Аптаның экономикалық журналы (55)
Шетелдік 152 компанияның өкілдері Иранның мұнай және газ өндірісіне ортақ инвестиция салу үшін мүмкіндіктерді дайындау мақсатын көздеген конференция аясында осы аптада Теһранда бас қосты. Аталмыш конференцияға ирандық 173 компаниямен бірге Shell (Ұлыбритания-Нидерланды), Total (Франция), Eni (Италия), Petronas (Малайзия), Лукойл (Ресей) және CNPC (Қытай) компаниялары да қатысты.
Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане мұнай өнеркәсібі келісімдерінің жаңа үлгілерін таныстыру мақсатында Теһранда өткен конференцияда Мұнай министрлігінің алдағы уақыттағы бағдарламаларының маңызды тарауларын түсіндіріп өтті.
Кен орындарын анықтауды кеңейту, Иранның мұнай және газ өндірісі мөлшерін арттыру, қоймалардан шығару коэффициентін толассыз түрде жоғарылату, ұлттық технологияларды арттыру және ирандық үкіметтік емес компаниялардың мұнай өнеркәсібіндегі құзыры үшін мүмкіндіктерін нығайту Иранның Мұнай министрі Теһран конференциясында таныстырып өткен басты бес қағида болып табылады.
Иранның мұнай өнеркәсібі бойынша серіктестік жасаудың жаңа үлгісі шетелдік компанияларға анықтау кезеңінде ғана емес, сондай-ақ, өндіріс кезеңінде де үлеске ие болуға мүмкіндік береді. «Buy-Back» деп аталатын бұрынғы жүйеде бір шетелдік компания мұнай немесе газ алаңын дамытып, өндіріс кезеңінде өз орнын ирандық компанияға беретін. Бірақ жаңа жүйе бойынша және «joint-venture» келісімі шеңберінде ортақ компанияның 51 пайыздық үлесі ирандық тарапқа тиесілі болады. Анықтау кезеңінде шетелдік компания инвестиция салады. Құрал-жабдықтар мен адам күштерінің кем дегенде 51 пайызы ирандық тарапқа тиесілі болуы керек. Өндіріс кезеңінде де шетелдік компания жергілікті компаниямен әріптестік жасайтын болады. Бірақ адам күштері мен құрал-жабдықтардың кем дегенде 90 пайызы ирандық тарап арқылы қамтамасыз етілуі керек. Шетелдік тарап сондай-ақ өзінің жергілікті серіктесіне технологияларды жөнелтуге міндетті болады. Келісімдерге сәйкес, әрбір жобаның инфрақұрылымдарының құрылысы және инженерлік жұмыстары ирандық компаниялар тарапынан жүзеге асырылады.
Иран газ алаңдарын анықтау және кеңейту үшін 52 жоба, сондай-ақ, өзінің энергетикалық алаңдарын кеңейту үшін 18 жоба ұсынды.
Иранның қазіргі кездегі мұнай өндірісі 2 миллион 800 мың баррельді құрайды. Бұл мөлшер 2016 жылдың соңына дейін күніне 1 миллион баррельге артады деп болжанып отыр. Иран қазіргі кезде күніне 1 миллион баррель шикі мұнай экспорттайды. Иран, сондай-ақ әлемде ең үлкен газ қорына ие екінші ел. Иран газ өнеркәсібін дамыту бойынша ауқымды жобаларға ие жалғыз ел. Бұл Еуропаның газ нарығында лайықты үлеске қол жеткізуге және Батысқа газ экспорттайтын басты ел ретінде Ресеймен әріптестік жасауға көмектесе алады.
Иран өткен 107 жыл ішінде мұнай өндіру арқылы әлемді энергетикамен қамтамасыз етуде әрдайым сындарлы рөл атқарып келді. Бүгін де Иран мұнай және газдың үлкен қорына ие болғандықтан, халықаралық копманиялармен өзара тиімділік қағидасына негізделген әріптестік жасауды қолдайды. Сол себепті шетелдік компаниялар мен инвесторлар тіпті мұнай-химия, мұнай тазарту зауыттары мен LNG сұйық газын өндіру сияқты мұнай өнеркәсібі салаларына да атсалыса алады.
Теһрандағы мұнай конференциясымен бір мезгілде Грекияның Сыртқы істер министрі Николас Коциас Иранның қайраткерлерімен сұхбаттасу үшін саяси және экономикалық жоғары дәрежелі делегацияны басқарып Теһранға келді.
ИИР Президенті Хасан Рухани Грекияның Сыртқы істер министрі Николас Коциаспен кездесуінде: «Иран мен Грекия өздерінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін пайдалану арқылы академиялық, зерттеу, дамыған технологиялар, туризм мен экономикалық салалардағы екіжақты қарым-қатынастарда лайықты қозғалыстар тудыра алады» деп қуаттады.
Грекияның Сыртқы істер министрі Николас Коциас осы кездесуде Иран мен Грекия үкіметтері мен халықтарының терең мәдени және достық ортақтастықтарын сипаттап: «Саяси, экономикалық, мәдени және қоғамдық салалардағы Иранмен ауқымды қарым-қатынастар Грекия үшін маңызды болып табылады. Екі ел өздерінің тамырын тереңге жайған мәдениеті мен көне өркениетіне байланысты ынтымақтастық үшін көптеген мүмкіндіктерге ие» деді.
Грекияның Сыртқы істер министрінің сапарымен тұспа-тұс Италияның Экономикалық даму министрінің орынбасары Карло Календа мен Италияның Конфиндустрия төрағасы Лича Маттиоли бастаған компаниялары мен экономикалық және қаржы ассоциацияларының жүздеген өкілінен тұратын делегация Теһранға келді.
Италияның 360 адамдық экономикалық делегациясы Теһранда технологиялармен алмасу, техникалық және ғылыми семинарлар өткізу, индустриялық маркетинг, былғары өндірісі және екі ел арасында туризмді дамыту жөнінде 4 келісімге қол қойды.
Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мұхаммадреза Нематзаде Теһранда Иран мен Италияның сауда конференциясынан кейін өткен баспасөз маслихатында: «Екі елдің экономикалық қайраткерлері екі елдің саудасы бір-бірінің нарығынан пайда көретіндей жағдай тудыруы керек» деді.
Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан да осы аптада жоғары дәрежелі саяси және экономикалық делегацияны бастап Теһранға келді. 8 ынтымақтастық құжатының бекітілуі осы сапардың жетістіктері болып табылады. Бұл құжаттарға сәйкес алдағы үш жылда екі елдің сауда айналымы 1 миллиард долларға жететін болады.
Осы сапар барысында сонымен қатар Венгрияның премьер-министрі мен Иранның Сауда палатасы төрағасының қатысуымен Иранның Сауда палатасы мен Венгрияның Ұлттық сауда үйінің арасында ынтымақтастықтарды кеңейту меморандумы, Иран мен Венгрияның Сауда палаталары арасындағы 2005 жылғы келісімді жаңарту меморандумы, дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар және туристік қызметтер саласында әріптестік жасау туралы меморандумдарға қол қойылды.
Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мұхаммадреза Нематзаде дүйсенбі күні Теһранда Венгрияның Сыртқы істер және сауда министрі Петер Сийяртомен кездесу аясында: «Екі елдің әріптестіктерді кеңейту мақсатындағы кеңесулері жалғасып жатыр. Будапештте екі елдің бірінші ортақ комиссиясы өткізілуі ықтимал» деді.
Иранның Ауылшаруашылық министрі ағымдағы жылдың алғашқы алты айында ауылшаруашылық бөлімінің өсімі 5,7 пайызды құрағанын хабарлады.
Махмұд Ходжати Иранның бірінші телеарнасының «Бір көзқарас» бағдарламасына берген сұхбатында: «Алтыншы даму бағдарламасында да ауылшаруашылық бөлімінің жыл сайын 5 пайызға өсуі болжанған. Бұл мақсатты жүзеге асыруға болады» деді. Ол Иранның ауылшаруашылық бөлімінің жағдайы ауылшаруашылық өнідірісінің мүмкіндігінің қазіргі деңгейден де жоғарырақ екенін көрсеткенін қуаттады.
Иранның Мұнай министрі Түркияның жақындағы Ресеймен текетіресіне байланысты Түркия тарапынан газ сұранысының арту ықтималдығы туралы: «Біз Түркиямен арада жасалған келісім шеңберінде ғана оларға газ бере аламыз. Жылдың суық мезгілінің келіп жеткеніне және ішкі сұраныстың артуына байланысты Түркия тарапынан газ сұранысының артуы жағдайында оны қамтамасыз ететін мүмкіндігіміз жоқ» деді.
Асшаянның тұқымдық сапасын жақсартуға байланысты ұлттық құжатты дайындау бағытында бастапқы іс-шаралар жүзеге асырыла бастады.
Иранның теңіз қоғамының ақпарат тарату арнасы МАНА-ның хабарлауы бойынша, Иранның Балық шаруашылығы зерттеу институтының төрағасы Пурказеми осы хабарды жариялағаннан кейін қазіргі кезде жеке сектордың өндірушілері мен балық шаруашылығының мамандары, Иранның Балық шаруашылығының зерттеу институтының мамандары, мал дәрігерлері мен университеттердің қатысуымен Бушерде арнайы семинарлардың өткізіліп жатқанын, сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңғы үш айында елдің асшаян өсіру өндірісінің деңгейін арттыру мақсатында осы ауқымды зерттеу жобасын бастайтындықтарын мәлімдеді. Осы қайраткердің айтуынша, тарату тәсілдері, қоректендіру техникалары, экспорт пен маркетинг Иранның асшаян өсіру өнеркәсібінің стратегиялық бағдарламаларын анықтау үшін жүзеге асырылатын зерттеу жобаларының қатарын құрайды.
Нигерияның Тау-кен және индустрияны дамыту министрі Омар Хамидоу Тчиана осы аптада Теһранға сапармен келді.
Мұхаммадреза Нематзаде Тчианамен кездесуінде: «Кен орындарын анықтау және оларды ортақ түрде пайдалану саласында Нигерияның жеке меншік компанияларымен толық әріптестік жасауға әзірміз. Жеке сектор тау-кен саласында Imidro және геологиялық институт сияқты үкіметтік секторға көмектесу арқылы әріптестіктерді ілгерілететін болады» деді.
Алтын мен мыс кендерін өндіру, технология, машиналар, өндіріс, инвестиция, Нигерияда көлік өндіру зауыттарын салу осы отырыста талқыланған мәселелердің қатарын құрады. Сондай-ақ, индустриялық салаларда технология жөнелту, сүт өндірісі, өндіріс желілері мен машиналарды жөнелту, құрылыс материалдары мен сол елге өндіріс пен құрылыс желілерін жөнелту, тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсаттағы пластикалық бұйымдарды өндіру, Иранның шикізатпен қамтамасыз етуі, Нигерияның геологиялық зертханаларын жабдықтау және үйрету Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрінің Нигериямен әріптестіктерді кеңейту үшін жасаған ұсыныстарының қатарын құрады.
Осы отырыста Нигерияның Тау-кен және индустрияны дамыту министрі Хамидоу Тчиана ауқымды ынтымақтастықтарды қуаттаумен қатар, Иранмен тау-кен және өнеркәсіп салаларындағы әріптестіктерді де кеңейтуді сұрады.
Иранның Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Хасан Амир Абдоллаһиян да Нигерияның Тау-кен және индустрияны дамыту министрімен кездесуінде: «ИИР-ның Африка елдерімен, әсіресе исламдық дос елдермен қарым-қатынастарын кеңейту үшін ешқандай шектеулер жоқ» деп қуаттады.