Maм 14, 2016 18:35 Asia/Almaty
  • Иранның қазіргі заман кинематографиясы

Өткен тақырыпты жалғастыра келе Иранның балалар және жасөспірімдер кинематографиясын өзге қырынан қарастырып, сіздерді балалардың әсерлі, әрі көркем әлеміне жетелейміз.

Сіздер киноөндіріске шынайы назар аударатын мемлекеттерде фильмдердің сатылымы мен көрермендердің фильмді қарсы алуының маңызды екенін білетін шығарсыздар. Өйткені фильмдер жоғары дәрежеде және жоғары стандардта өндіріліп, фильмдер прокатында табысқа қол жеткізгенше қаржылық көзқарас тұрғысынан сәтсіз фильмдердің қатарында қарастырылады. Шын мәнінде белгілі бір фильмнің жоғарғы сатылымы мен сол фильмнің көрермендер тарапынан жақсы қабылдануы кинематографияның дамуының негізгі факторы болып табылады. Әлбетте осы салада сыншылар мен мамандар арасында көптеген пікірталас туындайды. Олардың көбісі жоғары сатылымға сүйену кинотуындылардың сәттілігінің дәлелі бола алмайды дейді. Алайда қалай болғанда да бұл жәйтті елемеуге болмайды. Кинематография тек өнер емес, сондай-ақ оның өндірістік аспектісі, яғни оған қаржының салынуы мен қаражатты фильмдерді сату арқылы қайтару кепілдігімен қамтамасыз етіледі. Балалар мен жасөспірімдер кинематографиясы әлемнің бүкіл жерінде көптеген көрерменге ие. Отбасылар әдетте жиналып аталмыш туындыларды тамашалау үшін кинотеатрларға барады. Балаларға арналған сатылымы жоғары фильмдерді зерттеу барысында қуыршақ және анимациялық туындылардың сатылым кестесінің алдыңғы қатарында тұрғанын, балалардың осындай туындыларға көбірек қызығатындығын көрсетеді. Қиял мен балалар әлемінің қарым-қатынастарын қолдану, халық ауыз әдебиетінің аңыздары мен хикаяларына, соның ішінде ертеден келе жатқан ауыз әдебиетіндегі ертегілерге сілтеме жасау аталмыш туындылардың көрермендер статистикасының бір көрсеткіші ретінде қарастырылады. Иранда кинематография прокаты жоғары, әрі үлкендер мен балалардың қызығушылығына ие. Сатылымы жоғары, көрермендері көп және оқиғаларға толы Иран кинематографиясы тарихында теледидарда балаларға арналған бағдарламалардан бастау алып, кейін үлкен экранға жол тауып, қазіргі күні кинематографияның ең сүйікті кейіпкерлеріне айналған олардың "қуыршақтар" екенін білгендеріңіз абзал. "Қызыл телпек" – қуыршақтың есімі. Оның өмірі, тұлғасы және достарымен бірге тап болатын оқиғалары Иран теледидарының тізбекті бағдарламасы ретінде өндіріліп, аталмыш рөл негізінде 4 толық метражды фильм үлкен экранға ұсынылды. Осы қуыршақтың хикаясы шамси жыл санағы бойынша 1372 жылы (1993) "Пошта жәшігі" атты теледидар бағдарламасының түсірілімімен басталды. Балалардың хаттары оқылып, олардың суреттері көрсетілетін апталық бағдарламада бақытты да көңілді қуыршақ жүргізушімен бірге осы бағдарламаны жүргізетін. Қуыршақ өте қарапайым, әрі сүйкімді болды. Қалпағы қызыл, көздерінің түсі екі түрлі қуыршақ балалық тентектігімен балалардың арасында аз уақыт ішінде танымал болды. Осы бағдарламаның табысы туындыны түсірушілердің аталмыш кейіпкердің бейнесі негізінде толық метражды фильм түсіруге себеп болды. Фильмде қызыл телпек теледидарда балаларға арналған бағдарлама жүргізуді армандап, көп талпыныстардан кейін аңсаған арманына жетеді. Аталмыш фильм қазіргі күнге дейін Иран кинематографиясында сатылымы ең жоғары туынды болып есептеледі. "Қызыл телпек пен бөле" фильмі 18 жыл бұрын тек Теһран қаласының кинотеатрларында 2 миллион адамды жинаған. Бұл көрсеткішке әлі күнге дейін өзге ешбір фильм қол жеткізе алмады. Содан кейінгі бірнеше жыл ішінде «Қызыл телпек» атымен үш толық метражды фильм мен үш теледидар тізбегі түсірілді. Олардың барлығы көрермендер ең көп көрген туындылардың қатарында болды. Миллиондаған халықтың сол фильмдерді жақсы қабылдауы бұл кейіпкердің әлі де ирандықтардың арасында сүйікті екенін көрсетеді. Әлбетте сол жылдары көрермендердің арасында өзінің орнын тауып үлгірген өзге кейіпкерлер де ойлап шығарылды. "Бөле", "ағаның баласы", "алыс туыс", "көрші ағай" сынды кейіпкерлердің барлығы "жүргізуші ағай" атты актермен қарым-қатынаста болады. Ол шын мәнінде үлкендердің бейнесі ретінде балаларды осы қуыршақтар және солардың дүниесімен таныстырады. Алайда осы жылдары аталмыш қуыршақтардың ирандық балалар мен көрермендердің естерінде қалуы мен танымалдығының дәлелі неде? Балалардың ішкі дүниесі мен қиялын пайдалану «Қызыл телпектің» табысының бірінші себебі. «Қызыл телпек» фильмдері мен бағдарламаларында қарастырылатын көптеген мәселелер шын мәнісінде балалардың қазіргі күні тап болатын мәселелері болып табылады. Солардың қатарына өзіне деген сенім, батылдық, қарапайым, шынайы достық, әдептілік немесе тіпті қателесу мен қателіктерінен сабақ алу мәселелері жатады. Қызыл телпек көп жағдайда барлығымыз сынды шешімнің екі жолына: жақсы мен жаман таңдауына келіп тіреліп, балалық қисынмен өзінің дәлелдерін баяндайды. Оның өзгелермен адалдығы және ақжүректігі балалардан бөлек үлкендердің де оның көрермені болғанының бір маңызды дәлелі. Балалық шақта оның бағдарламаларын қызыға тамашалаған адамдар қазіргі күні де біршама жылдың өткеніне қарамастан оның ынтық көрермені болып табылады. Балалар қызыл телпектің бейнесінен өздерінің сабырсыздықтарын, тентектіктерін, таусылмайтын, тіпті кейде оғаш талап-тілектерін көреді. Ал «жүргізуші» мырзаны әрдайым мейірімді, ақылды және ата-аналары секілді барлық үлкенді-кішілі қателіктері мен тентектіктерін кешіретін тұлға ретінде қабылдайды. Осылайша бір үйде қызыл телпек пен әпенді бір топ бірге тұрады. Бұл үйде махаббат пен достық сезімі мол. Тіпті қой мен есек те мұнда өз орындарына ие болып, өздерінің тәтті қылықтарымен үйде өмір сүре алады. Осы толық метражды фильмдер мен қуыршақ бағдарламаларының сәттілігінің келесі бір дәлелі ретінде ирандық қойылым дәстүрін, яғни қуыршақтың бірқатар ерекшелігі алынған қуыршақ ойынын айтып өтуге болады. Мысал ретінде қызыл телпектің сөйлеу мен баяндау мәнері, кейде сөздерді түсініксіз және қате айтуы Иранның қойылымдық дәстүрінде тұрақтанған. Мұндай әдіс дәстүрлі қойылымдық сықақта қолданылады. Әлбетте осы тізбектердің ең жарқын сюжеттерінің пайда болуы қызыл телпектің туысы – "бөле" атты келесі бір қуыршақтың пайда болуына борыштар. Ол қызыл телпек кейіпкеріне қарама-қарсы ұл бала болып табылады. Таныстары мен бейтаныстарға көмек көрсетудегі талпынысы кейде оны қиындықтарға душар етеді. Дәл осы мінез-құлық кейіпкердің негізгі ерекшелігі болып саналады. Оның әдеттен тыс жанпидалығы кейде көрерменді мұңды әсерге бөлейді. Әлбетте "бөле" өз кезегінде біреудің айтқанымен жүрмейді, бірақ әдетте бар ақкөңілдігімен өзгелердің қателіктерін өз мойнына алады. Бірақ осы қуыршақтарды құрастырушылар, табысты фильмдер мен аталмыш бағдарламаларды жаратушылар қандай адамдар? Ярадж Тахмасп пен Хамид Джабили – «Қызыл телпек» қуыршағы туындысының сценарийін жазушы, режиссері, рөлді сомдаушы және сахна артындағы даусын дыбыстаушы екі әріптес ирандық өнерпаз болып табылады. Жүргізуші рөлін ойнайтын Ярадж Тахмасп 1338 (1959) жылы Теһранда дүниеге келген. Ол жүргізуші, актер, режиссер және сценарист. Ярадж Тахмасп Теһран университетінде театр саласында жоғары білім алып, 5 толық метражды фильм түсірген. Ол «Қызыл телпек» тізбекті теледидар бағдарламасына режиссер, сценарист және актер ретінде қатысты. Осы фильмдер мен теледидардың тізбекті бағдарламасында оның күнделікті әріптесі Хамид Джабали болды. Ол театр, теледидар және кинематография саласындағы табысты актер. Бастапқыда екі қуыршақты, яғни «қызыл телпек» пен «бөлені» дыбыстаған. Ол 1337 (1958) жылы Теһранда дүниеге келіп, 14 жасынан бастап балалар және жасөспірімдердің зияткерлік даму орталығында өзінің өнер жолын бастады. Джабили ондаған фильмге актер ретінде қатысып, екі толық метражды фильмге режиссерлік етті, сондай-ақ қызыл телпек туындысы сценаристінің бірі болды. Бұдан басқа осы өнерпаз бірқатар теледидар тізбектері мен бағдарламаларында сценарист және актер қызметін атқарды. Сонымен қатар балаларға арналған бағдарламаларда бірнеше қуыршақтың дауысын дыбыстау міндеті мойнына жүктелді. Осы екі тұлғаның аты жылдар бойы Иран кинематографиясында сүйкімді қуыршақтардың ойынымен белгілі. Қазіргі таңда оларды Иран кинематографиясында ең ұнамды, әрі көрермендері көп фильмдердің режиссері және балалар үшін шырайлы мезеттер мен оқиғаларды тарту еткен тұлғалар ретінде таниды. 

 

Тегтер