Бүгінгі әлем – үстемшілердің «жұмсақ соғысының» алаңы 7: Ұлтаралық қайшылықтарды күшейту – «жұмсақ төңкерістің» құралы
Екі полюстік жүйенің ыдырауы мен қырғи-қабақ соғыстың аяқталуы, қауіпсіздік туралы кең ауқымды пікірлермен бірге мемлекеттердің қауіпсіздік саласына басқа мәселелердің енгізілуі өзгерістердің басталуы саналады.
Ұлтаралық мәселе жергілікті, аймақтық және халықаралық салалардағы құдірет айналымы мәтініне енгізілген мәселе болды. Ұлтаралық қайшылықтар әрқашан үкіметтердің саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Тарих бойында бір халықтың арқасында басқа бір халықтың жерін жеңіп алу үкіметтердің құрылуының себептерінің бірі болды. Балкан елдері мен Сербияда орын алған мәселеден кейін халықтардың маңыздылығы бәрінен бұрын халықаралық қауымдастықтың назарына түсті. Өйткені бүгінде тіпті әлемдік құдіреттер де ұлттық дағдарыстарға араласады. Дәл осы мәселе әртүрлі елдердегі билеп-төстеушілердің араласуына жағдай жасады. Өйткені бүгін халықтар бөгде күштер арқылы арандатылады. Сол себепті басқа замандарға қарағанда қазір ұлтаралық мәселенің маңыздылығы арта түсті. Мамандардың пікірінше елдің ішінде бірлік пен ұлтаралық ынтымақтастық болса, сол елде үкіметті қалыптастыру үдерісі сәтті өтеді. Ортақ тарих пен мәдениеттің маңыздылығы, белгілі жерлерге қатысты болуы және ынтымақтастық, яғни бір қоғамға қатысты болуын сезіну әртүрлі ұлттардан құрылған мемлекеттің бірлігіне көмектесіп, ұлтаралық теріс ұстанымдарды маңызды емес етіп, ұлтаралық қайшылықтардың алдын алады, сондай-ақ, керісінше жағдайда, яғни бұл үдеріс дағдарысқа тірелген қоғамдарда тұрақсыздықтың қатері артып, бөгделердің араласуы көбейеді. Мұндай үдерістің ең маңызды қатері жіктелу, яғни бір ұлттық топтың бір елдің саяси жүйесінен бөлінуді талап етуі. Осыған орай қатыгездік пен «жұмсақ төңкерісті» қолданбай-ақ, әр мемлекет пен әр ұлттың ерекшеліктеріне көңіл бөліп, ұлтаралық және дінаралық қайшылықтарды күшейтуді ең маңызды құралдар ретінде пайдалануға болады. Осы кезде Таяу Шығыс осыдан бірнеше жыл бұрын Балкан елдері бастан өткерген дағдарыспен бетпе-бет келіп отыр. Таяу Шығыс аймағындағы ұлтаралық дағдарыс ұлттандыру үдерісінің қате болуынан туындады. Әлемдегі АҚШ-тың сыртқы саясаты екі стратегияны, яғни біржақты етуді немесе құлатуды көздейді. Біржақты ету, яғни нысанаға алған елді АҚШ және халықаралық жүйенің саясаттары арқылы бағындыру болып табылады. Егер аталмыш мемлекет бұл үдеріспен қарсыласатын болса, екінші, яғни «құлату» стратегиясы іске асырылады. Таяу Шығыс аймағына қатысты АҚШ біржақты ету стратегиясын қолдануда. Бірақ егер қарсыласумен кезіксе құлату стратегиясын қолданып отыр. Бұл кезеңде ұлттарды ең маңызды құрал ретінде пайдалануға болады. Негізінде аймақтың алпауыт үкіметтерін құрту немесе ыдырату және оларды кішігірім тәуелді мемлекеттерге айналдыру АҚШ-тың ең маңызды тәсілдері мен жобаларының қатарына жатады. Осы кезде ұлттық айырмашылықтарды пайдаланып, аймақ елдерін кішкентай мемлекеттер мен кішкентай аймақтарға ыдыратуды мақсат ететін «Үлкен Таяу Шығыс» жобасы іске асырылуда. «Үлкен Таяу Шығыс» жобасының жариялануынан бері бірнеше жыл өтіп, кейбір сарапшылар оны сәтсіздікке ұшырады деп бағалағандарымен, аймақтағы өзгерістер қайтадан ұлтаралық қайшылықтарды күшейтіп, АҚШ пен сионистік режимді және олардың аймақтағы одақтастарын туындаған мұрсатты аталмыш жобаны жандандыру үшін шешім қабылдатты. Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайда АҚШ пен одақтастары, әсіресе сионистік режим аймақты бөлуге ынталы. Олардың Судан мен Ливияда орын алған оқиғаларға білдірген реакциялары және Иракта федералдық жүйе құру жобалары, сонымен қатар тағдырды анықтау құқығы негіздеріне сай мақсатты түсініктерді таратуы осы ақиқатты растайды. Әрқашан үстемшілдердің назарында болған аймақтағы келесі мемлекет – Иран Ислам Республикасы. Иран өзінің геополитикалық және геостратегиялық жағдайына қарай бір жақтан аймақтың қарсыласу майданының жетекшісі болып, екінші жақтан Батыс саясаттарымен бір болмай, АҚШ пен сионистік режимге дұшпандық танытып, әр уақытта қарсыласу майданына қарсы «қатаң» және «жұмсақ төңкерістер» жобаларының ортасында болды. Осы салада аймақ пен ел деңгейіндегі ұлтаралық мәселе АҚШ-тың өз мақсатына жетуі үшін пайдаланатын құралдарының бірі еді. Иран аймақтағы араб емес және мазхабы көршілес елдерден өзгеше ел саналады. Өйткені, бұл елдің шекараластарының көбі арабтар және олардың мазхабы шиіт мазхабы емес. Бұл мәселе Иранды аймақ мемлекеттері үшін қатер деп көрсетуге себеп болуда. Ішкі деңгейде АҚШ Иранның аз санды ұлттары немесе аз санды діни топтарының кейбір тұлғаларын тікелей қолдап, психикалық соғыс ашып, Иранның ұлттық қауіпсіздігіне қоқан-лоққы тудыруда. Арандату немесе ішкі қайшылықтарды күшейту әрқашан үкіметтердің ИИР-да тұрақсыздық туғызудағы ең маңызды құралдардың бірі саналды. АҚШ-тың Иранда «жұмсақ төңкеріс» орнату жобасы – Ирандағы ішкі қайшылықтарды елде бейберекеттіктер тудырып, исламдық республика жүйесін құлату үшін пайдаланатын мұрсаттардың бірі ретінде қарастырған 11 баптық жобаның бір бөлігі. Бұдан бұрын АҚШ Президентінің Иран, Ирак және Ауғанстан істері жөніндегі кеңесшісі және осы кезде АҚШ-тың Ирактағы елшісі Зельма Халильзод ВВС-ге берген сұхбатында: «Иран ішкі қайшылықтар қатерімен бетпе-бет келуде, сондықтан барлық әрекеттерімізді Иранды тұрақсыздандыруға пайдалануымыз қажет»,- деді. «Жұмсақ төңкерісті» қолдаушылар Иранда дағдарыс тудыру үшін ұлтаралық және мазхабаралық қайшылықтарды пайдалану жүйенінің мүмкіндіктері мен қуатының маңызды бөлімін ішкі қайшылықтарды шешумен айналасуға мәжбүрлеп, ұзақ мерзімде қатыгездіктер тудырып, кейбір аз санды топтардың наразылықтарына -ның билік деңгейіндегі сыртқы және қауіпсіздік саясаттарындағы біртұтастыққа кедергі жасайды деп санайды. АҚШ-тың кейбір Джеймс Бейкер және Ли Гамингтон сынды саясаткерлері біраз жылдар бұрын АҚШ үкіметіне осындай ұстанымдарын мәлімдеді. Олар 2006-шы жылдың 6-шы желтоқсанында Ирактағы АҚШ-тың саясатына қатысты Конгреске тапсырған мәлімдемелерінің бөлімінде: «Егер ИИР Ирактың әскери жасақтарына қолдау жасауын тоқтатпаса, АҚШ Иранның ұлтаралық жағдай туралы мәліметтеріне сүйеніп, бұл елдегі ішкі бейберекеттеіктерін күшейте алады»,- деп жариялады. АҚШ-тың осы саладағы барлық әрекеттеріне қарамастан бұл қару еш уақытта сындарлы болған жоқ, өйткені ирандықтар тарихи және мәдени ортақ мәселелері мен Иранның суы мен жеріне жақын болып, Ислам республикасы үкіметінің үстемдікке қарсы бағдарламаларын қолдап, дұшпандардың жобаларының нәтижеге жетуіне рұқсат етпеді. Осыған орай АҚШ пен басқа билеп-төстеуші алпауыттар бұл мемлекетте «жұмсақ соғыстың» басқа бағдарламаларын іске асыруға талпынды.