуды кеңейту қажет. Бұл сабақты кең ауқымды түрде тарататын ең жақсы құрал – Құран Кәрім. Сондықтан мұсылмандардың арасында Құранға деген сүйіспеншілікті арттырып, Құран туралы ойлануды таратып, илаһи уәделерге деген сенімді арттыруға болады. Соның нәтижесінде  халықтар оянып, хабардарлықтың деңгейі биіктейді. Алланың  мүміндерге  берген маңызды  уәделерінің бірі олардың дұшпандары мен залымдарға қарсы күресін жеңіске жеткізуге қатысты болды. Олар  дін мен шындықтың таралуын қаламайды, сол себепті бұзақылықты арттырып, бейкүнә адамдарға қарсы зұлымдық жасауда. Жаратушы олармен қарсыласу нәтижесінде жеңіске жетеді деген уәде берді. Аятолла Хаменеи бұл салада маңызды мәселеге тоқталып: «Әрине күрессіз, қозғалыссыз, қатерге қарсы тұрмай жеңіске жету мүмкін емес. Алла Тағала ешбір ғамалсыз жеңіске жетесіңдер деген уәде берген жоқ. Тек мүмін болу жеткілікті емес. Қарсы тұру қажет, сабыр сақтау қажет»,- деп қуаттады. Иранның Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында пайғамбарлардың дұшпандарының алдында табандылық танытқандарына сілтеме жасап, қасиетті «Ибрахим» сүресінің 12-ші аятында «...Бізге тарттырған жапаларыңа әлбетте сабыр етеміз...»,- деп айтылғаны туралы еске салып, оны пайғамбарлардың қарсыластарына айтқан сөзі деп атап: «Қазіргі таңда оларға қарсы барлық шабуылдарға қарамастан пайғамбарлардың қисыны бүкіл дүние үшін тиімді болып отыр. Пайғамбарлардың  сөздері жүзеге асты. Перғауындардың қисындары орындалған жоқ»,- деді. Аятолла Хаменеи бұл салада Израильдің заңсыз режимінің зұлымдықтары мен шектен шығуына қарсы Палестина қарсыласу қозғалысының жеңіске жетуіне және Палестина халқының қарсыласуы мен табандылығына қатысты илаһи уәделердің іске асырылуының толық айқын екендігіне назар аудартып: «Палестинадағы соңғы жылдардағы жеңістер мен аймақтағы исламдық оянудың себептерінің бір бөлімі палестиналық халық пен қарсыласу топтарының табандылығының нәтижесі болды. Келешектегі жеңістер мен илаһи уәделер де осы табандылық пен қарсыласудың арқасында орын алады»,- деп баса айтты.  Қорыта айтқанда, илаһи уәделерге сенім арту тақуалықтың белгісі. Мүміндерді бұл ерекшелікке ие деп айтуға болады. Осыған орай мүміндердің жүректері басқаларға қарағанда тыныш әрі олардың тәуекелдері басқалардан гөрі артығырақ. Олар құлшылық етіп, пайғамбарлар көрсеткен дұрыс жолмен алға қарай қадам басса, бақытты болатындықтарын және илаһи уәделердің бірінің, яғни жәннәттың олардың несібесі екенін біледі. Ислам революциясының жетекшісі Құран аяттарына  тоқталып: «Алла Тағала  «Мұхаммад» сүресінің  7-ші аятында «Әй, мүміндер! Егер Аллаға (дініне) жәрдем етсеңдер, Ол сендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді»-деді»,- деді. Бұдан айқын не бар? Алланың жолына түссеңдер, оның дінін қабылдаңдар. Ол көмектеседі. Бұл илаһи сүннет және өзгермейді. «Ахзаб» сүресінің 62-ші аятынан: «Алланың жолынан әсте ауыс-күйіс таба алмайсың»,- деп оқимыз. Аятолла Хаменеи Ирандағы имам Хомейни басқарған Ислам революциясының жеңісін илаһи уәделердің бірінің орындалуы деп атап, Иран халқының 2500 жылдық патшалық жүйенің  зорлық-зомбылығына  қарсы  табандылығын қорытынды  жеңістің бастамасы деп таныстырды. Діни жетекші: «Біз іс жүзінде илаһи уәденің орындалуын көрдік... Материалдық дүниеде, алпауыт елдер билеген дүниеде Ислам мен исламдық құндылықтарға жан-жақты дұшпандылық көрсетіліп отырған дүниеде, барлық алпауыттар басқа аймақтардан көбірек өз ықпалын тигізіп  отырған жердің дәл өзінде Исламның негіздеріне сүйенген жүйе құрылды.  Бұл таңғалдырарлық мәселе. Бұл илаһи уәденің  орындалуының өзі... Иран халқы әлсіреген жоқ. Барлық қысымдар, барлық қастықтар мен барлық азап-қорлықтарға қарамастан Иран халқы артқа шегінбеді. Бұл илаһи сүннеттердің бірі»,- деді. Пайғамбарлар мен қасиетті кітаптар арқылы  әлемдіктердің  құлағына жеткен ең маңызды илаһи уәделердің  бірі әлемнің құтқарушысы хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның келуі туралы уәде саналады. Адамдардың көбі  өз діндерінің негіздері бойынша адамдарды зұлымдықтан құтқарып, әділет орнататын әлемнің құтқарушысын күтуде. Мұсылмандар да  Алла елшісі әулетінің  ұрпағы хазірет Мәһди (ғ.с.)-ды күтуде. Осы күні зұлымдық пен зорлық-зомбылық таралып, рақымдылық пен мейірімділік азайған жағдайда, залымдар халықтардың байлықтарын талан-таражға салып, бейкүнәләрдің қанын төгіп отырған кезде құтқарушының қажеттілігі көбірек сезіледі. Аятолла Хаменеи  құтқарушының келуін илаһи уәделердің бірі әрі оның орындалуын нақты  деп атап: «Күту керек. Діндердің адамзат керуенінің жолының соңында мұндай пікір білдіруі үміттендіріп, күш береді, үмітсіздіктен құтқарады. Имам Мәһди (ғ.с.)-ның мәселесі осы. Алла Тағала бізді  имамның шынайы күтушілерінің қатарына қосып, илаһи уәделердің орындалатындығына көзімізді жеткізеді деп үміттенеміз.