Ұлы тұлғаның алдында 15
Ақп 14, 2016 16:42 Asia/Almaty
Алла Тағаланың адамға берген ең үлкен нығметтерінің қатарына ақыл мен түсіну қабілетіне ие болуы жатады.
Имам Саджад (ғ.с.) Алладан: «Ақыл берген адамды неден кенде еттің? Ақыл бермеген адамға не бердің?»- деп сұрайды. Адамды басқа жаратылыстардан артық әрі жоғары ететін қасиеті – оның «ақыл» деген гауһар тасқа ие болуы. Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) адамның ақыл-парасатының маңыздылығы туралы: «Алла Тағала өзінің пенделерінің арасында ақыл-парасаттан құнды еш нәрсені бөлген жоқ»,- деді. Жаратушы пенделерінің арасына ырзығын таратты. Яғни, әрбір нығмет Алла тарапынан берілген. Бірақ пайғамбардың айтуы бойынша сол әртүрлі нығметтердің ішіндегі ең құндысы ақыл болды. Алла елшісі хадисінің соңында: «Алла Тағала халықтың ақыл-парасатын жетілдіруді мақсат етпегенде тарих бойында оларға ешбір пайғамбарды жібермейтін еді»,- деді. Аятолла Хаменеи осы нұрлы хадиске тоқталып, ақылды құлшылық жолын табатын маңызды құндылық деп атап: «Ойланып, зерттеп, құлшылық жолын табу керек. Бұл менің жастарға айтатын ең маңызды кеңесім. Адам үшін ақыл, зерттеу, сараптау және түсіну мүмкіндіктерін пайдаланбау өкінішті жәйт»,- деді. Ақыл шыдамдылық және төзімділікпен байланысты. Алла елшісі ақыл-парасатты адамды сабырлы әрі шыдамды деп таныстырып: «Ақыл-парасат – адамның сабырлы болуының бастамасы»,- деп қуаттайды. Хазірет білімнің сабырлықтың арқасында келетіндігін ескертеді. Ақылдың көркем болуы және сабыр сақтау, содан соң білім алуға қажетті жағдай жасау Ислам дінінің ақыл бен білімге соншалықты назар аударатынын көрсетеді. Ислам дінінің ақыл мен кемеңгерлікке көп мән беруі Исламның білім мен ақылға қарсы емес екендігінің дәлелі. Иранның Ислам революциясының басшысы бұл туралы: «Исламда діни негіздерді пайдалануға ақыл көмектеседі. Сенімдердің негіздері ақылға қайшы келмейді. Егер осыдан мың жыл бұрын жазылған хадистер кітаптарының бірі «Кафи» кітабына шолу жасасақ, оның бірінші бөлімінде ақылдың маңыздылығы қуатталған. Құран Кәрім көптеген аяттарында ақыл мен ойлану туралы қуаттаған. Бұл насихаттардың қасиетті кітапта соншама қайталануына қарап, Құранның негізгі мақсаты адамды ойлануға шақырған деп айтуға болады. Өйткені, ойлану – дұрыс жолға нұсқаудың негізгі қайнары. Адамгершілік пен рухани тұрғының жоғары деңгейіне жету кемеңгерлікке байланысты. Аятолла Хаменеи бұл туралы «Мүлк» сүресінің: «Егер біз тыңдаған немесе ақылға салған болсақ еді, бұл жалындаған тозақтықтардың ішінде болмас едік» деген 10-шы аятына тоқталып: «Бұл аятта күнәһарларды ақылды пайдаланбағандары үшін мәңгілік ащы тағдыр күтіп, олардың тозаққа түсетіндіктері туралы айтылған»,- деді. Ақыл – ішкі қажеттілік. Ол жарқыраған шырақ сынды ададмардың алдынан дұрыс әрі тура жолды көрсетеді. Сонымен бірге адамдардың ішіндегі қазына сынды. Аятолла Хаменеи: «Біз адамдар бұл қазынаны пайдаланбаймыз. Біз байлықтың үстінде отырып, одан хабарсыз және оны пайдаланбай аштан өлетін адамдар сындымыз. Ақылды уақытында пайдаланбаймыз, оны дамытпаймыз, нәпсі туралы ақылмен ойланбаймыз. Біздің жағдайымыз осы»,- деді. Исламдық рауаяттарда адамның оған бағынбайтын нәпсісі және оны ақылмен жеңу туралы айтылған. Алла елшісі адамның нәпсісін хайуан деп сипаттап: «Егер нәпсіні бақылауға алмасаңдар, ол сергелдең күйге түседі. Сонда ол қайда баратынын білмейтін жыртқыш сынды болады. Ақыл мен ойланудың маңызды рөлдерінің бірі адамға жетекшілік етіп, Аллаға құлшылық етуге шақыру болғандықтан, ақылдың Аллаға иман келтіруі нәпсіні бақылауға алып, бағындыра алады»,- деп қуаттаған. Аятолла Хаменеи ақылдың бақылаушы рөліне тоқталып: «Бұл қазына біздің қолымызда болғанымен біз оны пайдаланбаймыз. Сондықтан ақылсыздық, надандыққа байланысты дүние мен ақыретте көптеген қиындықтармен кезігеміз»,- деді. Кейбіреулер кемеңгерлік пен рационализмді батылдыққа қайшы деп санайды. Бірақ исламдық көзқарас бойынша рационализмнен мұндай мағына туындамайды. Бұл туралы аятолла Хаменеи: «Кемеңгерлікті қорқу, алшақтау немесе кейін шегіну деп тәпсірлеуге болмайды. Кемеңгерлік батылдықпен бірге жүреді. Пайғамбарлар – ең кемеңгер адамдар. Исламның ұлық пайғамбарының рауаяттарының бірінде: «Егер олардың ақылы кемел болмағанда Құдай ешбір пайғамбарды жібермейтін еді»,- деді. Дәл осы пайғамбар ең көп джиһад пен ең көп күреске қатысып, ең көп қатерге ұшырайды. Ақыл дұрыс жолға нұсқаушыны қажет етеді. Адам ол арқылы бақытқа жетеді. Ондай болса жол нұсқаушы кім деген сұрақ туады. Аятолла Хаменеи бұл сұраққа: «Ақыл адамды әрқашан сауап жолына жеткізбейді. Ақыл дұрыс жолға жеткізуші әрі үйретушіні қажет етеді. Сол себепті уаһи мен уаһи негіздеріне сенім арту – ақылдың негізгі элементтерінің бірі. Уаһи адамның ақылы мен ойын дұрыс жолға салады. Ақыл мен ой адамдарды алға алға жетелейді. Бірақ әртүрлі кезеңдерде ақыл уаһи нұр мен Алланың әулиелерінің тағылымдарына жақындатады»,- деген болатын.